Технологиялар Қатысушылар Жоба туралы
Пайдаланушының аты    Пароль     
На главную
Қош келдіңіздер! «Жаңалықтар фабрикасы» - бұл Қазақстан БАҚ құралдарының өзара ақпарат алмасу жүйесі. Біз жаңалықтар жасаймыз әрі бір-бірімізден үйренеміз. Көрермен мен оқырманды қызықтырып, қайран қалдырып, көңілін көтереміз.
Бүгін
Ізденіс

Ізденіс (Google)
Салалар
   »  Ақпарат ағыны
   »  Қоғам
   »  Экономика
   »  Саясат
   »  Оқиға
   »  Мәдениет
   »  Спорт
   »  Эксклюзив
   »  Табиғат
Арнайы жобалар
   »  Атаулы күндер
   »  Сұхбат
   »  Подкаст




Rambler's Top100


Қатысушылардың сайттары





Қаралымдар: 227    Танымдылық: Орташа рейтинг : 0 Қайдан 0 Дауыстар   
1 Қыркүйек, 2010 10:11 ["ТДК-42" телеарнасы, Орал]

Үкіметтік жоспар


Келер жылдан бастап ел экономикасы қазіргіден де, жоғары қарқынмен дамиды. Алдағы бес жылда барлық салада алға жылжу, өсім болады. Осының арқасында 2015 жылға таяу ішкі жалпы өнім 4,1 пайызға жетеді,-деп жоспарланып отыр.

Келер жылдан бастап ел экономикасы қазіргіден де, жоғары қарқынмен дамиды.
Алдағы бес жылда барлық салада алға жылжу, өсім болады. Осының арқасында 2015 жылға таяу ішкі жалпы өнім 4,1 пайызға жетеді,-деп жоспарланып отыр. Бұл жөнінде
бүгін 2011-2015 жылдарға арналған еліміздің әлеуметтік-экономикалық даму болжамы талқыланған Үкіметтің кезекті отырысында белгілі болды.
Алдағы бес жылға жоспар құрып, әлемдік экономикадағы ахуалды жіті зерделеп шыққан шенеуніктердің баяндамасы - оптимизмге толы. Өйткені, келер жылдан бастап - ақ, ел экономикасының әлеуеті артып, жоғары қарқынмен дамиды . Әсіресе, ауылшаруашылығы 4,8 ал өнеркәсіпті өңдеу саласының өсімі 7 пайызға дейін ұлғаймақ. Тағы бір болжамға сенсек, 2015 жылға қарай ішкі жалпы өнім де, еселене түспек.
Жанар Айтжанова
ҚР Экономикалық даму және сауда министрі:
- Еліміздің нақты жалпы ішкі өнімінің өсу темпі 2011 жылы 3,1 пайызды, 2012 жылы 3,3 пайызды, 2013 жылы 3,5 пайызды құрап, 2015 жылға дейінгі кезеңде орташа есеппен 4,1 пайызға жетеді деп болжануда.
Инфляция деңгейі де 6-8 пайыздан аспауы тиіс. Сондай-ақ,
алдағы бес жылда бір баррель мұнайдың құны орта есеппен 65 АҚШ доллары болады. Бірақ, 2011 жылдан бастап эспортталатын қара алтынға салынатын баж салығы екі есеге артпақ. Яғни, тоннасына 40 доллардан бекітілмек. Ал экономиканың басым бағыттарын дамытуға қазынадан кезең-кезеңімен қыруар қаржы бөлінбекші.
Болат Жәмішев
ҚР Қаржы министрі:
- Экономиканың басым секторын дамытуға 772 млд теңге бөлінеді. Атап айтқанда, 2011 жылы 287, 2012 жылы 259, 2013 жылы 234 ...
Әрине, бұл соманың бәрі миллиардпен саналады. Қысқасы, 2015 жылға таяу төл экономиканың тасы өрге домаламақ . Үкімет мұндай ұйғарымға еліміздің мұнай, металл және бидай сияқты негізгі экспорттық тауарларына деген сұранысқа сай жасалған болжамнан соң келген. Ал оның қаншалықты іске асарына алдағы уақыт төреші.


Мақалаға баға берсеңіз :

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10
Жарамайды Өте жақсы

Последние новости рубрики


©2005-2010 Internews  |  info:editors@newsfactory.kz  |  О проекте
Қорытылды (сек): 0.5968 & 14 Сұрау