|
|
Бүгін
05.01 (11:56) Жаңа жыл
10.02 (15:51) Авторлық құқық қалай қорғалады? 10.02 (15:50) Айналымға 5 мың теңгенің жаңа номиналы енді 10.02 (15:45) Тегін Медеу 10.02 (12:35) Авторлық құқық 10.02 (08:45) 10 ақпан |
|
Қамбалар қаңырап тұрБиыл облысымыздағы қамбаларға түсер бидай көлемі жылдағыдан аз болып отыр. Егін жинау науқаны басталғалы бері Желаев астық өнімдері комбинатына бар жоғы 3 600 тонна бидай жеткізілген. Комбинат қызметкерлері бұрын мұндай мөлшерді бір күн ішінде қабылдағандықтарын айтып отыр. Сонымен қатар, биылғы бидайдың сапасы да төмен. Биылғы қуаңшылық облыс диқандары үшін ауыр тигені байқалып тұр. Егін жинау науқаны басталғалы бері 20 күн ішінде комбинат не бары 3 600 тонна бидай қабылдаған. Ал, егін бітік шыққан кездері элеватор күніне 3000-5000 тоннаға дейін астық қабылдапты. Осыған орай Солтүстік өңірлерден біздің облысқа 150 мың тонна бидай жіберіледі деп күтілуде. Андрей Борса "Желаев астық өнімдері комбинаты" АҚ директоры: - Үкіметтің қаулысына сай Солтүстік өңірлерден біздің облысқа бидай жіберу бағдарламасы бойынша біз 40 мың тоннаға тапсырыс бердік. Ол үшін бос орындарымыз бар. Қиын жағдайды есепке ала отырып, Үкіметтің 1 тоннаға 20 мың 600 теңге шамасындағы ұсынған бағасы, облысымыздағы баға тұрақытылығын қамтамасыз етуге жағдай жасайды деп ойлаймын. Қазіргі кезде комбинат 1 тонна бидайды қосымша құн салығын қоса есептеген кезде 23 мың теңгеге сатып алуда. Мамандар мұндағы жоғары сортты 1 келі ұнның бағасы 46 теңге, ал бірінші сортты ұнның келісі 43 теңге тұратындығын айтып отыр. Ал, элеваторға бидайды қабылдамас бұрын оның сапасы лабораторияда тексеріледі. Алмагүл Хамитова Өндірістік-технологиялық лаборатория бастығы: - Биылғы бидай сапасы өте жақсы деп айтуға болмайды. 3 сыныпқа жатады. Бидай сапасы төмен. Жығылғанға жұдырық демекші, биыл шаруа қожалықтары егістікке пайдаланар техникаларынан да айрылып қалуы мүмкін. Егістік шықпағасын, пайданың да болмайтыны анық. Лизингке алынған техникалардың қарызы уақытылы төленбесе, оларды кері қайтаруы талап етіледі. Сондықтан шаруалар Үкімет басшысынан борышты қайтару мерзімін ұзартуды сұрап отыр. Последние новости рубрики
13.12 (11:34) Қазақстан пен Литва арасындағы ынтымақтастық
12.12 (12:22) Алматы метросы - жылдың ең үздік жобасы. 08.12 (10:37) Елордада елміздегі ең үздік тауар көрме-байқауы басталды 29.11 (10:36) Қазақта жер көп бірақ халыққа беретін телім жоқ 21.11 (12:11) Самұрық Қазына қоры 2012 жылғы сатып алу науқанын бастады 11.10 (09:26) Биыл ел диқандары 25 млн тоннаға астық жинауды болжап отыр 05.10 (14:07) "Казэнерджи" Еуразиялық форумы |
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||