Технологиялар Қатысушылар Жоба туралы
Пайдаланушының аты    Пароль     
На главную
Қош келдіңіздер! «Жаңалықтар фабрикасы» - бұл Қазақстан БАҚ құралдарының өзара ақпарат алмасу жүйесі. Біз жаңалықтар жасаймыз әрі бір-бірімізден үйренеміз. Көрермен мен оқырманды қызықтырып, қайран қалдырып, көңілін көтереміз.
Бүгін
Ізденіс

Ізденіс (Google)
Салалар
   »  Ақпарат ағыны
   »  Қоғам
   »  Экономика
   »  Саясат
   »  Оқиға
   »  Мәдениет
   »  Спорт
   »  Эксклюзив
   »  Табиғат
Арнайы жобалар
   »  Атаулы күндер
   »  Сұхбат
   »  Подкаст




Rambler's Top100


Қатысушылардың сайттары





Қаралымдар: 280    Танымдылық: Орташа рейтинг : 2.00 Қайдан 1 Дауыстар   
27 Шілде, 2010 12:10 ["ТДК-42" телеарнасы, Орал]

Атырауда бокс додасы болып өтті


Қазақстан Бокс федерациясының кубогі үшін өткен жарыста Батыс қазақстан мен Атырау құрама командалары командалары бақ сынады. Жарысқа жалпы саны екі командада 10-10 спортшыдан 20 боксшы қатысты.

Атырауда бокс додасы болып өтті. Қазақстан Бокс федерациясының кубогі үшін өткен жарыста Батыс қазақстан мен Атырау құрама командалары командалары бақ сынады. Жарысқа жалпы саны екі командада 10-10 спортшыдан 20 боксшы қатысты.

Қазақстан Бокс Фдерациясының кубогіне батыс өңірінің 1993 жыл мен 1984 жылдары аралығында дүниеге келген ең үздік деген спортшылары қатысты. Бірінші болып шаршы алаңға 49 келі салмақ бойынша Оралдық Нұрболат Бектаев пен Атыраулық Исатай Қисметов шықты. Қарсыласынан бірінші раундтан ақ басым түсе білген жерлесіміз 13-те 5 ұпай есебімен жеңіске жетті.

Бұдан кейін алма кезек қолғап түйістірген боксшылар бірінен бірі басым түсіп, кезек -кезек жеңіске жетіп отырды. Оралдық боксшылар арасында 1989 жылғы, 56 келі салмақ дәрежесі бойынша бокстасқан Ержан Кәрімов шаршы алаңда үздік техника көрсетіп Атыраулық қарсыласы Жасұлан Ордабаевты 11-де 3 есебімен ұтты.

((В КАДРЕ: Ержан Кәримов: Қазақстан Бокс федерациясы кубогінің жеңімпазы: Бой жақсы өтті... ))
Сөйтіп жарыстың соңғы кездесуіне дейін Оралдықтар мен Атыраулықтар біріне бірі дес бермей келді. Жарыстың ақырғы кездесуінде қолғап түйістірген 91 келі салмақ дәрежесінде Оралдық Виталий Полищук пен Атыраулық Рахман Әлжанов кездесті. Бірінші раундттан ақ қарсыласынан басым түскен Оралдық спортшы Атырау боксшысын үш мәрте есеңгіретті. Алайда төрешілер шаршы алаңда орын алған бұл сәтті елемей қалды.
((ИНТЕРШУМ ХР 00:00:12 Витя давай!!!))
((В КАДРЕ: Ерлан Ғазизов: халықаралық дәрежедегі АИБА төрешісі: дубляж: АИБА ережесі бойынша әр бір нагдаундқа боксшыларға 1 ұпайдан беріледі. ))
Алайда жарыстың бас төрешісі Оралдық боксшының екі бірдей нагдаундын есептемей қойды. Нәтижесінде соңғы кездесу 2-3 есебімен аяқталып Атыраулық боксшы жеңіске жетті. Алайда біздің боксшының не себептен өзіне тиісті ұпайы берілмегені көкейде кетті. Шамасы Атыраулықтарға өз үйінің қабырғалары көмек қылса керек.

((В КАДРЕ: Ерлан Ғазизов: дубляж: Менің ойымша жарыс әділ өтті. Жәнеде бұл жерде АИБА-ның барлық ережелері сақталды. Жеңіске ұздік деген команда қол жеткізе білді. Бұл доданың жеңімпаздары Атырау командасы.))
Жалпы саны 20 спортшы қатысқан дода биыл тұңғыш рет ұйымдастрылып отыр. Енді Атыраулықтар шілденің 7-ші жұлдызы Ақтау қаласының құрама командасымен қолғап түйістірмек.


Мақалаға баға берсеңіз :

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10
Жарамайды Өте жақсы

Последние новости рубрики


©2005-2010 Internews  |  info:editors@newsfactory.kz  |  О проекте
Қорытылды (сек): 0.3975 & 14 Сұрау