|
|
Бүгін
05.01 (11:56) Жаңа жыл
10.02 (15:51) Авторлық құқық қалай қорғалады? 10.02 (15:50) Айналымға 5 мың теңгенің жаңа номиналы енді 10.02 (15:45) Тегін Медеу 10.02 (12:35) Авторлық құқық 10.02 (08:45) 10 ақпан |
|
Ортақ өгізден оңаша бұзауым артықПавлодарская көшесіндегі 3/1 үйінің кейбір тұрғындары электр қуатына ақшаны көп төлейтінін айтып, мұңын шағуда. Бұған себеп, тұрғындар электр қуатын пайдаланғаны үшін төлемақыны ортақ есептегіш арқылы жүргізеді екен. Осының салдарынан жарықты аз қолданатындар көп қолданатындар үшін төлеуге мәжбүр болып отыр. Үй иелері электр қуатын ортақ есептегішпен есептеуге наразылық білдіруде. Өйткені, электр қуатын көп пайдаланатын өзгелер үшін артық ақша төлеуге мәжбүрміз дейді. Марат Омаров Үй тұрғыны: - Ай сайын екі, екі жарым мың теңге төлейміз. үйім 12 шаршы метр. 2 лампочка мен телевизор және холодильник қана бар. ешқандай кск-ға жатпайсындар дейді. ортақ есептегішпен төлейсіңдер деп отыр. Тұрғындар әр үйге жекелеген есептегіш қоюды да ойластырыпты. Алайда, жарық ақысын төлеу бұрынғы қалпында қалатындығын естігесін бұдан бас тартқан. Жанар Талыпова Үй тұрғыны: - 1 бөлмелі, 11 шаршы метр үйім. жоғарғы қабаттағы үйлерде кондиционер, су жылытатын титан бар. ал менде холодильник, теледидер ғана. ақшаны көп төлейміз. Алайда, жауапты мекемедегі мамандар мұндай жатақханалардағы электр қуатына қосылу жүйесі өзгеше екендігін айтып отыр. Сол себепті, олар тұрғын үй атынан тек бір ғана тұлғамен келісім-шартқа отырып, есептесеміз дейді. Ал, жекелеген есептегіштер қойып, қадағалау тұрғындардың өздерінің арасында шешілуі қажет деп отыр. Алтай Исмагулов "БҚ ТЭК" АҚ бөлім бастығы: - Біздер тек бір адамнан есеп аламыз, келісім шартқа отырып. Мәселені басқаша шешу үшін қалалық әкімдікке хабарласулары қажет. Қазір қала бойынша ортақ есептегіш арқылы электр қуатымен есептесетін осындай 77 үй бар екен. Последние новости рубрики
10.02 (15:51) Авторлық құқық қалай қорғалады?
10.02 (15:50) Айналымға 5 мың теңгенің жаңа номиналы енді 10.02 (15:45) Тегін Медеу 10.02 (12:35) Авторлық құқық 09.02 (11:43) Алматыда екі күнде заңсыз жүрген 700-ден аса кірме ұсталды 09.02 (11:17) Қазақстан нарығында жанар-жағармай тапшылығы орын алуы мүмкін 08.02 (15:39) Көкек әкелер |
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||