Технологиялар Қатысушылар Жоба туралы
Пайдаланушының аты    Пароль     
На главную
Қош келдіңіздер! «Жаңалықтар фабрикасы» - бұл Қазақстан БАҚ құралдарының өзара ақпарат алмасу жүйесі. Біз жаңалықтар жасаймыз әрі бір-бірімізден үйренеміз. Көрермен мен оқырманды қызықтырып, қайран қалдырып, көңілін көтереміз.
Бүгін
Ізденіс

Ізденіс (Google)
Салалар
   »  Ақпарат ағыны
   »  Қоғам
   »  Экономика
   »  Саясат
   »  Оқиға
   »  Мәдениет
   »  Спорт
   »  Эксклюзив
   »  Табиғат
Арнайы жобалар
   »  Атаулы күндер
   »  Сұхбат
   »  Подкаст




Rambler's Top100


Қатысушылардың сайттары





Қаралымдар: 325    Танымдылық: Орташа рейтинг : 3.00 Қайдан 1 Дауыстар   
30 Шілде, 2010 09:53 ["ТДК-42" телеарнасы, Орал]

Шайынды судың әлегі


Төтенше жағдай! Бүгін таңертең Орал қаласындағы Жәңгір-хан даңғылында жер асты коллекторы жарылып, тас жол бойындағы тұрғын үйлерді лас шайынды су басты. Тас жол астынан шыққан канализация қалдығы бір сәтте көше бойымен ағып, көлік қозғалысына да едәуір кедергі келтірді.

Төтенше жағдай! Бүгін таңертең Жәңгір-хан даңғылында жер асты коллекторы жарылып, тас жол бойындағы тұрғын үйлерді лас шайынды су басты. Тас жол астынан шыққан канализация қалдығы бір сәтте көше бойымен ағып, көлік қозғалысына да едәуір кедергі келтірді.
Оқиға куәгерлері тас жол астынан шыққан канализация суының кәдімгі субұрқақ секілді 10 метр биіктікке дейін атқылағанын айтады. Қас қағым сәтте жол бойы аққан ылай су жақын жердегі демалыс орындары мен үйлердің ауласына толған. Тұрғындар өз қолдарымен канализация суын сыртқа төгіп амал жасады. Өкінішке орай, оқиға орынына құтқарушылар асықпай келді.
Серік Давлетов
Орал қаласының тұрғыны:
- Сусорғыштар жүрді де қойды, ешкім толған суды сорумен айналыспады. Нәтижесінде міне суға кеттік. Бұл жағдай бірінші рет болып отырған жоқ. Құтқарушылар неге келмейді уақытында?
Арада 1 сағат уақыт өткесін оқиға орынына "Оралсуарнасы" мекемесінің өкілдері келді. Алайда аталмыш ауданға жауапты мамандар біздің сауалдарымызға жауап беруден жалтарып қалды. Төтеншеліктердің сөзінше, бұл жағдай тап осы ауданда бірінші жыл орын алып отырған жоқ. Бұдан 5 жыл бұрын авария болған жерден шамамен 100 метр жерде жер асты канализация құбыры жарылып 1 көлік шұңқырға түсіп кеткен болатын.
Александр Байболатов
Орал қалалық ТЖБ бастығы:
- Біздер міне авария орын алған жерді қазір қоршап қойдық. Тас жолда көлік қозғалысын тоқтатып жатырмыз. Кейін су жайылған жердің барлығын химиялық қоспалармен залалсыздандырылады. Бұдан соң құбырдың неден жарылғанын анықтап, жөндеу жұмыстарын жүргізбекпіз.
Ал түс ауа Жәңгір хан даңғылындағы орын алған төтенше жағдай ізімен жауапты мекемелер өз ісіне кірісті. Қазір канализация құбырлары жарылған жердегі лай суды тазалау жұмыстары аяқтала келді, енді су жайлаған орынды лас қалдықтардан тазарту жұмыстарына қалалық санитарлық эпидемиологиялық стансасы кіріспек.
Азаннан лай суға бөккен орында қазір қалдық суды сору жұмыстары аяқтала келді. Енді бұл жерде химиялық тазарту жұмыстары жүргізілмек. Канализация жарылған жерді арнайы техника қазып жатыр. Қазір осы жергге оннан астам техника әкелінген. Жер астында 7-8 метр тереңдікте жатқан шойын құбырларды жаңасына алмастыру жедел түрде жүргізілмек.
Қайырғали Имашев
«Оралсуарнасы» МКК бастығының міндетін атқарушы:
- Бұл құбырлардың жер астына орнатылғанына 60 жылдай уақыт өткен. Бұрын бұл жерде тас жол болмаған, соған байланысты шіріген құбырлар көлік салмағына есептелмеген. Канализация құбырының шыдамай тесіліп кетуі сондықтан. Қазір біз оқиға орынын тазарту жұмыстарын жүргізіп жатырмыз, сонымен қатар авария орын алған жерді жақын арада жөндеп бітіреміз деп сеніммен айта аламын. Қала мен осы аудан ауыз судан айырылмайтын болады.
Апат орнына қала басшылығы да келіп, жағдаймен танысты. Коллектор мәселесі Орал қаласының басты проблемасына айналды дейді атқамінерлер.
Владимир Дремасов
Орал қаласы әкімінің орынбасары:
- Қазір қала бойынша коллекторларды жөндеу жұмыстары қарқынмен жүріп жатыр. Бүгінде қала бойынша авариялық жағдайда тұрған кәріздер көп. Соның бірі осы Жәңгір хан даңғылындағы құбыр болатын. Ал қаланың толықтай авариялық жағдайдағы коллекторын жөндеу үшін бізге кем дегенде 18 млрд. қаржы қажет.
Қатерлі қалдықтар жайлаған тұрғын үйлердің жертөлелерімен аулаларын қалалық санитарлық эпидемиологиялық орталығы арнайы химиялық қоспамен тазартады деп күтілуде.


Мақалаға баға берсеңіз :

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10
Жарамайды Өте жақсы

Последние новости рубрики


©2005-2010 Internews  |  info:editors@newsfactory.kz  |  О проекте
Қорытылды (сек): 0.3956 & 14 Сұрау