|
|
Бүгін
05.01 (11:56) Жаңа жыл
09.02 (11:43) Алматыда екі күнде заңсыз жүрген 700-ден аса кірме ұсталды 09.02 (11:35) "Мирич груп" компаниясының басшыларына іздеу жарияланды 09.02 (11:17) Қазақстан нарығында жанар-жағармай тапшылығы орын алуы мүмкін 08.02 (15:39) Көкек әкелер 08.02 (15:33) Алматыдағы қоғамдық көліктердің бағыттары өзгерді |
|
Атазаңға 15 жылБиыл Ата Заңымызға - 15 жыл. Осы мерзім ішінде мемлекетте ешқандай саяси дағдарыс болған жоқ. Керісінше, еліміздің басты құжаты татулық пен тұрақтылықтың берік тұтқасына айналды. Бұл туралы бүгін Нұрсұлтан Назарбаев Астанада басталған «Конституция - мемлекеттің демократиялық дамуының негізі» атты халықаралық ғылыми-тәжірбиелік конференцияда мәлімдеді. Бұл заң саласындағы ең жоғарғы сыйлық «ФЕМИДА» мүсіні. Бүгін халықаралық заңгерлер Одағының төрағасы қола мүсінді құқықтық институттарды дамытып, азаматтық қоғам орнатудағы рөлі үшін Нұрсұлтан Назарбаевқа табыс етті. Мұндай марапатты күтпеген болуы керек Елбасы, өзінің заңгер еместігін алайда, Конституцияны әзірлеу барысында әлем тәжірбиесін терең зерделеп шыққанын жасырмады. Нұрсұлтан Назарбаев ҚР Президенті: - Когда мы составляли эту Конституцию, я лично изучил 25 конституций мира, конспектировал, чтобы более аргументировано спорить с моими коллегами-юристами Казахстана, которые мне оппонировали по каждой статье Конституции, когда им казалось, что какая-то статья недемократичная я тут же вытаскивал конспект и говорил: а что Франция демократическая страна, или Италия, или Германия?! Таким способом в большом споре родилась эта Конституция. Тарих үшін 15 - жыл қас-қағым сәт. Десек те, осы мерзім ішінде басты құжатқа екі рет түзету енгізілді. Ал бұл өзгерістер президенттік билікті қазіргіден де, нығайта түсті. Мақсұт Нәрікбаев «ӘДІЛЕТ партиясының» төрағасы: - Соңғы рет 2007 жылы өзгеріс енгізілгенін білесіз. Қазіргі конституция - азаматттардың құқығын қорғауда, әлеуметтік экономикалық тұрғыдан - өз міндетін толық орындап отыр,-деп айта аламын. Атазаңның алдында барлық азаматтар тең құқылы. Ұлтына, дініне қарап алалау жоқ . Алайда, елді демократияландыру жолында атқарылатын шаруа әлі де, жетерлік. Шетелдік сарапшылардың айтуынша, Қазақстан экономикада айтарлықтай табысқа жетті. Енді құқықтық мемлекетке айналуы тиіс. Нина Карпочева Украйна радасының адам құқықтарын қорғау жөніндегі арнайы өкілі: - Әрине, бұл болашақтың ісі. Бір белгілісі - адам құқықтарын сақтау, азаматтардың өз ойын ашық айтуға, еркін баспасөз орнатып, азаматтық қоғам құру - заман талабы. Украйна да Қазақстанмен бірге осы бағытта алға жылжып келеді. Бүгін қызупікірталас өрбіген ғылыми тәжірбиелік конференцияға әлемнің 20 елінен келген қоғам қайраткерлері мен саясаткерлері қатысты. Алқалы жиын ертең де жалғасын табады. Последние новости рубрики
09.02 (11:43) Алматыда екі күнде заңсыз жүрген 700-ден аса кірме ұсталды
09.02 (11:17) Қазақстан нарығында жанар-жағармай тапшылығы орын алуы мүмкін 08.02 (15:39) Көкек әкелер 08.02 (15:33) Алматыдағы қоғамдық көліктердің бағыттары өзгерді 08.02 (15:30) Орындалмаған уәде 08.02 (15:28) Жалған полистер 08.02 (15:26) Қазақстандық азаматтардың құқын қорғауға арналған ұлттық жоспар |
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||