|
|
Бүгін
05.01 (11:56) Жаңа жыл
10.02 (15:51) Авторлық құқық қалай қорғалады? 10.02 (15:50) Айналымға 5 мың теңгенің жаңа номиналы енді 10.02 (15:45) Тегін Медеу 10.02 (12:35) Авторлық құқық 10.02 (08:45) 10 ақпан |
|
Сапа мен көрсеткішАл бүгін қала мектептерінің мұғалімдері тамыз мәслихатында бас қосты. Жиында оқу жылына дайындық қамымен қатар, ҰБТ нәтижесі де айтылды. Қалалық білім бөлімі биылғы ұлттық тестілеуде қаланың таңдаулы мектептерінің көрсеткіші нашар болғанын қатаң сынға алды. Оқушыларын сынаққа дұрыс дайындамаған мектеп басшылары мен сынып жетекшілерінің аттары да аталды. Ал бастауыш сынып оқушылары арасында өткізілген аралық бақылау емтиханының нәтижесі де көңіл көншітерлік емес. Білім беру саласының басшылары бұл жағдайды мұғалімдердің "көңілшектіктігімен" байланыстырады. Оқушыны ынталандыру үшін бағаны қолдан көтеріп қойған оқытушылар ақырында бармақ тістеуге мәжбүр болды. Бұдан бөлек, жоғары класс оқушыларының арасында қылмысқа бой ұру дерегі де жиілеген. Мысалы, 10-класс оқушысының бір өзі 7 қылмыс жасап, арнайы есепке алыныпты. Осындай мінезі қиын жеткіншектермен жүргізілер жұмыстың жайы сын көтермейді. Қала әкімі болашақта осындай кемшіліктерден сабақ алып, қатемен жұмыс жасауға шақырды. Дайыр Сапаров Орал қалалық білім бөлімінің бастығы: - Жағдай нашар, мақтаулы қала мектептерінің талантты деген шәкірттері көңілімізден шықпады. Бастауыштың оқушылары туралы айтар болсақ, ол бөлек әңгіме. Білім сапасы нашарлап кеткен. Бәрі де бағаны көтеріп қоюдың кесірі. Последние новости рубрики
10.02 (15:51) Авторлық құқық қалай қорғалады?
10.02 (15:50) Айналымға 5 мың теңгенің жаңа номиналы енді 10.02 (15:45) Тегін Медеу 10.02 (12:35) Авторлық құқық 09.02 (11:43) Алматыда екі күнде заңсыз жүрген 700-ден аса кірме ұсталды 09.02 (11:17) Қазақстан нарығында жанар-жағармай тапшылығы орын алуы мүмкін 08.02 (15:39) Көкек әкелер |
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||