Технологиялар Қатысушылар Жоба туралы
Пайдаланушының аты    Пароль     
На главную
Қош келдіңіздер! «Жаңалықтар фабрикасы» - бұл Қазақстан БАҚ құралдарының өзара ақпарат алмасу жүйесі. Біз жаңалықтар жасаймыз әрі бір-бірімізден үйренеміз. Көрермен мен оқырманды қызықтырып, қайран қалдырып, көңілін көтереміз.
Бүгін
Ізденіс

Ізденіс (Google)
Салалар
   »  Ақпарат ағыны
   »  Қоғам
   »  Экономика
   »  Саясат
   »  Оқиға
   »  Мәдениет
   »  Спорт
   »  Эксклюзив
   »  Табиғат
Арнайы жобалар
   »  Атаулы күндер
   »  Сұхбат
   »  Подкаст




Rambler's Top100


Қатысушылардың сайттары





Қаралымдар: 229    Танымдылық: Орташа рейтинг : 0 Қайдан 0 Дауыстар   
27 Тамыз, 2010 09:06 ["ТДК-42" телеарнасы, Орал]

Әуежайдағы әбігер


Бүгін танертең жергілікті уақыт бойынша сағат 9:40-та аттануы тиіс Орал-Алматы бағытындағы ұшақ 3 сағатқа кешікті. Бұған белгісіз біреудің жолаушылардың бірінің жүгінде тасымалдауға тиым салынған зат салынғаны туралы түскен суыт қоңырау себеп болған. Тіркеуден өтіп, ұшаққа бағыт алған жолаушыларды әуежай қызметкерлері кері қайтарды.

Бүгін танертең жергілікті уақыт бойынша сағат 9:40-та аттануы тиіс Орал-Алматы бағытындағы ұшақ 3 сағатқа кешікті. Бұған белгісіз біреудің жолаушылардың бірінің жүгінде тасымалдауға тиым салынған зат салынғаны туралы түскен суыт қоңырау себеп болған. Тіркеуден өтіп, ұшаққа бағыт алған жолаушыларды әуежай қызметкерлері кері қайтарды. Алдымен бұл түсініксіз жағдай техникалық себептерге байланысты деп түсіндірілді. Аз ғана уақыттан кейін әуежайға жедел құтқару жасағы мен ұлттық қауіпсіздік қомитеті департаментінің қызметкерлері мен тәртіп сақшылары келіп жетті.
Біржан Сарсенов
Орал халықаралық әуежайының авиациялық қауіпсіздік қызметі бастығының орынбасары:
- Орал-Алматы бағытындағы 882 рейстің ұшағы. Анықтама бөліміне белгісіз біреу қоңырау шалған. Соған байланысты қажетті шаралар қабылдадық. Жолаушылар мен жүктерді қосымша тексеріп шықтық. Қазір ұлттық қауіпсіздік комитеті департаментінің қызметкерлерімен тексеріс жүруде. Орын алған мәселе анықталатын болады.


Мақалаға баға берсеңіз :

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10
Жарамайды Өте жақсы

Последние новости рубрики


©2005-2010 Internews  |  info:editors@newsfactory.kz  |  О проекте
Қорытылды (сек): 0.5237 & 14 Сұрау