Технологиялар Қатысушылар Жоба туралы
Пайдаланушының аты    Пароль     
На главную
Қош келдіңіздер! «Жаңалықтар фабрикасы» - бұл Қазақстан БАҚ құралдарының өзара ақпарат алмасу жүйесі. Біз жаңалықтар жасаймыз әрі бір-бірімізден үйренеміз. Көрермен мен оқырманды қызықтырып, қайран қалдырып, көңілін көтереміз.
Бүгін
Ізденіс

Ізденіс (Google)
Салалар
   »  Ақпарат ағыны
   »  Қоғам
   »  Экономика
   »  Саясат
   »  Оқиға
   »  Мәдениет
   »  Спорт
   »  Эксклюзив
   »  Табиғат
Арнайы жобалар
   »  Атаулы күндер
   »  Сұхбат
   »  Подкаст




Rambler's Top100


Қатысушылардың сайттары





Қаралымдар: 336    Танымдылық: Орташа рейтинг : 4.67 Қайдан 3 Дауыстар   
26 Тамыз, 2010 09:28 ["ТДК-42" телеарнасы, Орал]

"Мектепке жол" акциясы


"Мектепке жол акциясы" жалғасуда. Бүгін жағдайы төмен отбасылардан шыққан 1-5 сынып оқушыларына оқу-құралдары тегін таратылды. Ал екі мектепке қала басшылығы су жаңа 2 автобусты сыйға тартты. Бұл көліктер мектеп шәкірттерінің игілігі үшін берілген.

Мектепке жол акциясы-Данияр
"Мектепке жол акциясы" жалғасуда. Бүгін жағдайы төмен отбасылардан шыққан 1-5 сынып оқушыларына оқу-құралдары тегін таратылды. Ал екі мектепке қала басшылығы су жаңа 2 автобусты сыйға тартты. Бұл көліктер мектеп шәкірттерінің игілігі үшін берілген.
3 жыл қатарынан өткізіліп, дәстүрге айналған "Мектепке жол" акциясы биыл қарқынмен жүргізілуде. Бүгінде қала бойынша осындай көмекке мұқтаж 589 оқушы бар екен.
Анаргүл Қаржауова
Қалалық білім бөлімінің бас маманы:
- Бүгінгі өтетін акцияда 250 бала көмек көрсетілгелі отыр. Бастауыш сыныптардың оқушылары. Акция барысында оқу құралдары және дене шынықтыру пәніне арналған спорттық киімдер берілмек.
Бүгінгі бастамаға жекелеген кәсіпорындардың басшылары мен демеушілер қолдау көрсетуде. Мамандар әр балаға 11 мың теңге көлемінде түрлі керек-жарақтар алынғандығын жеткізді.
Мәриямсән Шалымбаева
Зашаған аулының тұрғыны:
- Мұғалімдер шақырды, Акция өтіп, көмек көрсетеді деп. Біз Оралманбыз. Зашаған ауылында тұрамыз. Қызым 3-мектепте оқиды.
Натаья Ергужиева
№ 12 ЖОББМ директоры:
- Біз шараға 12 бала алып келіп отырмыз. жағдайы нашар отбасылардан шыққан. Сондай ақ, білім беру фондынан ақша бөлінді. 20 жетім баланы көмек алғалы отыр.
Сонымен қатар, № 12, 18 және 32 білім ордаларына су жаңа шағын автобус сыйға берілді. Бұл мектептердің шалғайда тұратын оқушылары енді мектепке қатынау қиындығынан арылатын болады. Ал бөбектерді қуантқан акция қыркүйек айының соңына дейін жалғасады.


Мақалаға баға берсеңіз :

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10
Жарамайды Өте жақсы

Последние новости рубрики


©2005-2010 Internews  |  info:editors@newsfactory.kz  |  О проекте
Қорытылды (сек): 0.6167 & 14 Сұрау