|
|
Бүгін
05.01 (11:56) Жаңа жыл
10.02 (15:51) Авторлық құқық қалай қорғалады? 10.02 (15:50) Айналымға 5 мың теңгенің жаңа номиналы енді 10.02 (15:45) Тегін Медеу 10.02 (12:35) Авторлық құқық 10.02 (08:45) 10 ақпан |
|
Жасыннан жапа шеккендерКөптен күттірген жауынның ақыры қайғымен тына жаздады. Сенбі күні жауған жаңбыр кезінде Теректі ауданының Ақжайық ауылындағы тұрғын үйге найзағай түсті. Жай отыннан үй қабырғалары шытынап, тұрмыстық техникалардың барлығы бүлінген. Бұдан бөлек, осы көшедегі жиырмаға тарта тұрғын үйдің телефондары мен тоңазытқыштары да жарамсыз болыпты. Бір түнде баспанасыз қалған тұрғындар енді туыстарының үйін паналауға мәжбүр. Ал ауыл әкімі жасыннан жапа шеккен отбасының үйін жөндетуге көмек берілетінін айтып, уәде етті. Жәдігер Қошқаров Ауыл тұрғыны: - Мына ДВД бүлінген, видик тіпті ток көзінен айырулы тұрған, ол да жанып кетіпті. Көршінің үйіне апарып қоссақ істемейді. Тоңазытқыш өзінен-өзі. Барлығының да проводы өртеніп кетті, сымы мен қабығы екі бөлек. Жай отынан үйдің қабырғалары шытынап, ортадағы пештің сау-тамтығы қалмаған. Пеш мұржасы қирап, төбеде үңірейген үлкен тесік пайда болыпты. Отағасы найзағай төбеден түсуі мүмкін деп отыр. Өйткені, тіреу ағаштарында күйіктің ізі қалған. Жиһаздар құлап, ыдыс-аяқ біткен түгел қирапты. Ал үйдің барлық терезесі жақтауымен бірге сыртқа атып кеткен. Үй тұрғындарының барлығы да дін аман. Жәдігер Қошқаров Ауыл тұрғыны: - Үйдегілерге найзағай ғой, сабыр сақтаңдар дедім, үлкен қызым қорқып, орнынан тұра алмай қалды. Аяқ-қолының тамырлары шығып білеуленіп кеткен еді, таңертең басылды. Жолдасым мен қыздарымды көтеріп апарып, көрші бөлмеге шығардым. Кейін бәріміз сыртқа шықтық, жаңбыр жауып тұр екен... Үрейі ұшқан отбасы қазір туыстарының үйін паналауда. Осы оқиғадан бір күн бұрын Қошқаровтар әулеті үйдің кенжесі Ақеркенің бір жасқа толған туған күнін тойлаған екен. Бір қызығы шытынаған қабырғада ілулі тұрған қыздың суреті аман қалыпты. Баланың періштесі қаққан шығар дейді таңқалған тұрғындар. Ал найзағай бүлдіршін қыздың туған күніне сыйлаған көйлегін де шарпып өткен. Гүлғайша Есенғалиева Ауыл тұрғыны: - Қыс болса қыр астында тұр, үйдің жағдайы мынау. Жаңа үй берсе екен. Күйеуім жұмыссыз. Өзім жақында кірдім техничка болып, қайтіп күнелтерімізді білмейміз, бір көмектеріңіз тисе екен... Сол түні осы көшедегі жиырмаға тарта үйдің телефоны мен тоңазытқышы бірдей істен шыққан. Сыртқы әлеммен байланыса алмаған ауылдықтар енді кімнен көмек сұрарын білмей отыр. Нұрсұлу Әбілхайырова Ауыл тұрғыны: - Алланың әмірі, бірдеме сатыр ете түсті де, свет те сөнді, бәрі өшті, кейін тоңазытқышымыз жанып кетіпті. Ханым Жұмағалиева Ауыл тұрғыны: - Найзағайдың малға түскенін көрдім, жерге түскенін көрдім, ал үйге түскенін көрмеппін... Осы оқыс оқиға ізімен Төтенше жағдайлар бөлімі арнайы комиссия құрып, болған жаймен танысқан. Қазір келген шығынның көлемі анықталып жатыр. Әкім Мақсот Ақжайық селолық округінің әкімі: - Материалдан көмектесеміз, бірақ, телевизоры мен телефонының қанша тұратынын, төленетін-төленбейтінін білмейміз, сондықтан, оны шығын төленер қағазға қоспадық. Мұндай оқиға көрші ауылда осыған дейін де болған екен. Ал көнекөздер бұл құбылысты осы елді мекеннің өзенге жақын орналасқандығымен байланыстырады. Последние новости рубрики
09.02 (11:35) "Мирич груп" компаниясының басшыларына іздеу жарияланды
20.01 (12:43) Қандықол жүргізуші бостандыққа шығарылды 21.12 (10:36) Қазақстан үкіметі Жаңаөзен проблемасына мойын бұрды 21.12 (10:30) Жаңаөзендегі тәртіпсіздікке саяси баға 21.12 (10:29) Жаңаөзендегі жаппай тәртіпсіздік кезінде қирап, өртке оранған нысандарды қалпына келтіруге 1,9 млрд теңге қажет 07.12 (15:02) Алматыда тағы бір жол полициясы қызметкері қаза тапты 06.12 (14:13) Лаңкестердің қылмысы |
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||