|
|
Бүгін
05.01 (11:56) Жаңа жыл
10.02 (15:51) Авторлық құқық қалай қорғалады? 10.02 (15:50) Айналымға 5 мың теңгенің жаңа номиналы енді 10.02 (15:45) Тегін Медеу 10.02 (12:35) Авторлық құқық 10.02 (08:45) 10 ақпан |
|
Сырым ауданындағы соңғы пресс-турОблыстық прокуратура Сырым ауданына пресс-тур ұйымдастырды. Іссапар барысында БАҚ-ның өкілдері аудан тұрғындарымен кездесіп, прокурорлардың жұмысымен танысты. БҚО прокуратурасымен ұйымдастырылған кезекті іссапар Сырым ауданында жалғасты. Бұл жерге қаладан арнайы барған бір топ БАҚ өкілдері ауданның прокурорларымен кездесіп, олардың қызметтеріне қатысты сан түрлі сауалдарын жаудырды. Жергілікті журналистердің қойған сұрақтарының дені, бақылаушы орган қызметкерлерінің елбасымен бекітілген заңнамалардың уақытылы орындалып, қарапайым халықтың құқықтарының қорғалуына қатысты болды. Тілшілердің түрлі сауалдарына тапжылмай жауап қайтарған прокурорлар, осы бағытта жүргізіліп жатқан жұмыстарға да тоқталып өтті. Пресс-тур барысында тұрғылықты халықпен кездесулер ұйымдастырылып, прокурорлар азаматтармен тілдесіп, оларды толғандырып жүрген бірқатар сауалдарға жауап қайтарды. Аудан халқының айтуынша, бұндай шаралар азаматтар үшін жиі-жиі ұйымдастырылып отыруы қажет, өйткені құқықтық сауаттылығы төмен ауылдықтарды алдау-арбау дерегі жиі кездесіп жататыны жасырын емес. Берік Жанболсынов Ауыл тұрғыны: - Мен прокурорларға жиі-жиі келіп тұрамын. Керек орган ғой. Үнемі өзіме қажетті сұраққа жауап алып, сауатты түрде шаруамды шешіп отырамын. Сондықтан да осындай кездесулер көп болса екен деймін. Кезекті пресс-тур биылғы жылы облыстық прокуратурамен ұйымдастырылған соңғы іссапар десек те болады. Өйткені жыл басынан бері аймақтық бақылаушы орган қызметкерлері облыстың барлық аудандарына іссапар жүргізген болатын. Дәстүрлі бастама келер жылы да жалғасын таппақ. Последние новости рубрики
10.02 (15:51) Авторлық құқық қалай қорғалады?
10.02 (15:50) Айналымға 5 мың теңгенің жаңа номиналы енді 10.02 (15:45) Тегін Медеу 10.02 (12:35) Авторлық құқық 09.02 (11:43) Алматыда екі күнде заңсыз жүрген 700-ден аса кірме ұсталды 09.02 (11:17) Қазақстан нарығында жанар-жағармай тапшылығы орын алуы мүмкін 08.02 (15:39) Көкек әкелер |
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||