|
|
Бүгін
05.01 (11:56) Жаңа жыл
09.02 (11:43) Алматыда екі күнде заңсыз жүрген 700-ден аса кірме ұсталды 09.02 (11:35) "Мирич груп" компаниясының басшыларына іздеу жарияланды 09.02 (11:17) Қазақстан нарығында жанар-жағармай тапшылығы орын алуы мүмкін 08.02 (15:39) Көкек әкелер 08.02 (15:33) Алматыдағы қоғамдық көліктердің бағыттары өзгерді |
|
Үйдегі бағаны базардағы нарық жеңеді...Үйдегі бағаны базардағы нарық жеңеді... Базарлардағы кейбір азық-түлік бағасы қымбаттап отыр. Мамандар баға бақылауға алынады делінсе де, әзірге нәтиже болмай отыр. Ал зейнеткерлер жекелеген тауар түрлерінің құны екі есеге дейін өскенін айтады. Базар сөрелеріндегі азық-түліктің қаншалықты қымбаттағанын аңғару тұтынушылар үшін қиынға соқпайды. Базарға келген тұрғындар күнбағыс майының бағасы 10-20 теңге шамасында өскенін, ал қарамықтың бір келісі екі есеге қымбаттағанын айтады. Жаңылсын Жұмағұлова Сатушы: - Менде сұйық май қымбаттады. Басқа ешнәрсе қымбаттаған жоқ. Бұрын 215, сосын 230, қазір 250 теңге тұрады. Лето деген күнбағыс майы. Хозяюшка да, барлық түрінің бағасы көтерілді. Дина Таленова Сатушы: - Бізде гречка және күнбағыс майы қымбаттады. Гречканың бағасы екі еседей өсіп отыр. Бұрын 100 теңгеден сатқанбыз, қазір өзіміз көтерме сауда бойынша 200 теңгеден алып отырмыз. Бағаның бұлайша құбылуы қарапайым халықты қинайтыны тағы белгілі. Құрықсыз кеткен құнның шарықтағанына алдымен зейнеткерлер алаңдаулы. Меруерт Мұқанғалиева Қала тұрғыны: - Біз пенсионерміз. 20 мың аламыз.Не алып жейміз. Ал, мына әжей 25 мың алады. Қиын. Гречка 100 пайызға қымбаттаған. Нағыз күнделікті керек тамақтар. Осыған дейін бәсекелестікті қорғау агенттігі сауда орындарын бақылап, бағаны бұғауда ұстайтынын айтқан болатын. Осы уәде мен нақты істің қашан қиысарына уақыт төреші. Последние новости рубрики
09.02 (11:43) Алматыда екі күнде заңсыз жүрген 700-ден аса кірме ұсталды
09.02 (11:17) Қазақстан нарығында жанар-жағармай тапшылығы орын алуы мүмкін 08.02 (15:39) Көкек әкелер 08.02 (15:33) Алматыдағы қоғамдық көліктердің бағыттары өзгерді 08.02 (15:30) Орындалмаған уәде 08.02 (15:28) Жалған полистер 08.02 (15:26) Қазақстандық азаматтардың құқын қорғауға арналған ұлттық жоспар |
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||