|
|
Бүгін
05.01 (11:56) Жаңа жыл
10.02 (15:51) Авторлық құқық қалай қорғалады? 10.02 (15:50) Айналымға 5 мың теңгенің жаңа номиналы енді 10.02 (15:45) Тегін Медеу 10.02 (12:35) Авторлық құқық 10.02 (08:45) 10 ақпан |
|
Бала денсаулығын нығайтуҚазір еліміз бойынша 5 жасқа дейінгі балалар арасындағы өлім-жітімді азайту мақсатында арнайы бағдарлама қолға алынған. Ал шілде айының 26-сы күні өңірімізде де арнайы семинар-тренинг басталды. Оралдық дәрігерлердің басын қосқан бұл жиын он күн бойы өткізілмекші. Тілшіміздің бейнематериалында толығырақ. Қалалық инфекциялық аурухана қабырғасында өткізіліп жатқан семинар-тренингке облыстың барлық аудандарынан дерлік педиатр дәрігерлер жиналды. Олардың арасында аталған бастамаға кезекті мәрте қатысып отырғандары да бар. Алдымен әрбір дәрігер жеке-дара палаталарға кіріп, науқастардың диагнозын анықтауға тырысты, кейін теориялық білімін байқамақ болғандарға сауаттылық пен біліктілікті арттыруға бағытталған ролик көрсетіліп, тестілік тапсырмалар берілді. Айта кету керек, бұл жұмыстарды анағұрлым тиімді өткізу үшін республикалық орталықтың мамандары да арнайы шақыртылыпты. ((Мира Ажкенова- балалар жасындағы ауруларды бірлесіп жүргізу республикалық орталығының қызметкері: Бұл семинар-тренинг жыл сайын мемлекетіміздің әр облысында өткізіліп отырады. Оған әсіресе аудан-ауылдың дәрігерлерін шақырып, тәжірибе алмастырып, медициналық қызметкерлердің біліктілігін арттырамыз.)) Әлбетте, 5-жасқа дейінгі балалардың өлім-жітімін азайтып, олардың қатерлі аурулардан мүгедек болып танылмауы үшін, алдын алу жұмыстарының өткізіліп жатқандығы қуантады. Әрі медицина мамандарының айтуынша, "бала жасындағы аурулардың алдын алу" шарасы өте тиімді тәсіл болып отыр. Өйткені соның арқасында, бірнеше жылдан бері ауыл-аймақтағы дәрігерлердің біліктілігі арттырылып, сәбилердің диагнозы дер кезінде анықтала бастаған. Әрі ауданның медицина қызметкерлері де семинар-тренингтің тиімді тұстары мол екендігін жасырмады. ((Сырым ауданының педиатр-дәрігері: )) Семинар алдағы келер аптаның соңына дейін жалғаспақ. Последние новости рубрики
10.02 (15:51) Авторлық құқық қалай қорғалады?
10.02 (15:50) Айналымға 5 мың теңгенің жаңа номиналы енді 10.02 (15:45) Тегін Медеу 10.02 (12:35) Авторлық құқық 09.02 (11:43) Алматыда екі күнде заңсыз жүрген 700-ден аса кірме ұсталды 09.02 (11:17) Қазақстан нарығында жанар-жағармай тапшылығы орын алуы мүмкін 08.02 (15:39) Көкек әкелер |
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||