|
|
Бүгін
05.01 (11:56) Жаңа жыл
10.02 (15:51) Авторлық құқық қалай қорғалады? 10.02 (15:50) Айналымға 5 мың теңгенің жаңа номиналы енді 10.02 (15:45) Тегін Медеу 10.02 (12:35) Авторлық құқық 10.02 (08:45) 10 ақпан |
|
Жабайы базарЖаз мезгілінің соңғы айларында бау-бақша өнімдерінің саудасы қыза түседі. Алайда, бақша өнімдеріне құмар қалалықтар оның сапасына мән бермейтіні қынжылтады. Сапасы күман туғызатын жеміс-жидектер мен көкөністер санатына өзге өңірден әкелініп, антисанитариялық жағдайда сатылып жатқан қауын-қарбыздарды айтуға болады. Бүгін қалалық әкімдік пен ішкі істер органдарының қызметкерлері жабайы базарлар мен тас жол бойында шаң-тозаңға бөккен өнімдердің жағдайын тексерді. Құзырлы орган өкілдерінің нендей ұйғарымға келгені туралы тілшіміздің репортажында толығырақ. Жабайы базар орналасқан аймақтың тұрғындары қазіргі күні жайбарақат өмірдің не екенін ұмытқандай, қазір олар бау-бақша өнімін тасушы ауыр жүк көліктерінің толассыз ағылып, тыныштықтан айырғанына наразылық танытуда. Жүк көліктерінің гүрілінен бөлек, тұрғындардың айтуынша, жабайы базар пайда болысымен бұл жердің тазалығы да біржола жоғалғандай. Айналадағы қоқыс контейнерлерінің қалдықтан босайтын бір күні жоқ, әрі заңсыз саудагерлер өздері тұратын жерлерін тазаламайды, дейді, тұрғындар. ((тұрғындар....)) Айналадағы айқай-шу мен антисанитарлық жағдай жергілікті тұрғындардың құтын қашырғалы қашан. Әйтсе де үмітсіз шәйтан, жағдай оңтайланады деп сенген олардың ай сайынғы үмітінің ақталатын түрі жоқ. Амалы таусылған олар тәртіп сақшыларына шағым түсіріп, бүгін арнайы құрылған комиссия тұрғындарға көмекке келді. Тексере келгенде жабайы базар сатушыларының бір де бірінде сауда жүргізуге рұқсат қағаздары табылмады, бұл аз дегендей азаматтардың тыныштығын бұзған олар тазалық сақтауды да естен шығарған. ((Бұған дейін де осындай жағдайлар қаламыздың өзге де аймақтарында кездескен болатын, саудагерлерді заңсыз саудасы үшін жауапқа тарттық. Қарбыз-қауынның кезеңі басталғанда жағдайдың осылай ушығатыны белгілі ғой.)) Ал саудагерлердің өздері болса, табысы жақсы жұмысқа орналасу мүмкін болмағандықтан, отбасын асырау үшін күнкөріс көзі сауда екендігін айтады. ((саудагер... Не істейміз енді, базарда орын жоқ. Төлеп болса да тұрар едік, бірақ бірнеше рет барғанымда орын таба алмадым, сонда не істеуім керек, отбасымды ашықтырып қоямын ба?)) Последние новости рубрики
10.02 (15:51) Авторлық құқық қалай қорғалады?
10.02 (15:50) Айналымға 5 мың теңгенің жаңа номиналы енді 10.02 (15:45) Тегін Медеу 10.02 (12:35) Авторлық құқық 09.02 (11:43) Алматыда екі күнде заңсыз жүрген 700-ден аса кірме ұсталды 09.02 (11:17) Қазақстан нарығында жанар-жағармай тапшылығы орын алуы мүмкін 08.02 (15:39) Көкек әкелер |
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||