|
|
Бүгін
05.01 (11:56) Жаңа жыл
10.02 (15:51) Авторлық құқық қалай қорғалады? 10.02 (15:50) Айналымға 5 мың теңгенің жаңа номиналы енді 10.02 (15:45) Тегін Медеу 10.02 (12:35) Авторлық құқық 10.02 (08:45) 10 ақпан |
|
Мүгедек мұңын кім тыңдар?Елімізде қыз-келіншектер құқы аяқасты болуда. Жыл сайын тұрмыстағы зорлық-зомбылық салдарынан 500-ге тарта келіншек көз жұмады екен. Ал ересектерден жапа шегіп, бақилық болған балалар есепке алынбайтын көрінеді. Бүгінде мамандар тұрмыстағы зорлық-зомбылықты бірнеше түрге бөліп қарастыруда. Оның біріншісі әлжуаз жандарды төсек қатынасына күштеп итермелеу болса, екіншісі экономикалық тұрғыда қысым көрсету. Бұдан бөлек, тұрмыс құрған қыздар баламен үйде отырып қалады да, қызметтік өсу баспалдағында түрлі кедергілерде ұшырайды. Тіпті күнделікті қарым-қатынаста да әйелдерді төмен санау дерегі жиі кездесіп тұрады. Осы және өзге де мәселелерді ортаға салған мүгедектердің үкіметтік емес ұйымдары қаламызда әйелдерге арналған күйзеліс орталығының жоқ екендігін де жасырмады. Сондықтан, осы орталықты ашуға ынта білдіргендердің көмектен тысқары болмайтынын жеткізді. Бұдан бөлек мамандар монғолиялық жігіттердің өз әйелдері тарапынан қысым көріп жатқанын да жария етті. Зүлфия Байсакова Қазақстандық күйзеліс орталықтары одағының жетекшісі: - Мұндай жағдайдың Қазақстанда да қайталануы мүмкін. Өйткені, біздің жігіттер 9-класты бітіре сала қызметке тұрып, кәсіппен айналысып, пайда табуға тырысады. Олардың кейбірі жоғары білімнің қажеті жоқ деп те санайды. Осыдан кейін еркек пен әйелдің арасалмағы өзгереді. Білімді әйелдер билікке ұмтылып, ер азаматтар құр орындаушы ретінде төмендей береді. Жоғарыда айтқан Монғолиядағы жағдайға осындай өзгерістер түрткі болды. Последние новости рубрики
10.02 (15:51) Авторлық құқық қалай қорғалады?
10.02 (15:50) Айналымға 5 мың теңгенің жаңа номиналы енді 10.02 (15:45) Тегін Медеу 10.02 (12:35) Авторлық құқық 09.02 (11:43) Алматыда екі күнде заңсыз жүрген 700-ден аса кірме ұсталды 09.02 (11:17) Қазақстан нарығында жанар-жағармай тапшылығы орын алуы мүмкін 08.02 (15:39) Көкек әкелер |
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||