Технологиялар Қатысушылар Жоба туралы
Пайдаланушының аты    Пароль     
На главную
Қош келдіңіздер! «Жаңалықтар фабрикасы» - бұл Қазақстан БАҚ құралдарының өзара ақпарат алмасу жүйесі. Біз жаңалықтар жасаймыз әрі бір-бірімізден үйренеміз. Көрермен мен оқырманды қызықтырып, қайран қалдырып, көңілін көтереміз.
Бүгін
Ізденіс

Ізденіс (Google)
Салалар
   »  Ақпарат ағыны
   »  Қоғам
   »  Экономика
   »  Саясат
   »  Оқиға
   »  Мәдениет
   »  Спорт
   »  Эксклюзив
   »  Табиғат
Арнайы жобалар
   »  Атаулы күндер
   »  Сұхбат
   »  Подкаст




Rambler's Top100


Қатысушылардың сайттары





Қаралымдар: 232    Танымдылық: Орташа рейтинг : 0 Қайдан 0 Дауыстар   
20 Тамыз, 2010 11:03 ["ТДК-42" телеарнасы, Орал]

Үйдегі өрт


Қала іргесіндегі Серебряково ауылындағы тұрғын үй өртеніп кетті. Абырой болғанда үй иелері дін аман, әйтсе де 2 бөлмелі баспана жарамсыз болып бүлінді. Қазір үй қожайындары қай жерді паналарын білмей отыр, ал ауыл басшылығы болса, мектеп жасындағы төрт баласымен далада қалған отбасына уақытша баспана берілетінін айтып уәде етті.

Қала іргесіндегі Серебряково ауылындағы тұрғын үй өртеніп кетті. Абырой болғанда үй иелері дін аман, әйтсе де 2 бөлмелі баспана жарамсыз болып бүлінді. Қазір үй қожайындары қай жерді паналарын білмей отыр, ал ауыл басшылығы болса, мектеп жасындағы төрт баласымен далада қалған отбасына уақытша баспана берілетінін айтып уәде етті. Келесі сюжетімізде.

Тілсіз жау кешкісін бас көтерген. Аулада ойнап жүрген балалар оттың ұшқындап жатқанын байқап, үй ішіндегі анасына хабар береді. 30-дан асқан келіншек оянғанша, үйдің кіре берісі түтіндеп, жалын ішкі бөлмелерді шарпиды. Өрт құшағынан әзер құтылған Лаура Серікбаева сыртқа шығып, балаларын іздейді. Алайда өрт сөндірушілерге хабар беруге әлі жетпеген ол сол бойы есінен танып қалады.
((..........менің есімде жоқ, есімнен танып қалдым. Айыққансын ғана барлық заттардың өртеніп кеткенін көрдім....))
Жапа шеккен келіншек өртті тозығы жеткен электр желілерінен шықты деп отыр. Өйткені оның айтуынша, үйде екі аптадан бері газ баллоны да болмаған, сондықтан да тамақтың барлығы электр пешіне пісіріліпті. Дегенмен қайғылы оқиға орын алған сәтте бұл пеш өшірулі болды, дейді ол.
((өшірулі болды білмеймін.))
Қазір аяқтасты шыққан тілсіз жаудан келген шығын анықталып жатыр. Бұл бейнекөріністен үйдегі тұрмыстық техника мен өзге де ірілі-ұсақты заттардан сау нәрсе қалмағанын байқау қиын емес, сондықтан келтірген залалдың мөлшерін өзіңіз бағамдай беріңіз. Оқиға болған кезде отағасы жұмыста болыпты. Қазір бұл отбасына ауылдың жергілікті әкімдігі мен қарапайым халық көмек қолын созуға кіріскен. Ауыл басшылығының айтуынша, жапа шеккен отбасына уақытша бөлме де берілген. Бұдан бөлек тағы да көмек көрсетілмек.
((әкімнің орынбасары:
Кеше кешкісін ауылымыздағы орталық көшеде орналасқан 27-ші үй өртеніп кетті. ))
Қазір жанұя ата-аналары оқудағы 4 бірдей баласына алаңдаулы. Өйткені өртеніп кеткен жеткіншектердің су жаңа оқу-құралдары мен киім-кешектерін қайта алу керек болады. Сондықтан да осы отбасыға қол ұшын созамын деушілердің көмегі көптік етпесі анық.


Мақалаға баға берсеңіз :

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10
Жарамайды Өте жақсы

Последние новости рубрики


©2005-2010 Internews  |  info:editors@newsfactory.kz  |  О проекте
Қорытылды (сек): 0.5088 & 14 Сұрау