Технологиялар Қатысушылар Жоба туралы
Пайдаланушының аты    Пароль     
На главную
Қош келдіңіздер! «Жаңалықтар фабрикасы» - бұл Қазақстан БАҚ құралдарының өзара ақпарат алмасу жүйесі. Біз жаңалықтар жасаймыз әрі бір-бірімізден үйренеміз. Көрермен мен оқырманды қызықтырып, қайран қалдырып, көңілін көтереміз.
Бүгін
Ізденіс

Ізденіс (Google)
Салалар
   »  Ақпарат ағыны
   »  Қоғам
   »  Экономика
   »  Саясат
   »  Оқиға
   »  Мәдениет
   »  Спорт
   »  Эксклюзив
   »  Табиғат
Арнайы жобалар
   »  Атаулы күндер
   »  Сұхбат
   »  Подкаст




Rambler's Top100


Қатысушылардың сайттары





Қаралымдар: 301    Танымдылық: Орташа рейтинг : 0 Қайдан 0 Дауыстар   
25 Тамыз, 2010 09:26 ["ТДК-42" телеарнасы, Орал]

Легионерлер ойынға серпін берді


Жергілікті "Ақжайық" футбол командасының оңтүстіктен жеңіспен оралғандығы белгілі. Шымкенттік "Ордабасыдан" 3 ұпайды еншілеген жерлестеріміздің соңғы бес ойындағы нәтижелері жаман емес. Екі ойында жеңіп, екеуінде тең түсті. Ал біреуінде жеңіліс тапқан болатын. Осылайша, легионерлер "Ақжайықтың" күшіне күш қосып отыр.

Жергілікті "Ақжайық" футбол командасының оңтүстіктен жеңіспен оралғандығы белгілі. Шымкенттік "Ордабасыдан" 3 ұпайды еншілеген жерлестеріміздің соңғы бес ойындағы нәтижелері жаман емес. Екі ойында жеңіп, екеуінде тең түсті. Ал біреуінде жеңіліс тапқан болатын. Осылайша, легионерлер "Ақжайықтың" күшіне күш қосып отыр.
Премьер-лиганың бірінші айналымында жеңілістен көз ашпаған "Ақжайықтың" екінші турдан үміті мол. Жанкүйерлерін жерге қаратпауға тырысып жатқан жерлестеріміз соңғы бес ойында жақсы нәтиже көрсетуде. Соңынан келіп қосылған легионер ойыншылардың бірі - 28 жасар камерундық Гок Хабиб. Ол "Ақжайықтың" болашағы алда деп есептейді.
Гок Хабиб
«Ақжайық» ФК ойыншысы (Орал):
- Біздегі ойыншылар жас және де болашақтары алда. Бізде ешқандай да мәселе туындап отырған жоқ. Барлығы да қанағаттандырады. Сонымен қатар, мен орыс тілін білемін. Сол себепті, жаңа командаға үйрену оңай соғуда. Ойыншылар да жаман емес.
Ал Хабибтың жұбайы Ирина болса Киевтен келіпті. Ол өзімен бірге екі жастан асқан Дэвид есімді ұлын ертіп алып келген. Сұрағанымызда, ұлының есімін әйгілі ағылшын ойыншысы Дэвид Бэкхемдей болсын деп ырымдапты.
Ирина Лазар
Гок Хабибтың жұбайы:
- Бастапқы кезде оның аз да болса қиналғаны рас. Қазір қалаға үйренді. Жаңа достары пайда болды. Хабибке Қазақстан ұнады деп айтсам болады.
Хорватиядан келген қорғаушы Никица Гачеша болса жанкүйерлер үшін бар жанымызды саламыз деп отыр.
Никица Гачеша
"Ақжайық" ФК ойыншысы (Орал):
- Біз осы командада қаламыз деп шештік. Ертерек келгенімізде жағдай мүлдем басқаша болар ма еді? Көштің соңында емес басында болуға таласар едік.
Ал, молдавиялық Виктор Комленок өз елінің құрамасының сапында 20 ойын өткізіпті. Қазір оны Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңіндегі Финляндия мен Венгрияға қарсы ойындарға шақырып отыр.
Виктор Комленок
"Ақжайық" ФК ойыншысы (Орал):
- Бұл менің келіп отырған 4-інші елім. Осыған дейін Әзірбайжан, Ресей, Украинадағы клубтарда өнер көрсеттім. Мүмкіндік болып жатса, ойыншы ретіндегі өмірімді осында аяқтауды ойлап отырмын.
Сонымен қатар, "Ақжайықтың" сапында ганалық Саки Мозес пен хорваттық қақпашы Иван Гробавац та бар. Ганалық футболшы оралдық команданың сапында 8 голдың иесі атанып отыр. Барлығы да алдағы ойындарды тек жеңіспен аяқтауды көздеп отырмыз дейді. Келесі ойынды "Ақжайық" 11 қыркүйекте "Қайрат" командасымен өткізеді. Ойын Оралда Петр Атоян атындағы стадионда өтеді.


Мақалаға баға берсеңіз :

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10
Жарамайды Өте жақсы

Последние новости рубрики


©2005-2010 Internews  |  info:editors@newsfactory.kz  |  О проекте
Қорытылды (сек): 0.3762 & 14 Сұрау