Технологиялар Қатысушылар Жоба туралы
Пайдаланушының аты    Пароль     
На главную
Қош келдіңіздер! «Жаңалықтар фабрикасы» - бұл Қазақстан БАҚ құралдарының өзара ақпарат алмасу жүйесі. Біз жаңалықтар жасаймыз әрі бір-бірімізден үйренеміз. Көрермен мен оқырманды қызықтырып, қайран қалдырып, көңілін көтереміз.
Бүгін
Ізденіс

Ізденіс (Google)
Салалар
   »  Ақпарат ағыны
   »  Қоғам
   »  Экономика
   »  Саясат
   »  Оқиға
   »  Мәдениет
   »  Спорт
   »  Эксклюзив
   »  Табиғат
Арнайы жобалар
   »  Атаулы күндер
   »  Сұхбат
   »  Подкаст




Rambler's Top100


Қатысушылардың сайттары





Қаралымдар: 712    Танымдылық: Орташа рейтинг : 4.12 Қайдан 16 Дауыстар   
28 Шілде, 2010 16:01 ["ТДК-42" телеарнасы, Орал]

Бағалы қағаздар нарығы


Нарықтық экономика заманында бағалы қағаздар нарығын білейтіндер кемде-кем. Алайда, пайда табудың бұл түрі біздің елімізде әлі де жетіле қоймаған. Осыған орай халықтың қаржылық сауаттылығын арттыру бойынша елімізде арнайы бағдарлама да жұмыс істеуде.

Нарықтық экономика заманында бағалы қағаздар нарығын білейтіндер кемде-кем. Алайда, пайда табудың бұл түрі біздің елімізде әлі де жетіле қоймаған. Осыған орай халықтың қаржылық сауаттылығын арттыру бойынша елімізде арнайы бағдарлама да жұмыс істеуде. Ендеше қолда бар қаржыны қалай ұтымды пайдалануға болатыны туралы тілшіміз әзірлеген бейнематериалға назар аударалық.

Теледидардан күнделікті шетелдік биржаларда қаптаған адамдардың жұмыс істеп жатқандығын байқаймыз. Бұл - Америка секілді экономикасы қарыштап дамыған елдердегі бағалы қағаздар нарығы. Мұндағы өмір бұл азаматтардың нан табу кәсібіне айналған. Ал нарықтық экономикаға кеше ғана көшкен біздің елде бұл сала жаңадан бастау алып жатыр. Дегенмен, қазірдің өзінде акция мен облигацияларға және пайлық инвестициялық қорларға қаржы құятын қазақстандықтар баршылық.
((дуб, сх: Жұмақыз Ғабдолиева
титр: "АӨҚО" АҚ ақпараттық-білім беру орталығының жетекшісі
Қазақстандық қордағы акциялардың бағасы 6 теңгеден 200 мың теңгеге дейін жетеді. Мұндағы бағалы қағаздарға инвестициялау қаржысы әр адамның өз жағдайына байланысты. Айта кету керек, қор нарығындағы тәуекел жоғары. Егер де, екінші деңгейлі банктер клиенттерінің салымы үшін арнайы Қазақстандық кепілдендіру қоры жұмыс істесе, ал қор нарығында кепілдік жоқ. Сатып алған құнды қағазыңыздың бағасы төмендеп, ақшаңыздан айырылып қалуыңыз да әбден мүмкін.))
Қазіргі таңда оралдық азаматтар арасында да қор нарығында ойнайтындар бар. Сонымен қатар, биылғы жылдан бастап мемлекеттік қызметкерлердің бағалы қағаздарды сатып алуына мүмкіндік беретін заңға өзгерістер де енгізілген. Дегенмен, қарапайым халыққа бұл қол жетімсіз көрінеді. Мәселен, бірінің қаржысы болмаса, енді бірінің қаржылық сауаттылығы төмен.
((сх: Бибігүл Батаева
титр: қала тұрғыны
Білем, теледидардан естідім. Шетелде осымен байланысты гой. Акция алумен кездесіп көрмегенмін.))
Мамандар қор нарығындағы келеңсіз жағдайларды да айтып отыр. Мысалға, Қазақтелеком компаниясы акцияларының бағасы құлдырап кеткен. Ал, өндіруші сектордағы жағдай басқаша бағыт алып отыр.
((дуб, сх: Жұмақыз Ғабдолиева
титр: "АӨҚО" АҚ ақпараттық-білім беру орталығының жетекшісі
Ақпан айының соңында бір азамат өндіруші сектордағы компанияның акцияларын 520 теңгеден сатып алған болатын. Наурыз айының басына қарай бір аптадан кейін әлгі бағалы қағаздар құны 1600 теңгеге дейін көтерілді. Кейін бір айдай уақыт өтпей 3500 теңгеге жетті. Мұндағы 600 пайыздай өсімді ешқандай салым бере алмайды.))
Қазір Қазақстандық қор нарығы даму үстінде. Болашақта мұнда ойнар қазақстандықтар санының көбейетіндігіне сенімдіміз дейді мамандар.


Мақалаға баға берсеңіз :

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10
Жарамайды Өте жақсы

Последние новости рубрики


©2005-2010 Internews  |  info:editors@newsfactory.kz  |  О проекте
Қорытылды (сек): 0.3992 & 14 Сұрау