|
|
Бүгін
05.01 (11:56) Жаңа жыл
10.02 (15:51) Авторлық құқық қалай қорғалады? 10.02 (15:50) Айналымға 5 мың теңгенің жаңа номиналы енді 10.02 (15:45) Тегін Медеу 10.02 (12:35) Авторлық құқық 10.02 (08:45) 10 ақпан |
|
Келендік одақКедендік бақылау департаментінде "Нұротан" ХДП-мен бірлескен отырыс өткізілді. Басты мақсат - Қазақ, Ресей және Беларусь мемлекеттері арасындағы өз күшіне енген кедендік кодекстің ерекшеліктерін түсіндіру. Жиынға сондай-ақ облыс әкімінің орынбасары Берік Толымбаев, партия басшысының орынбасары Абат Шыныбеков пен өңірдің бірқатар кәсіпкерлері жиналды. Отырыстан оралған тілшіміздің репортажына зер салсақ. Отырыстың басты мақсаты 3 ел арасындағы 1-шілдеден бастап өз күшіне енген кедендік одақтың бағыттары мен кодексін әсіресе жергелекті кәсіпкерлерге кеңінен түсіндіру. Кедендік бақылау департаменті мен жергілікті "Нұр Отан" партиясының бірігіп өткізген жиыны ең алдымен 28 күннен бері жұмыс жасап жатқан одақтың оңтайлы тұстарын талқылаудан басталды. Партия мүшелерінің айтуынша, одақтың әсіресе кәсіпкерлерге тигізер пайдасы мол, әйтсе де оны ұғыну 1 ай емес бірнеше жылды қажет ететіндей. ((Аққали Әубекеров- Партиялық бақылау бекетінің басшысы: Кедендік одақ- біздің еліміз үшін өте қажет. Әсіресе кәсіпкерлерге тиімді тұстары баршылық. Жуықта өзім Тасқала ауданында болдым, міне сонда байқағаным көпшілік шаруа азаматтар одақты қолдап, оның үлкен мүмкіндік беретінін ашық айтып отыр. Десек те одақтың мүмкіндіктерін сезіну үшін 1 ай уақыт емес, бақандай бірнеше жыл керек.)) Әлбетте кеденшілердің айтуынша, қазірдің өзінде үш ел арасындағы бастамадан біздің еліміз экономикасы біртіндеп бағыт алып келеді. Оның ішінде Ресей Федерациясымен арадағы ірі көлемдегі тауар айналымының ұтымды жолға қойылғанын да айтпай кетуге болмайды. Мәселен егер, 2009 жылдың 6 айлық көрсеткіші бойынша, көршілес Ресей елі өнімінің көлемі 40 пайызды құраса, ал кедендік одақ өз жұмысына кіріскелі бері бұл көрсеткіш 58 пайызға көтеріліпті. Бұл өз алдына 1-шілдеден бастап, отандық кәсіпкерлер, тауарды рәсімдеу секілді қадамдардан да алшақтатылып отыр, одан өзге де оңтайлы жеңілдіктер аз емес. ((Нұрлыбек Киреев- Кедендік бақылауды ұйымдастыру басқармасының бастығы: )) Жалпы отырыс барысында одақ негізіндегі талаптар тағы бір мәрте пысықталып, қатысушы кәсіпкерлерге одақтық кодексті орындау ережелері түсіндірілді. Кәсіпкерлер де өз кезегінде толғандырған мәселелерін ашығынан айтып, қажетті сауалдарына жауап алуға мүмкіндік алды. Ұйымдастырушылардың айтуынша, алда ғы уақытта бұндай отырыстар, әлі де ұйымдастырылатын болады. Последние новости рубрики
10.02 (15:51) Авторлық құқық қалай қорғалады?
10.02 (15:50) Айналымға 5 мың теңгенің жаңа номиналы енді 10.02 (15:45) Тегін Медеу 10.02 (12:35) Авторлық құқық 09.02 (11:43) Алматыда екі күнде заңсыз жүрген 700-ден аса кірме ұсталды 09.02 (11:17) Қазақстан нарығында жанар-жағармай тапшылығы орын алуы мүмкін 08.02 (15:39) Көкек әкелер |
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||