|
|
Бүгін
05.01 (11:56) Жаңа жыл
10.02 (15:51) Авторлық құқық қалай қорғалады? 10.02 (15:50) Айналымға 5 мың теңгенің жаңа номиналы енді 10.02 (15:45) Тегін Медеу 10.02 (12:35) Авторлық құқық 10.02 (08:45) 10 ақпан |
|
Үш үйелмен үйсіз қалдыБүгін түнде ет комбинаты көшесіндегі екі қабатты үйден өрт шықты. Түн ортасында дүрліктірген тілсіз жаудан бас сауғалаған кейбір тұрғындар екінші қабаттан секіріп құтылған көрінеді. Өрттен үрейленген олар қорқыныш құшағында таңды атырған. Қазір жергілікті билік баспанасыз қалған азаматтарды уақытша орналастыратын мекен қарастыруда. Суыт хабар төтеншеліктерге түнгі сағат бірлер шамасында түскен. Бірінші қабаттан шыққан өрт көрші пәтерлерді де бүлдірген. Қайда қашарын білмеген тұрғындар, тіпті екінші қабаттағы терезелерден де қарғыпты. Енді, тұрғындар қайда барарын білмей, мұңын шағуда. Зоя Хайредденова Үй тұрғыны: - Түнде ночьта болдым. звондап айтты.келсем өртеніп кеткен. жалғыз басты анамын. балам армияға кетті. Сәбира Сатыбалдиева үй тұрғыны: - Ауылдан әкем келген. Бір қолы мен аяғын инсульт соққан. Көршілер пожар деп айқайлап жатты. Жолдасым екі баланы шығарды.Сосын әкемді шығардық. Ұлзипа Мақанова Үй тұрғыны: - Балдарды терезеден лақтырдық. Төртеуі де кәмелетке толмаған. Жақында оқу басталады. Біреуі бетпен түсті, ал біреуі оң жағын ауыртып алған.скорый шақырғанбыз, нашли бесплатную скорую деп айтты. Тілсіз жау 70 шаршы метр ауданды шарпыған. Мамандар өрттің Пелагея Нестерова есімді азаматшаның пәтерінен шыққандығын анықтады. Әділбек Мұханбетов БҚО ТЖД аға анықтаушысы: - Оқиға орнынан 47 адам құтқарылды. Сонымен қатар, бірқатар жарақаттар алғандары бар. Болжам бойынша өрт пәтер иесі 1937 жылы туылған азаматша Нестерованың отты пайдалануындағы абайсыздығынан пайда болған. Ал, пәтердің тұрғыны Пелагея Нестерова болса, өрт шыққан уақытта оны өздігімен тоқтатпақ болыпты. Бірақ, оның бұл әрекеті зая кеткен. Пелагея Нестерова үй тұрғыны: - Барлық дүние мүлкім жанып кетті. Міне, дымсыз қалдым. Киімді де сұрап киіп отырмын. Өрт сөндірушілер жалын шыққан үйдегі отты таңертең де сөндіріп жатты. Осылайша, олар өрттің қайталап шығуының алдын алмақ. Айымжан Лұқпанова Облыстық өрт сөндіру қызметінің бас маманы: - Өрт сөндіру қиын болды. Үй өртке бейім материалдардан жасалған. Сондықтан, әлі де тексеріп, жұмыстанудамыз. Қазір жергілікті билік баспанасыз қалған тұрғындарға уақытша орналасу орнын қарастыруда. Последние новости рубрики
10.02 (15:51) Авторлық құқық қалай қорғалады?
10.02 (15:50) Айналымға 5 мың теңгенің жаңа номиналы енді 10.02 (15:45) Тегін Медеу 10.02 (12:35) Авторлық құқық 09.02 (11:43) Алматыда екі күнде заңсыз жүрген 700-ден аса кірме ұсталды 09.02 (11:17) Қазақстан нарығында жанар-жағармай тапшылығы орын алуы мүмкін 08.02 (15:39) Көкек әкелер |
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||