Технологиялар Қатысушылар Жоба туралы
Пайдаланушының аты    Пароль     
На главную
Қош келдіңіздер! «Жаңалықтар фабрикасы» - бұл Қазақстан БАҚ құралдарының өзара ақпарат алмасу жүйесі. Біз жаңалықтар жасаймыз әрі бір-бірімізден үйренеміз. Көрермен мен оқырманды қызықтырып, қайран қалдырып, көңілін көтереміз.
Бүгін
Ізденіс

Ізденіс (Google)
Салалар
   »  Ақпарат ағыны
   »  Қоғам
   »  Экономика
   »  Саясат
   »  Оқиға
   »  Мәдениет
   »  Спорт
   »  Эксклюзив
   »  Табиғат
Арнайы жобалар
   »  Атаулы күндер
   »  Сұхбат
   »  Подкаст




Rambler's Top100


Қатысушылардың сайттары





Қаралымдар: 264    Танымдылық: Орташа рейтинг : 0 Қайдан 0 Дауыстар   
27 Тамыз, 2010 09:07 ["ТДК-42" телеарнасы, Орал]

Жолы болмағандар жанжалы


Орал медициналық колледжіне оқуға түспек болған талапкерлер енді құжаттарын қайтып ала алмай, әлекке түсуде. Білім бәйгесінде жолы болмағандар бұл келеңсіздіктің азаннан басталғанын айтады.

Орал медициналық колледжіне оқуға түспек болған талапкерлер енді құжаттарын қайтып ала алмай, әлекке түсуде. Білім бәйгесінде жолы болмағандар бұл келеңсіздіктің азаннан басталғанын айтады. Ал қабылдау комиссиясының мүшелері биыл осы оқу орнына тапсырған талапкерлердің шектен тыс көп екендігін және бір күннің ішінде олардың құжатын кері қайтару мүмкін еместігін жеткізді. Болуы мүмкін кикілжіңнің алдын алмақ болған оқу орнының басшылығы полиция көмегіне де жүгінді.
Оқуға өтпей, құжаттарын кері қайтарып алмақ болғандар қазір иін тірескен кезекте тұр. Азаннан бері әуреге түскен олар қабылдау комиссиясына наразылығын білдіруде.
Алтынгүл Қуанышева
Қала тұрғыны:
- Таңертеңнен бері тұрмыз. Құжаттарымызды кері ала алар емеспіз. Осыны ойластырмаған, түске дейін үш адам құлады, қазір ана жерде төбелесіп жатыр.
Өз ренішін бұлай білдіргендер ондап саналады. Қабылдау комисссиясына жолықпақ болған олардың бұл әрекетінен ештеме шықпай, өгейдің күйін кешкен. Тәртіп сақшыларының көмегіне жүгінген оқу орнының басшылығы бұл келеңсіздікті оқуға түсе алмай жолы болмағандардың әдейі ұйымдастыруы мүмкін екендігін жасырмайды. Медколледжде барлығы 225 студент тегін білім ала алады, ал ақылы бөлімде 50-ге тарта талапкерге орын қарастырылған. Бірақ, биыл оқуға тапсырушылар қатары жылдағыдан көп. Бас-аяғы бірер аптада талапкерлер саны мыңнан асып жығылған. Келімсектердің көбісі - жоғары оқу орнына түсе алмай тауы шағылғандар. Олардың кесірінен оқуға түсу балы жоғарылап, дәрігер болмаққа шын талпынғандардың бағын байлап отыр дейді колледж директоры.
Мақсот Берген
Орал медколледжінің директоры:
- Олар ЖОО-ға түсе алмағасын, қайтсем де бір оқуға өтем де осында келгендер. Олардан медик шықпайды, бос әурешілік, студенттердің қатарын көбейтеді, сол ғана. Мен оны ата-аналарына да айттым...)
Қазір жолы болмаған 800-ге тарта талапкердің өтінішін қайтып алуда. Қолда бар құжатты бір күнде таратып үлгірмейтінін айтқан қабылдау комиссиясының мүшелері келушілерді сабыр сақтауға шақыруда.


Ортақ өгізден оңаша бұзауым артық


Мақалаға баға берсеңіз :

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10
Жарамайды Өте жақсы

Последние новости рубрики


©2005-2010 Internews  |  info:editors@newsfactory.kz  |  О проекте
Қорытылды (сек): 0.7165 & 14 Сұрау