Технологиялар Қатысушылар Жоба туралы
Пайдаланушының аты    Пароль     
На главную
Қош келдіңіздер! «Жаңалықтар фабрикасы» - бұл Қазақстан БАҚ құралдарының өзара ақпарат алмасу жүйесі. Біз жаңалықтар жасаймыз әрі бір-бірімізден үйренеміз. Көрермен мен оқырманды қызықтырып, қайран қалдырып, көңілін көтереміз.
Бүгін
Ізденіс

Ізденіс (Google)
Салалар
   »  Ақпарат ағыны
   »  Қоғам
   »  Экономика
   »  Саясат
   »  Оқиға
   »  Мәдениет
   »  Спорт
   »  Эксклюзив
   »  Табиғат
Арнайы жобалар
   »  Атаулы күндер
   »  Сұхбат
   »  Подкаст




Rambler's Top100


Қатысушылардың сайттары





Қаралымдар: 363    Танымдылық: Орташа рейтинг : 10.00 Қайдан 1 Дауыстар   
26 Тамыз, 2010 09:16 ["ТДК-42" телеарнасы, Орал]

Парадқа дайындық құпия өтуде


30-тамыз Конституцияның 15 жылдығына орай өтетін салтанатты шеруге дайындық Астанада қызу жүріп жатыр. Бүгін әскерилер «Қазақ елі монументі» алаңында әзірліктерін тағы бір мәрте пысықтады. Алайда, дайындық шарасынан толық бейнетүсірілім жасауға рұқсат етілген жоқ .

30-тамыз Конституцияның 15 жылдығына орай өтетін салтанатты шеруге дайындық Астанада қызу жүріп жатыр. Бүгін әскерилер «Қазақ елі монументі» алаңында әзірліктерін тағы бір мәрте пысықтады. Алайда, дайындық шарасынан толық бейнетүсірілім жасауға рұқсат етілген жоқ . Өйткені, қорғаныс шенеуніктері халық алдын - ала бәрін көріп қояды,-деп алаңдаулы.
Биыл шеруге тұңғыш рет нәзік жандылар да қатысады. Ұзын саны - сексенге тарта қыз-келіншек. Олар еліміздің түкпір - түкпіріндегі әскери бөлімдерден сайдың тасындай іріктелініп алынған. Солардың бірі - семейлік Ақмарал Тұңғышбаева.
Ақмарал Тұңғышбаева
Салтанатты шеруге қатысушы:
- Бас кезінде қиын ауыр болды. Бәріне, төзе білдік шыдадық.
Қолына қару алып, ту түстес киінген арулар салтанатты шеруге сақадай сай тұр. Бірақ , сәл қобалжулы.
Гүлмира Дәулетиярова
- Келгенімізге 1,5 ай болды. Содан бері дайындалып жатырмыз. Әрине, қобалжу бар. Бірақ , мұндай бақыт парадқа қатысу екінің бірінің басына келе бермейді ғой.
Бүгін әскерилердің әзірлігін тексеруге Қорғаныс министрі арнайы келді. Алайда, келе сала, БАҚ өкілдеріне бейнетүсірілім жасауға рұқсат еткен жоқ . Ал оның себебін былай түсіндірді:
Әділбек Жақсыбеков
ҚР Қорғаныс министрі:
- Зачем она нужна? В чем смысл информации? Зачем показывать, НЕ ПОЙМУ ваще!
Әділбек Жақсыбеков халық шеруді алдын-ала көріп қойса, ертең қызық болмай қала ма,-деп алаңдайды. Сондықтан арнайы шақыртумен келсе де, тілшілер мен бейнеоператорлар - алаңнан кетуге мәжбүр болды. Жалпы, шеруге 2 мыңнан аса әскери қатысады. Осы басты алаңнан 150 -ден астам техника жүріп өтпек. Ал, аспанда 66 әуе кемесі самғамақ. Бүгін ұшқыштар да, соңғы әзірліктерін пысықтады. Қазақ әскерінің қуатын паш ететін шеруге әлі 5 тәулік бар. Ал Қарулы Күштердің барлық гарнизондарынан келген сарбаздар екі айдан бері Астана маңайындағы шатырлы лагерьде күндіз-түні дамыл таппай жаттығып жатыр. Ал әскери шеруді өткізу үшін қазынадан 400 млн теңге бөлінген.


Мақалаға баға берсеңіз :

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10
Жарамайды Өте жақсы

Последние новости рубрики


©2005-2010 Internews  |  info:editors@newsfactory.kz  |  О проекте
Қорытылды (сек): 0.4677 & 14 Сұрау