Технологиялар Қатысушылар Жоба туралы
Пайдаланушының аты    Пароль     
На главную
Қош келдіңіздер! «Жаңалықтар фабрикасы» - бұл Қазақстан БАҚ құралдарының өзара ақпарат алмасу жүйесі. Біз жаңалықтар жасаймыз әрі бір-бірімізден үйренеміз. Көрермен мен оқырманды қызықтырып, қайран қалдырып, көңілін көтереміз.
Бүгін
Ізденіс

Ізденіс (Google)
Салалар
   »  Ақпарат ағыны
   »  Қоғам
   »  Экономика
   »  Саясат
   »  Оқиға
   »  Мәдениет
   »  Спорт
   »  Эксклюзив
   »  Табиғат
Арнайы жобалар
   »  Атаулы күндер
   »  Сұхбат
   »  Подкаст




Rambler's Top100


Қатысушылардың сайттары





Қаралымдар: 501    Танымдылық: Орташа рейтинг : 6.00 Қайдан 4 Дауыстар   
26 Тамыз, 2010 09:29 ["ТДК-42" телеарнасы, Орал]

Мәнерлеп сырғанау


Мәнерлеп сырғанаушылар қызу дайындық үстінде. Осыдан бір ай бұрын арнайы іріктеу турында жаттықтырушылар 5 жастан 17 жасқа дейінгі жеткіншектерді сұрыптаған болатын. Олардың ішінен тек 35 талапкер ғана сыннан сүрінбеген. Енді олар мәнерлеп сырғанау спортынан облыс намысын қорғайтын болады.

Мәнерлеп сырғанау
Мәнерлеп сырғанаушылар қызу дайындық үстінде. Осыдан бір ай бұрын арнайы іріктеу турында жаттықтырушылар 5 жастан 17 жасқа дейінгі жеткіншектерді сұрыптаған болатын. Олардың ішінен тек 35 талапкер ғана сыннан сүрінбеген. Енді олар мәнерлеп сырғанау спортынан облыс намысын қорғайтын болады.
Мұз айдыны спорт сарайында азаннан бастап жаттығу жұмыстарына жиналған жеткіншектер мол болды. Әлбетте олардың барлығы да арнайы іріктеуден өтіп, келешектегі спорт додаларына дайындалуда. 5-жастан 17-жасқа дейінгі спортшылардың арасында, мәнерлеп сырғанаудан зор жетістіктерге жеткендері де бар. Солардың бірі- Екатирина Стархова. Бала жастан бастап, спорттың осы бір түріне асқан қызығушылық танытқан ол, бұған дейін Павлодар қаласында өткен республикалық спартакиадада облыс намысын қорғап, жүлделі жетістікпен оралған.
Екатерина Стархова
Республикалық спартакиада жүлдегері:
- Алғашында маған өте қиын болды. Үнемі құлап, қайта көтеріліп, аяғымда нық тұруды үйрендім. Кейін жаттықтырушыларымның көмегімен көптеген жарыстарға шыға бастадым. Соңғы жарыстарымның бірі- Павлодар қаласында өткен республикалық спартакиада. Онда мен қатарластарымнан озық шығып, жеңімпаз атандым. Қуанғаным соншалық, келешектегі жарыстарда да жеңемін деп өзімді өзім бағыттап қойдым.
Ал 7 жастағы Аружан мәнерлеп сырғанау спортына 5 жасында келген. Қазір ол өзінің қатарластарынан анағұрлым озық көрсеткіштермен көзге түсуде. Жаттықтырушылар да бастауыш сынып оқушысының бағындырар белестері әлі де алда екендігін айтады.
Аружан
Жас спортшы:
- Мен келешкете чемпион болғым келеді.
Облыс жаттықтырушысы Александр Солодовщиков өзінің спортшыларын 7 жылдан бері жаттықтырып келе жатқанын айтады. Оның айтуынша, мәнерлеп сырғанау спортына бала кезден бастап қабылдаған дұрыс, бар болғаны баланың әуен мен биге деген сезімі сезіліп тұрса болғаны.
Александр Солодовщиков
Мәнерлеп сырғанаудан облыс жаттықтырушысы:
- Күні бүгін біз 35 баланы іріктеп отырмыз. Барлығы да арнайы тексерістен өткізілді. Көбіне көп жарыстарға қатысарда жасы мен салмағы сәйкес келмей жатады. Сондықтан да бұл жолы біздер барлық жас ерекшеліктерін ескеріп отырмыз. Әрине мәнерлеп сырғанау спорты сырт көзге қарағанда оңай болып көрінуі де мүмкін, дегенмен баланың бойында әуеді естіп, ьиге деген икемділігі болмаса, жаттықтыру жұмыстарын бастап та қажеті жоқ.


Мақалаға баға берсеңіз :

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10
Жарамайды Өте жақсы

Последние новости рубрики


©2005-2010 Internews  |  info:editors@newsfactory.kz  |  О проекте
Қорытылды (сек): 0.4408 & 14 Сұрау