Технологиялар Қатысушылар Жоба туралы
Пайдаланушының аты    Пароль     
На главную
Қош келдіңіздер! «Жаңалықтар фабрикасы» - бұл Қазақстан БАҚ құралдарының өзара ақпарат алмасу жүйесі. Біз жаңалықтар жасаймыз әрі бір-бірімізден үйренеміз. Көрермен мен оқырманды қызықтырып, қайран қалдырып, көңілін көтереміз.
Бүгін
Ізденіс

Ізденіс (Google)
Салалар
   »  Ақпарат ағыны
   »  Қоғам
   »  Экономика
   »  Саясат
   »  Оқиға
   »  Мәдениет
   »  Спорт
   »  Эксклюзив
   »  Табиғат
Арнайы жобалар
   »  Атаулы күндер
   »  Сұхбат
   »  Подкаст




Rambler's Top100


Қатысушылардың сайттары





Қаралымдар: 282    Танымдылық: Орташа рейтинг : 2.00 Қайдан 2 Дауыстар   
27 Тамыз, 2010 09:05 ["ТДК-42" телеарнасы, Орал]

Электронды оқулыққа үлкен үміт жүктелді


Білім беру жүйесіне электронды оқулықтар енгізілмек. Ал оқулықтарды жазуға ТМД мемлекеттерінің ең үздік авторлары тартылмақшы. Десек те, мұндай жаңашылдықтың қай жылдан бастап енгізілетіні әзірше беймәлім. Бірақ , білім министрлігі дайындық жұмыстарына кірісіп кетті.

Білім беру жүйесіне электронды оқулықтар енгізілмек. Ал оқулықтарды жазуға ТМД мемлекеттерінің ең үздік авторлары тартылмақшы. Десек те, мұндай жаңашылдықтың қай жылдан бастап енгізілетіні әзірше беймәлім. Бірақ , білім министрлігі дайындық жұмыстарына кірісіп кетті. Бұл жайында бүгін Астанада өтіп жатқан республикалық педагогикалық кеңестің дәстүрлі жиынында мәлім болды.
Білім саласына жаңа технологиялар енгізіле бастады. Бүгінде мектептер интерактивті тақтамен жабдықталып жатыр. Ғаламторға да еш кедергісіз енуге үлкен мүмкіндік жасалды. Енді білім министрлігі электронды оқулық шығару ісін қолға алды. Ресейдің инновациялық технологияларды дамыту институтымен бірігіп.
Жансейіт Түймебаев
ҚР Білім және ғылым министрі:
- Қазіргідей ақпараттар тасқыны мол заманда тек бір ғана кітапты пайдалану тиімсіз. Сондықтан электрондық оқулық - таптырмас құрал. Бұл оқушыға да ұстазға да аса қажет.
Ендігі жерде кез - келген кітаптың электрондық нұсқасы қоса шығарылмақ. Сондықтан Жансейіт Түймебаев мұғалімдерге электрондық оқулық жазуды шындап қолға алуға кеңес берді. Ал білім саласына басқа да тың заманауи тәсіл енгіздің сан қилы жолдарын бүгін еліміздің әр қиырынан келген жаңашыл ұстаздар кеңінен талқылады.
Хәкима Тұяшова
Облыстық дарынды балаларға арналған мектептің мұғалімі:
- Біздің облыстан алқалы кеңеске 4 мұғалім келді. Жақсы жаңалықтары да бар. Өйткені, облыстық дарынды балаларға арналған мектеп математика, орыс және ағылшын тілдері бойынша электрондық оқулық шығаруды жоспарлап отырған көрінеді.


Мақалаға баға берсеңіз :

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10
Жарамайды Өте жақсы

Последние новости рубрики


©2005-2010 Internews  |  info:editors@newsfactory.kz  |  О проекте
Қорытылды (сек): 0.5571 & 14 Сұрау