Технологиялар Қатысушылар Жоба туралы
Пайдаланушының аты    Пароль     
На главную
Қош келдіңіздер! «Жаңалықтар фабрикасы» - бұл Қазақстан БАҚ құралдарының өзара ақпарат алмасу жүйесі. Біз жаңалықтар жасаймыз әрі бір-бірімізден үйренеміз. Көрермен мен оқырманды қызықтырып, қайран қалдырып, көңілін көтереміз.
Бүгін
Ізденіс

Ізденіс (Google)
Салалар
   »  Ақпарат ағыны
   »  Қоғам
   »  Экономика
   »  Саясат
   »  Оқиға
   »  Мәдениет
   »  Спорт
   »  Эксклюзив
   »  Табиғат
Арнайы жобалар
   »  Атаулы күндер
   »  Сұхбат
   »  Подкаст




Rambler's Top100


Қатысушылардың сайттары





Қаралымдар: 226    Танымдылық: Орташа рейтинг : 0 Қайдан 0 Дауыстар   
1 Қыркүйек, 2010 10:13 ["ТДК-42" телеарнасы, Орал]

Оралдықтар конституция мейрамын мерекеледі


Ел Конституциясының он бес жылдық мерейтойы қаламызда кең көлемде тойланды. Осы мейрамға орай, орталық алаңда мерекелік шеру мен концерттік бағдарлама ұйымдастырылды. Салтанатты жиынның соңы отшашуларға ұласты. Орталық алаңға жиылған халықта есеп жоқ.

Ел Конституциясының он бес жылдық мерейтойы қаламызда кең көлемде тойланды. Осы мейрамға орай, орталық алаңда мерекелік шеру мен концерттік бағдарлама ұйымдастырылды. Салтанатты жиынның соңы отшашуларға ұласты.
Орталық алаңға жиылған халықта есеп жоқ. Тайлы-таяғы қалмай келген қалалықтар алдымен оралдық мекеме-кәсіпорындарының салтанатты шеруін тамашалап, алып экраннан Елордадағы мейрам тікелей эфирде көрсетілді.
Салтанат Әкімалиева
Қала тұрғыны:
- Конституцияның кірпіші бала-бақшадан басталады. Кішкентай сәбидің құқын қорғау, оны ата-ана қатар жүріп, қастерлеп,қадірлеп, мәпелеп, жан-жақты білім беріп өсіру керек. Содан заңның бір тармағы басталады.
Бүгінгі салтанатқа келген тұрғындардың арасында ҚР Конституциясының құрдастары да бар.
Тілек Төлегенов
Қала тұрғыны:
- Мен конституцияның құрдасымын. Барша халықты бүгінгі мерекемен құттықтаймын. Қазақстан гүлденіп, жайнай берсін.
Барша қазақстандықтардың бейбітшілік пен бірлікте өмір сүруі үшін олардың құқықтарының тең дәрежеде қорғалуын қамтамасыз ететін басты заңның орны ерекше. Оралдықтарды мейраммен құттықтаған облыс әкімі бірқатар оралмандарға, жетім балаларға және бюджеттік сала қызметкерлеріне пәтер кілттерін табыстады.
Бақтықожа Ізмұхамбетов
Батыс Қазақстан облысының әкімі:
- Осы жылдар ішінде Конституция республикамыздың нормативтік-құқықтық жүйесінің іргетасын одан әрі жетілдіріп, өзінің өміршеңдігін дәлелдеп келеді. Конституция өз болашағын ҚР-мен байланыстырған адамдардың қалауы, болашаққа деген пәк ұмтылысының жемісі. Полиэтникалық жағынан әр келкі Қазақстан халқы ұлы Тұранның бір бөлігінің кең байтақ даласында өмір сүріп, біртұтас саяси-экономикалық және әлеуметтік-мәдени күш ретінде берік топтасты.
Дәрия Бақытова
Облыстық филармонияның қызметкері:
- Бүгін қуанышты күн. облыстық Ғарифолла Құрманғалиев филармониясы атынан пәтер беруде. Ата Заңымыздың туылған күнімен қалалықтарды, қонақтарды құттықтаймын.
Мереке концерттік қойылымға ұласып, мың бұралған бишілер мен сазды аспаптар оркестрі өз өнерлерімен қалалықтарды тәнті етті.


Мақалаға баға берсеңіз :

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10
Жарамайды Өте жақсы

Последние новости рубрики


©2005-2010 Internews  |  info:editors@newsfactory.kz  |  О проекте
Қорытылды (сек): 0.5375 & 14 Сұрау