|
|
Бүгін
05.01 (11:56) Жаңа жыл
10.02 (15:51) Авторлық құқық қалай қорғалады? 10.02 (15:50) Айналымға 5 мың теңгенің жаңа номиналы енді 10.02 (15:45) Тегін Медеу 10.02 (12:35) Авторлық құқық 10.02 (08:45) 10 ақпан |
|
Лифт неге тоқтады?Қаламыздағы жекелеген көпқабатты үйлерде лифт аяқасты айрылып тасталды. Ал бұл тұрғындар үшін қиын соғып отыр. Лифті қызметінің тоқтатылуы жоғарғы қабатта тұратын қариялар үшін аса ауыр тиюде. Төтеншеліктер мұның себебін жедел-сатылардың тозығы жеткендігімен байланыстырады. Әзірге, қала бойынша 4 көпқабатты тұрғын үйдің лифтілері уақытша тоқтатылған. Мәрияш Оспанова Қала тұрғыны: - 10 шақты күн болды сөндірілгеніне, қиын. Пенсионерміз, мініп-шығу ауыр тиеді. Ақшасын уақытында төлейміз.былтыр новый мотор қойды. білмеймін сөндіріп тастаған. Лифтілердің аяқ астынан айрылып тасталуы тұрғындар үшін қиын соғып отыр. Әсіресе, жоғарғы қабатта тұратын зейнет жасындағыларға өте ауыр. Мамандар бұл жеделсатылардың тозығы жеткендігін және адамдар үшін қауіп тудыратындығын айтуда. Сол себепті, төтеншеліктер "қалалық лифт" мекемесіне 17 жеделсатының пайдаланылу жарамдылығына тексеріс жүргізу керектігі туралы ұсыныс түсіріпті. Сәбит Алмауытов БҚО ТЖД басқарма бастығы: - Ұсыныстың арқасында горлифт мекемесі осы лифтілерді арнай лицензиясы бар мекемелер арқылы куәләндырудан өткізуі тиіс. соның нәтижесінде оларды бұдан әрі қарай пайдалануға қорытынды алуға тиіс. соған сәйкес оларды пайдалану туралы шешім шығарады. Қазір "қалалық лифт" мекемесінің қарамағында 234 жеделсаты бар. Мамандар олардың 69-ының ескіргендігін жеткізді. Сол себепті биыл 32 лифтінің сөндірілуі мүмкін дейді. Ал қалған 33-і келесі жылы айырылады деп отыр. Рашид Ізімов "Қалалық лифт" мкк директорының орынбасары: - Қазіргі таңда ұсыныс бойынша түскен тізімдегі лифтілердің 4-ін айырдық. Олар Евразия даңғылы 71/1, 71/2 және де осы даңғылдағы 208, 216 тұрғын үйлердегі жеделсатылар. Сонымен қатар, қазір бізде тексеріс жұмыстары жүруде. Қалған лифтілер бойынша пайдалану жағдайын жақсарту үшін қажетті шаралар қабылданды. Мамандар жеделсатылардың пайдаланылу мерзімі 25 жылды құрайтындығын айтып отыр. Сондықтан, мұндай шаралардың уақытында қабылдануы, тұрғындардың қауіпсіздігі үшін маңызды дейді. Последние новости рубрики
09.02 (11:35) "Мирич груп" компаниясының басшыларына іздеу жарияланды
20.01 (12:43) Қандықол жүргізуші бостандыққа шығарылды 21.12 (10:36) Қазақстан үкіметі Жаңаөзен проблемасына мойын бұрды 21.12 (10:30) Жаңаөзендегі тәртіпсіздікке саяси баға 21.12 (10:29) Жаңаөзендегі жаппай тәртіпсіздік кезінде қирап, өртке оранған нысандарды қалпына келтіруге 1,9 млрд теңге қажет 07.12 (15:02) Алматыда тағы бір жол полициясы қызметкері қаза тапты 06.12 (14:13) Лаңкестердің қылмысы |
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||