Технологиялар Қатысушылар Жоба туралы
Пайдаланушының аты    Пароль     
На главную
Қош келдіңіздер! «Жаңалықтар фабрикасы» - бұл Қазақстан БАҚ құралдарының өзара ақпарат алмасу жүйесі. Біз жаңалықтар жасаймыз әрі бір-бірімізден үйренеміз. Көрермен мен оқырманды қызықтырып, қайран қалдырып, көңілін көтереміз.
Бүгін
Ізденіс

Ізденіс (Google)
Салалар
   »  Ақпарат ағыны
   »  Қоғам
   »  Экономика
   »  Саясат
   »  Оқиға
   »  Мәдениет
   »  Спорт
   »  Эксклюзив
   »  Табиғат
Арнайы жобалар
   »  Атаулы күндер
   »  Сұхбат
   »  Подкаст




Rambler's Top100


Қатысушылардың сайттары





Қаралымдар: 271    Танымдылық: Орташа рейтинг : 0 Қайдан 0 Дауыстар   
24 Тамыз, 2010 09:46 ["ТДК-42" телеарнасы, Орал]

Құлаған билборд


Бүгін түс ауа Орал қаласында Гагарин көшесінде аспалы жарнама діңгегі сынып, жолға құлады. Үзілген сым бір автокөлікті бүлдіріп, шамын қиратқан, көлік жүргізушісі дін аман. Мамандар жарнама діңгегін аяқасты соққан дауыл желдің кесірінен шорт үзілген деп отыр. Аяқасты болған апаттан кейін осы ауданда көлік кептелісі пайда болды. А

Бүгін түс ауа Гагарин көшесінде аспалы жарнама діңгегі сынып, жолға құлады. Үзілген сым бір автокөлікті бүлдіріп, шамын қиратқан, көлік жүргізушісі дін аман. Мамандар жарнама діңгегін аяқасты соққан дауыл желдің кесірінен шорт үзілген деп отыр. Аяқасты болған апаттан кейін осы ауданда көлік кептелісі пайда болды. Аз ғана уақыттан кейін оқиға орнына жеткен жауапты мекеме қызметкерлері үзілген желіні залалсыздандырды. Ал көлікке келген шығынды осы аспалы жарнама діңгегін орнатқан мекеме төлейтін болады делінуде. Күні бүгін қала көшелерінде осындай 6 құрылғы орнатылған.
Сергей Манновицкий
Орал ҚІІБ ЖПБ инспекторы:
- Бір күннің ішінде осындай бірнеше төтенше оқиға тіркелді. Ихсанов көшесінің бойында жолға терек құлап, көлік қозғалысына кедергі жасады. Араға бірер минут салып, резиденцияға барар жолдағы ағаштардың бірі опырылып құлап, жолды жауып тастады. Қазір апаттың орны қайта қалпына келтірілуде.


Мақалаға баға берсеңіз :

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10
Жарамайды Өте жақсы

Последние новости рубрики


©2005-2010 Internews  |  info:editors@newsfactory.kz  |  О проекте
Қорытылды (сек): 0.435 & 14 Сұрау