|
|
Бүгін
05.01 (11:56) Жаңа жыл
10.02 (15:51) Авторлық құқық қалай қорғалады? 10.02 (15:50) Айналымға 5 мың теңгенің жаңа номиналы енді 10.02 (15:45) Тегін Медеу 10.02 (12:35) Авторлық құқық 10.02 (08:45) 10 ақпан |
|
Баянсыз болған қуаныш"Тұрғын үй" мемлекеттік бағдарламасы бойынша жаңа үйден баспаналы болған жүзге тарта оралдықтың қуанышы су сепкендей басылды. Жуырда ғана пайдалануға берілген 9-ықшамуадандағы 13 -ші үйде көгілдір отын жоқ. Амалы таусылған тұрғындар газ баллондары мен электр плиталарын пайдалануға мәжбүр. 9-шы ықшамауданнан бой көтерген бұл үйдің қазіргі уақытта тұрғындары толық. Дегенмен 7 айдан бері көгілдір отыннан берілмеуі баспанаға жаңадан қоныстанған мүгедек және зейнет жасындағы тұрғындар үшін ауыр тиіп отыр. Олардың айтуынша, онсыз да ай сайын төленетін ипотекалық несиеге енді газ баллондары мен электр плиталарының шығыны қосылған. Нәсіп Ештаева Үй тұрғыны: - Амалсыздың күнін кешіп отырғанымызды көрмей ме? Не деген масқара, газ кіргеннен бастап жоқ. Соның кесірінен қосымша шығындануға тура келеді. Ол қауіпті емес пе?. Баллон бір күні жарылса не болады? Тұрғындардың айтуынша, осы үйді өз қарамағына алған пәтер иелері кооперативі тарапынан да ешбір қозғалыс байқалмайды. Бір айдан бері қарай осы проблеманы талқыламаққа күнде кешкісін жиналатын тұрғындардың көретіні жалғыз хабарландыру ғана. Алайда газ өткізіледі, үйлеріңде болыңдар! деген мәтіндегі хабарландыру ізімен, тіпті қызметтен сұранған пәтер тұрғындары ешкімнің де есік соғып келмегенін айтады. Амалы құрыған тұрғындар күні кеше қалалық әкімдікке көмек арыз жазып, мәселені шешіп беруі өтінген. Ал қалалық құрылыс бөлімінің мамандары болса, газ өткізу ісінің тежеліп тұруын тұрғындардың кінәсінен екендігін айтады. Өйткені ұйымдасқан жұмыстың ғана жемісі болады, дейді олар. Қуаныш Мұхамбетқалиұлы Орал қалалық "Құрылыс бөлімі" мм-нің бастығы: - Бұл үйдегі тұрғындар ұйымдасып, бір де бірі қалмастан қызығушылық танытса, іс әлдеқашан бітер еді. Тым құрығанда бір пәтер қожайыны болмай қалса, жұмыс мүлдем жүрмейді. Барлығы бірігіп, ақша жинаулары керек. Осылайша, енді №13- үйдің тұрғындарына көгілдір отынның қызығына кенелу үшін ұйымдасқан түрде қаражат жинап, үйлерін иесіз қалдырмау қажет. Олай болмаған жағдайда проблеманың оңайлықпен шешіліп кетуі де екіталай. Қалалық әкімдікке қарасты құрылыс бөлімінің берген жауабы осындай. Последние новости рубрики
10.02 (15:51) Авторлық құқық қалай қорғалады?
10.02 (15:50) Айналымға 5 мың теңгенің жаңа номиналы енді 10.02 (15:45) Тегін Медеу 10.02 (12:35) Авторлық құқық 09.02 (11:43) Алматыда екі күнде заңсыз жүрген 700-ден аса кірме ұсталды 09.02 (11:17) Қазақстан нарығында жанар-жағармай тапшылығы орын алуы мүмкін 08.02 (15:39) Көкек әкелер |
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||