Технологиялар Қатысушылар Жоба туралы
Пайдаланушының аты    Пароль     
На главную
Қош келдіңіздер! «Жаңалықтар фабрикасы» - бұл Қазақстан БАҚ құралдарының өзара ақпарат алмасу жүйесі. Біз жаңалықтар жасаймыз әрі бір-бірімізден үйренеміз. Көрермен мен оқырманды қызықтырып, қайран қалдырып, көңілін көтереміз.
Бүгін
Ізденіс

Ізденіс (Google)
Салалар
   »  Ақпарат ағыны
   »  Қоғам
   »  Экономика
   »  Саясат
   »  Оқиға
   »  Мәдениет
   »  Спорт
   »  Эксклюзив
   »  Табиғат
Арнайы жобалар
   »  Атаулы күндер
   »  Сұхбат
   »  Подкаст




Rambler's Top100


Қатысушылардың сайттары





Қаралымдар: 258    Танымдылық: Орташа рейтинг : 6.00 Қайдан 1 Дауыстар   
17 Тамыз, 2010 10:49 ["ТДК-42" телеарнасы, Орал]

Колониядағы қақтығыс


Ақмола облысы колониясындағы тәртіпсіздіктерге қатысқан жазасын өтеушілердің бірі бүгін таңертең қайтыс болды. Ауыр халдегі тұтқын Көкшетаудағы ауруханалардың жансақтау бөліміне жеткізілген. Бұл туралы Ақмола облысының прокуроры Серік Хайруллин мәлім етті.

Ақмола облысы колониясындағы тәртіпсіздіктерге қатысқан жазасын өтеушілердің бірі бүгін таңертең қайтыс болды. Ауыр халдегі тұтқын Көкшетаудағы ауруханалардың жансақтау бөліміне жеткізілген. Бұл туралы Ақмола облысының прокуроры Серік Хайруллин мәлім етті. Естеріңізге сала кетелік, Ақмола облысындағы колонияда шыққан бүлік кезінде екі жазасын өтеуші азамат өзін-өзі өртеп жіберген болатын. Олардың екеуі де Көкшетау қалалық ауруханаларына жеткізілді. Өзіне жарақат салған тағы бір тұтқынның қазір жағдайы ауыр делінуде, әзірге ол дәрігерлердің қадағалауында.
Осыған дейін де хабарлағанымыздай, 12-тамыз күні Гранитный елді мекеніндегі жалпы режимдегі колонияда жазасын өтеушілер бүлік шығарған болатын. Ереуілшілерді тәртіпке шақыру үшін ішкі әскерлердің 120-ға тарта жауынгері және Қылмыстық атқару жүйесінің 60 жасақшысы түрме аумағына енгізілді. Жазасын өтеушілер әскерилерге қатты қарсылық көрсетті. Осы қақтығыс кезінде сотталғандардың біреуі опат болды, ал жарақат алған 71 азамат облыс орталығындағы ауруханаға жеткізілді.
Қамақтағы орын алған жағдай туралы алдағы хабарларымызда көрсететін боламыз.


Түпнұсқа

» 13 Тамыз, 2010 10:18 зкт/Түрмедегі ереуіл / "ТДК-42" телеарнасы, Орал

Мақалаға баға берсеңіз :

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10
Жарамайды Өте жақсы

Последние новости рубрики


©2005-2010 Internews  |  info:editors@newsfactory.kz  |  О проекте
Қорытылды (сек): 1.52 & 15 Сұрау