|
|
Бүгін
05.01 (11:56) Жаңа жыл
10.02 (15:51) Авторлық құқық қалай қорғалады? 10.02 (15:50) Айналымға 5 мың теңгенің жаңа номиналы енді 10.02 (15:45) Тегін Медеу 10.02 (12:35) Авторлық құқық 10.02 (08:45) 10 ақпан |
|
Немере көбейсін, шөберелер...Немере көбейсін, шөберелер... Отбасы құрып, некеге тұрушы жұптар саны жыл сайын артып келеді. АХАЖ бөлімі берген мәліметке сүйенсек, биылғы жылы ажырасуға арыз түсіргендер қатары айтарлықтай азайған. Бүгін тілшілеріміз жаз мезгілінде жұмыстары қарбалас болатын неке қию бөлімнің қызметін сырттай бақылап, болашақ жас жұбайлардың қуанышына ортақтасып қайтқан болатын. Биылғы жылы шаңырақ құрушылар қатары жылдағыдан көп, дейді АХАЖ бөлімінің мамандары. Жұптары жарасып келгендердің жас шамасы да түрліше. Осыған сәйкес қазір бөлімнің жұмысы дақыза түскен. Тіпті тамыз айынан бастап, неке қию рәсімінің өзі екі түрлі ғимаратта өткізіле бастапты. Гүлнара Губайдуллина Орал қалалық ӘБ АХАЖ бөлімінің бастығы: - Некеге тұрушылар саны көбейді, сонымен қатар некені бұзамын деушілердің саны да азайғандығы байқалады. Бұл өте қуантарлық жағдай біз үшін. Жұмысымыз көбейіп жатыр, әрине жаз мезгілі ғой. Азаннан бастап арыз түсірушілер есік алдында ширетке тұрып, өміріндегі маңызды қадамын жасауға асығады. Осындай жұптың бірі Анастасия мен Виталий. 3 жылдан бері бір-біріне үйренісіп келген олар, шаңырақ көтеру салтанатын ағымдағы жылдың қыркүйегіне жоспарлаған. Алайда екі жастың айтуынша, шеті көрінбес ширеттер оладың бұл ойын іске кедергі келтіруде. Анастасия Кондрацкая Қалыңдық - Біз 3 жыл бойы кездесіп жүрдік. Міне биыл ғана үйленеміз деп шешіп, шаңырақ көтеруге бел будық. Алайда таң ертемен келсек те арызымызды әлі тапсыра алар емеспіз. Жұмыстан күнде күнде сұрана алмаймыз ғой, бір-екі сағат деп сұранғанның өзінде үлгерер-үлгермейтініміз тағы да белгісіз. Виталий Ванюшов Күйеу жігіт: - Мен арызды жылдамырақ тапсырып, үйленетін күнді асыға күтудемін. Бұйырса бәрі де жақсы болуы керек. Әлбетте азаннан бастап кезекке тұрғандардың арасында қуанышты күнді жақындатуға асыққандардан бөлек, бір кездері қиған некесін белгілі бір себептермен бұзғысы келетіндер де кездесті. Ал АХАЖ бөлімінің ұжымы болса, биылғы жылы бұл бейбақтардың қатары бірнеше пайызға азайғндығын айтуда. Последние новости рубрики
10.02 (15:51) Авторлық құқық қалай қорғалады?
10.02 (15:50) Айналымға 5 мың теңгенің жаңа номиналы енді 10.02 (15:45) Тегін Медеу 10.02 (12:35) Авторлық құқық 09.02 (11:43) Алматыда екі күнде заңсыз жүрген 700-ден аса кірме ұсталды 09.02 (11:17) Қазақстан нарығында жанар-жағармай тапшылығы орын алуы мүмкін 08.02 (15:39) Көкек әкелер |
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||