|
|
Бүгін
05.01 (11:56) Жаңа жыл
10.02 (15:51) Авторлық құқық қалай қорғалады? 10.02 (15:50) Айналымға 5 мың теңгенің жаңа номиналы енді 10.02 (15:45) Тегін Медеу 10.02 (12:35) Авторлық құқық 10.02 (08:45) 10 ақпан |
|
Екі ел арасындағы ынтымақтастықЖақын келешекте қазақ-неміс қарым-қатынасы нығая түспек. Өңірімізге іссапармен келген Германия Федеративтік Республикасының делегациясының пікірі осындай. Бүгін неміс елінің делегаттары қаламызда бірқатар кездесулер өткізді. Облыс әкімімен өткен кездесуден кейін Германияның Алматыдағы бас консулы Герольд Амелунг екіжақты байланыстың күшейетініне сенімділігін білдірді. Назар аударалық. Бұл - Германияның Алматыдағы бас консулы Герольд Амелунгтің Оралдағы алғашқы сапары. Германиялық делегация жетекшісі бұл сапарының жемісті боларына сенімді. Өйткені жыл санап екі мемлекет арасындағы іскерлік байланыс дамып келеді. Былтырдың өзінде қазақ-неміс тауар айналымы 47,2 миллион АҚШ долларына жеткен. Мұның ішінде 45 миллион доллардың өнімі Оралға әкелінсе, өңірімізден неміс жеріне апарылған тауарлар құны 2 миллион доллардан асыпты. Герольд Амелунг ТИТР: Германияның Алматыдағы бас консулы Қазір біздің еліміз бен Орал қаласы арасындағы әріптестік байланыс бірнеше бағыт бойынша өрбіп келеді. Мұның ішінде машинажасау, түрлі құбыр өнімдері, сыра дайындау, диірмен кешені, құрылыс материалдарын айта кетуге болады. Бұдан бөлек, неміс-қазақ бірлескен кәсіпорындары да жұмыс жасайды. Биылғы жылы екіжақты бірлескен жобаларды іске асырамыз деп отырмыз. Оралдық сауда-өндірістік компаниясымен бірге КРАУС МАФФАЙ герман қондырғысының құбыр желісін пайдалануға берілмекші.)) Бұдан кейін қонақтар оралдық кәсіпкерлермен кездесті. Осыған дейін чехиялық іскерлер оралдық бисзнес қауымдастық өкілдерімен жүздесіп, маңызы ортақ жобалар жайын ақылдасқан болатын. Бұл жолғы кездесу де осындай шаралардың кезекті легі іспеттес. Бүгінде өңірімізде қазақ-неміс бірлескен 500-ге тарта кәсіпорны жұмыс жасайды. ((СИНХРОН ХР 00:00:10 СИНХРОНИРУЕМЫЙ: Ғалия Жүнісәлиева ТИТР: Герман экономикасының Орталық Азиядағы өкілдігі жетекшісінің орынбасары Герман экономикасының Қазақстандағы өкілдігі 1994-жылдың желтоқсанында құрылды. Араға 6 жыл салып, 2000-жылы Астанада байланыс кеңсесі ашылды. 2008-жылы бұл өкілдік таратылып, Герман экономикасының Орталық Азиядағы өкілдігі болып қайта құрылды. Осы уақыт ішінде тек Қазақстан ғана емес,. Тәжікстан, Түркіменстан және Өзбекстанда да жұмыс жасадық. Бұдан бөлек электроника мен электротехника саласында әлемге танымал белгілі фирмалар да бар. Сименс компаниясы Қазақстанда 15 жыл жұмыс жасаса, сіздердегі облыстық аурухана жоғары сапалы германиялық емдеу қондырғысын сатып алды. Бұл да екіжақты байланыстың жарқын көрінісі іспеттес.)) Соңғы үш жылда екі елдің кәсіпорындары темірбетон бұйымдары, сыра дайындау, диірмен кешені, кірпіш тас әзірлеу секілді бірлескен жобаларды іске асырып, пайдалануға берді. Қатысушылар бүгінгі кездесудің де осындай ауқымды істерге бастау боларына сенімді. Последние новости рубрики
28.11 (10:51) Партиялық тұғырнама
25.11 (10:45) 2005 жылы тағайындалған сенаторлар жылы орнымен қоштасты 24.11 (11:32) 2012 жылы Қазақстан БСҰ мүше болуы мүмкін 25.10 (11:36) Тони Блэр - Қазақстанның экономикалық мәселелер бойынша кеңесшісі 24.10 (11:30) Кубалық өтініш 13.10 (10:57) Қазақстан ядросыз әлем құруды көздейді 10.10 (09:42) Екі ел арасындағы ынтымақтастық |
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||