|
|
Бүгін
05.01 (11:56) Жаңа жыл
10.02 (15:51) Авторлық құқық қалай қорғалады? 10.02 (15:50) Айналымға 5 мың теңгенің жаңа номиналы енді 10.02 (15:45) Тегін Медеу 10.02 (12:35) Авторлық құқық 10.02 (08:45) 10 ақпан |
|
Алаштың атын «Атилла» шығарды.Алаштың атын «Атилла» шығарды. Қазақстанда жасалған! Ұлттық банк дайындаған "Аттила" монетасы халықаралық монеталар байқауында жүлделі орынды иемденді. Аталмыш байқау Санкт-Петербургте өткізілген болатын. Ал Ұлттық Банк мамандары қазақ елінің монеталары шетелдік сарапшыларды өзіндік ерекшеліктерімен елең еткізгендігін айтады. Мұны кезінде тіпті ағылшын королевасы да мойындаған болатын. "Атиллаға" дейін еліміздің монета сарайы "Салт атты, "Ғарыш", "Диадема бөлігі" секілді бес монета шығарған еді. Бұдан кейін дүниеге келген "Шыңғыс хан" екі аталымның иегері болса, 2006-жылы шығарылған он мың теңгелік купюра "Үздік жаңа банкнот" атағын иеленді. Ал "Аттиланың" дәрежесін халықаралық деңгейдегі сарапшылар мойындады. Ғалия Сатыбалдина "ҚР Ұлттық банкі" ММ БҚОФ директорының орынбасары: - Тек монеталар ғана емес, біздің банкноттардың жоғары деңгейде екендігін Англияның ханшайымы да мойындады. Сарапшылар теңгенің қорғаныш қабілетіне баса назар аударып, оның халықаралық талаптарға сай екендігін баса айтты. Ұлттық Банк мамандарының сөзінше, қазір осындай монеталар бірнеше түрге жіктеледі. Олар - инвестициялық салымдарға бергісіз теңгелер мен көне жәдігерлерді жинаушылар қызығатын коллекциялық монеталар. Еркін айналымға шығарылған бұл бұйымдар тез сатылып кетеді екен. Ал инвестициялық және коллекциялық монеталар алтын мен күмістен жасалған. Сатып алып, инвестиция ретінде пайдалануға болатын монеталардың бағасы құбылып тұрады, бұл бағам Лондон қор биржасының курсына байланысты. Коллекциялық монеталарда алтын мен күміс металдары пайдаланылады, бірақ, аз ғана мөлшерде. Әрі олардың саны да шектеулі, бағасы да жоғары. Ғалия Сатыбалдина "ҚР Ұлттық банкі" ММ БҚОФ директорының орынбасары: - Монеталардың құрамында алтын мен күміс металдары бар. ал олардың бағасы жыл өткен сайын қымбаттайды. Мысалы, Ұлттық банктің төрағасы осыдан бірнеше жыл бұрын сатып алынған монеталардың 57 есе қымбаттағанын айтты. Сондықтан, монета саудасы біле білсеңіз кіріс көзі. Ұлттық банк мамандары басы артық қаржыны сақтау үшін осы монеталарды сатып алуға болатынын айтады. Олардың құны 4,5 мың теңгеден басталады. Әрі олардың бағасы жыл сайын өзгеріп тұрады екен. Өзіңізді қызықтырған бұл құнды бұйымдарды Ұлттық Банктің жергілікті бөлімшесінен сатып алуға болады. Ал нақты мәліметтер туралы білгіңіз келсе, онда ұлттық банктің ресми сайтына кіріп, танысуыңызға болады. Последние новости рубрики
10.02 (15:51) Авторлық құқық қалай қорғалады?
10.02 (15:50) Айналымға 5 мың теңгенің жаңа номиналы енді 10.02 (15:45) Тегін Медеу 10.02 (12:35) Авторлық құқық 09.02 (11:43) Алматыда екі күнде заңсыз жүрген 700-ден аса кірме ұсталды 09.02 (11:17) Қазақстан нарығында жанар-жағармай тапшылығы орын алуы мүмкін 08.02 (15:39) Көкек әкелер |
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||