|
|
Бүгін
05.01 (11:56) Жаңа жыл
10.02 (15:51) Авторлық құқық қалай қорғалады? 10.02 (15:50) Айналымға 5 мың теңгенің жаңа номиналы енді 10.02 (15:45) Тегін Медеу 10.02 (12:35) Авторлық құқық 10.02 (08:45) 10 ақпан |
|
Белгісіз мүрде кімдікі?Өткен аптаның демалыс күндері Зеленов ауданының Дариян ауылына жақын жерде көп уақыт жатып қалған белгісіз мүрде табылды. Кейін өліктің осыдан жыл жарым уақыт бұрын Дариян ауылында із-түзсіз жоғалған 18 жасар Венера Жолдыбаева есімді бойжеткеннің денесі екендігі анықталды. Алайда тәртіп сақшылары Венераның ата-анасына табылған мүрдені көрсетпей, бақилық болған бойжеткеннің тек киімдерін көрсетіпті. Жергілікті ІІБ-нің жұмысына көңілі толмаған Венераның анасы қазір қызының денесі қай жерде және қандай жағдайда табылғанын білмей дал болып отыр. Дариян ауылындағы мектепте білім алған Венера 9-классты тәмамдап 2008 жылы Преметное ауылындағы кәсіптік мектепке аспазшы мамандығы бойынша оқуға түседі. Ол жерде бір жыл оқыған бойжеткен 2009-жылы 17-қараша күні із-түзсіз жоғалып кетеді. Болған жайдың анық-қанығы әлі күнге дейін белгісіз болып отыр. Бір жарым жылдан кейін қала тұрғындары Дариян ауылы маңынан белгісіз біреудің мүрдесін табады. Ресми емес ақпарат көздерінен анықталғандай бойжеткеннің мүрдесі орман арасында көп жатып қалған. Нәтижесінде оның кімнің денесі екендігін анықтау қиынға соғуда. Алайда мүрде жатқан жерде бақилық болған бойжеткеннің киімі қалған. Венераның анасы Сұлу Жолдыбаева киімдердің қызынікі екенін растайды. Алайда ол дененің жылдан астам уақыт бойы бір жерде шашырамай, бүтін жатқандығына таң қалады. Сұлу Жолдыбаева Венера Жолдыбаеваның анасы: - Әдеттегідей оқуға шығып кетіп еді, оралмады. Біраз уақыт өткесін біз қызымызды іздестіруге шықтық. алайда нәтиже болмады. Міне арада жыл жарым уақыт өткесін бізге қызымыздың сүйегінің фотосын әкеліп көрсетті. Адам тани алмайды – қалғаны құр сүйек қана. Көрсеткен киімдері қызымның сол кездегі киімдеріне ұқсайды. Бізге қыздың денесін тапқан жердін де көрсетпеді ең болмаса. Оған мен түсінбеймін. Сонша уақыт ішінде қыздың денесін аң-құс тимей қалай аман жатқан? Мен қызымның әлі де тірі екеніне сенімдімін. Біз бұл мәселе бойынша ауылдың ІІБ барып болған оқиғаның барысымен таныспақ болғанбыз. Алайда ол жердегілер істің қалай жүріп жатқандығы туралы айтып беруден түбегейлі бас тартты. Венераның достары бойжеткеннің ақ жарқын, адаммен тіл табысқыш қыз болғандығын айтады. Лидия Простова Венера Жолдыбаеваның құрбысы: - Ол сондай көңілді қыз болатын. Ішімдік, темекі дегеннен бойын аулақ ұстайтын. ауылда бұл жағдайға байланысты түрлі пікірлер айтылуда. Мәселен осыдан бірер жыл бұрын тап осындай жағдай болды. Ауылдағы бір бойжеткен із-түзсіз жоғалып кетті. Менің білуімше, әлі күнге табылмаған секілді. Бұл жерде бір гәп бар деп есептеймін. Қазір табылған мүрденің кімдікі екендігі анықталуда. Ойлап қарасаңыз, бір қылмыстың беті ашылып келе жатқандығы байқалады, алайда тәртіп сақшыларының тартыншақтап мәселенің мән-жәйімен БАҚ өкілдерін таныстырудан бас тартуына не себеп деген ой көкейде кетті. Последние новости рубрики
09.02 (11:35) "Мирич груп" компаниясының басшыларына іздеу жарияланды
20.01 (12:43) Қандықол жүргізуші бостандыққа шығарылды 21.12 (10:36) Қазақстан үкіметі Жаңаөзен проблемасына мойын бұрды 21.12 (10:30) Жаңаөзендегі тәртіпсіздікке саяси баға 21.12 (10:29) Жаңаөзендегі жаппай тәртіпсіздік кезінде қирап, өртке оранған нысандарды қалпына келтіруге 1,9 млрд теңге қажет 07.12 (15:02) Алматыда тағы бір жол полициясы қызметкері қаза тапты 06.12 (14:13) Лаңкестердің қылмысы |
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||