Технологиялар Қатысушылар Жоба туралы
Пайдаланушының аты    Пароль     
На главную
Қош келдіңіздер! «Жаңалықтар фабрикасы» - бұл Қазақстан БАҚ құралдарының өзара ақпарат алмасу жүйесі. Біз жаңалықтар жасаймыз әрі бір-бірімізден үйренеміз. Көрермен мен оқырманды қызықтырып, қайран қалдырып, көңілін көтереміз.
Бүгін
Ізденіс

Ізденіс (Google)
Салалар
   »  Ақпарат ағыны
   »  Қоғам
   »  Экономика
   »  Саясат
   »  Оқиға
   »  Мәдениет
   »  Спорт
   »  Эксклюзив
   »  Табиғат
Арнайы жобалар
   »  Атаулы күндер
   »  Сұхбат
   »  Подкаст




Rambler's Top100


Қатысушылардың сайттары





Қаралымдар: 252    Танымдылық: Орташа рейтинг : 0 Қайдан 0 Дауыстар   
26 Тамыз, 2010 09:23 ["ТДК-42" телеарнасы, Орал]

Заң көп болса...


Егер көпшілік тарапынан қолдау тауып жатса, тағы бір заңның жарыққа келуі әбден мүмкін. Бүгін ақпарат құралдары мен қоғамдық ұйымдардың өкілдеріне Жария ақпаратты алу туралы жаңа заңның жобасы ұсынылды.

Егер көпшілік тарапынан қолдау тауып жатса, тағы бір заңның жарыққа келуі әбден мүмкін. Бүгін ақпарат құралдары мен қоғамдық ұйымдардың өкілдеріне Жария ақпаратты алу туралы жаңа заңның жобасы ұсынылды. Дегенмен, жиынға қатысушылар заңның санын көбейткеннен гөрі, қолданыстағы заңдардың сапасын күшейтіп, бұл толықтыруларды ескертпе ретінде қосу керек дейді.
Заң жобасы 6 тарау мен 29 баптан тұрады. Жобаны дайындаушылар заң қабылданар болса азаматтар өздеріне қажетті жария ақпаратты емін-еркін ала алады деп сендіреді.
Әлия Дуканова
БҰҰ-ның Қазақстандағы жобаларды дамыту менеджері:
- Қазір азаматтар өздерінің өтініштеріне жауапты белгілі бір мерзім ішінде алады. Бұл қағазбастылыққа жол беріп, түрлі кедергілерге себепші болады. Ал осы заң қабылданса азаматтар ауызша өтініш түсіріп, жауап алуына мүмкіндік берілген. Бұл жауапты орындар мен қарапайым азаматтар арасындағы алшақтықтарды азайтады деген сенімдеміз.
Бірақ, қатысушылар заң жобасының жекелеген баптарымен келіспеді. Келіспеушілік туғызған нәрсе - ақпарат иегерлері орналасқан мекенде және өзге де орындарда жария ақпаратты орналастыруға қатысты. Егер бұл түйткіл нақтыланбаса, үй иелері мен жекелеген мекемелер арасында жанжал шығуы әбден мүмкін.
Жантас Сафуллин
"Жайық-пресс" ЖШС бас директорының орынбасары:
- Бұл қала көркіне кесірін тигізеді. Әрі жаңадан заң шығара бергенше осы ерекшеліктерді қолданыстағы заңдарға қосымша немесе толықтыру етіп қоса салсақ та болар еді.
Заң жобасын дайындаушылар бұл ұсынысты құп алды. Болашақта түйткілді тұстарды ескеретінін жеткізген олар осындай мақұлдасу жиындарын Алматы, Қарағанды және Өскемен қалаларында өткізіпті. Егер бәрі сәтті аяқталса аталмыш заң жобасының Астанаға, халық қалаулыларына жолдануы әбден мүмкін.


Мақалаға баға берсеңіз :

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10
Жарамайды Өте жақсы

Последние новости рубрики


©2005-2010 Internews  |  info:editors@newsfactory.kz  |  О проекте
Қорытылды (сек): 0.6076 & 14 Сұрау