Технологиялар Қатысушылар Жоба туралы
Пайдаланушының аты    Пароль     
На главную
Қош келдіңіздер! «Жаңалықтар фабрикасы» - бұл Қазақстан БАҚ құралдарының өзара ақпарат алмасу жүйесі. Біз жаңалықтар жасаймыз әрі бір-бірімізден үйренеміз. Көрермен мен оқырманды қызықтырып, қайран қалдырып, көңілін көтереміз.
Бүгін
Ізденіс

Ізденіс (Google)
Салалар
   »  Ақпарат ағыны
   »  Қоғам
   »  Экономика
   »  Саясат
   »  Оқиға
   »  Мәдениет
   »  Спорт
   »  Эксклюзив
   »  Табиғат
Арнайы жобалар
   »  Атаулы күндер
   »  Сұхбат
   »  Подкаст




Rambler's Top100


Қатысушылардың сайттары





Қаралымдар: 299    Танымдылық: Орташа рейтинг : 1.00 Қайдан 1 Дауыстар   
30 Шілде, 2010 10:18 ["ТДК-42" телеарнасы, Орал]

Шайынды судың әлегі


Жәңгір хан даңғылының бойында жарылған жерасты коллекторын қайта қалпына келтіру жұмыстары қазір дамылсыз жүруде. Қазір шайынды су басқан жерлердегі қалдықтар қалалық жол пайдалану мекемесінің күшімен шаһар сыртына шығарылуда.

Жәңгір хан даңғылының бойында жарылған жерасты коллекторын қайта қалпына келтіру жұмыстары қазір дамылсыз жүруде. Қазір шайынды су басқан жерлердегі қалдықтар қалалық жол пайдалану мекемесінің күшімен шаһар сыртына шығарылуда. Ал санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасының мамандары бұл ауданның ауыз суы жіті тексерілгендігін, әрі тұрғындарға ешқандай қауіп төніп тұрмағандығын айтады.

Айгүл апай мен Сағира әжейді Жәңгір хан даңғылының байырғы тұрғындары деуге болады. Коллектор істен шыққан күні бұл екі қабатты үйдің ауласы мен жертөлелері шайынды суға лық толған болатын. Алайда мұндай жағдайды бір емес бірнеше рет бастан кешкен көршілер абыржымай біріге әрекет еткен. Осылайша, үйге бағыт алған лас судың бетін қайтардық дейді олар.
((В КАДРЕ: Айгүл Қапашева
қала тұрғыны:
Ой, балам! Міне тура мына жерге дейін келді ылай су. Шыдай алмай кеттім де, қолыма мына ыдысты алып көршіміз екеуміз суды подьездке кіргізбедік. Келесі подьезде тұратындардың барлығы жұмыста болған тұғын, олардың жертөлелері суға кетті. Біздерде қазір жағдай жаман емес. ))

Қазір төтенше жағдай орын алған жерге жиылған лай суды тазалау жұмыстары қызу жүруде. Бұл жұмыстарға қалалық жол пайдалану мекемесі мен Оралсуарнасы мекемесінен 15-ке жуық техника әкелінген.

((В КАДРЕ: Оралсуарнасы өкілі: жұмыс жаман жүріп жатқан жоқ. Міне бүгін тазалау жұмыстарын аяқтаймыз деп отырмыз. Одан кейін СЭС келіп орынды тексеріп кетеді. Жұмысқа кедергі болар ештеңе болып жатқан жоқ.))
Қалалық санитарлық-эпидемиялық қадағалау басқармасының мамандары қалдық судың құрамын тексеруге кіріскен. Алайда, шайындының адам ағзасына қаншалықты қатерлі екендігін анықтау үшін уақыт керек. Дегенмен, ауданға тарайтын ауыз судың үлгісі толық тексерістен өткізілген.
((В КАДРЕ: Дана Қажкенова
Орал қалалық мемлекеттік санитарлық-эпидемиялық қадағалау басқармасының санитарлық-гигиеналық қадағалау бөлімінің бастығы:
Қазіргі таңда ауыз су тексеріліп, қортындысы шықты. Суда ешқандай ауру микробтары табылған жоқ. Енді шайын су тұнбасын арнайы зертханалық тексерістен өткізіп жатырмыз. Ол кейін анықталмақ. Енді біз алдағы 10 күн ішінде ауыз суды үнемі тексеріп тұрамыз.))


Мақалаға баға берсеңіз :

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10
Жарамайды Өте жақсы

Последние новости рубрики


©2005-2010 Internews  |  info:editors@newsfactory.kz  |  О проекте
Қорытылды (сек): 0.4763 & 14 Сұрау