Технологиялар Қатысушылар Жоба туралы
Пайдаланушының аты    Пароль     
На главную
Қош келдіңіздер! «Жаңалықтар фабрикасы» - бұл Қазақстан БАҚ құралдарының өзара ақпарат алмасу жүйесі. Біз жаңалықтар жасаймыз әрі бір-бірімізден үйренеміз. Көрермен мен оқырманды қызықтырып, қайран қалдырып, көңілін көтереміз.
Бүгін
Ізденіс

Ізденіс (Google)
Салалар
   »  Ақпарат ағыны
   »  Қоғам
   »  Экономика
   »  Саясат
   »  Оқиға
   »  Мәдениет
   »  Спорт
   »  Эксклюзив
   »  Табиғат
Арнайы жобалар
   »  Атаулы күндер
   »  Сұхбат
   »  Подкаст




Rambler's Top100


Қатысушылардың сайттары





Қаралымдар: 229    Танымдылық: Орташа рейтинг : 0 Қайдан 0 Дауыстар   
1 Қыркүйек, 2010 10:14 ["ТДК-42" телеарнасы, Орал]

Қысқа әзірлік әлі нашар...


Қаладағы көпқабатты тұрғын үйлердің тек сегіз пайызы ғана жылыту маусымына дайын. Қалғандары жөндеу жұмыстарын жүргізіп, қыстың қамына әлі дайындалып жатыр. Мердігер мекемелер белгіленген мерзімге дейін өз жұмысын аяқтап бітіреріне сенімді.

Қаладағы көпқабатты тұрғын үйлердің тек сегіз пайызы ғана жылыту маусымына дайын. Қалғандары жөндеу жұмыстарын жүргізіп, қыстың қамына әлі дайындалып жатыр. Мердігер мекемелер белгіленген мерзімге дейін өз жұмысын аяқтап бітіреріне сенімді.
Қазір Сергей Соболевтың қарауында төрт үй бар, азаннан кешке дейін жылу құбырларындағы қысымды тексеру - оның үйреншікті жұмысы. Бірақ, құбырларға орнатылған жез бұрандалар жиі-жиі қолды болып тұрады екен.
Сергей Соболев
жөндеуші-сантехник:
- Құбырларды тоттан тазартып, кейін сырлаймыз, ал мына жез бұрандаларды қара сырмен сырлап тастаймыз. Әйтпесе, оларға қызығушылар көп-ақ. Өз үйіне жылу беретін құбырды өзі тонағандардың мұнысы түсініксіз нәрсе, базарда мұндай жез бұранда 600 теңге шамасында, шамасы сатып пайда тапқысы келсе керек. Ал қара сырмен баттастыра сырлап тастасақ, көп ешкім мазалай бермейді.
"Коммунальник" ПИК қысқы маусымға қазір де дайын. Бұл кооперативтің қарауында қазір 52 үй бар, қысқа дайындық паспорты олардың барлығына да берілген. Бірақ, үй иелерінің көбі саяжайда болғандықтан, тұрғын жайдың жертөлесін қысқа дайындау қиынға соғып отыр. Сондықтан, қаланың қысқа дайындығы алдымен ПИК-тердің жұмысына тәуелді.
Татьяна Роточкова
«Коммунальник» ПИК төрайымы:
- Қазір азаматтардың көбі саяжайына кетеді, сондықтан, үй жертөлесіндегі құбырларды реттеп, жұмысын тексеру әзірге мүмкін болмай отыр. Олар енді осыдан күз бастала қайта келеді, сол кезде дайындық жұмыстарын басынан бастап, бітелген желілерді тазартуға тура келеді.
Биылға жоспарланған күрделі жөндеу жұмыстары бүгінде аяқтала келді. Жөнделуі тиіс 6 466 метрдің небары 220 метрі ғана қалыпты. Бұл жұмыс 15-қыркүйекке дейін толығымен аяқталады деп сендірді жылу желілерін жөндеушілер. Алайда, мемлекеттік және жеке фирмалардың ғимаратының дайындығы нашар.
Геннадий Пивень
"ЖЖҚ" жылу желілерінің бастығы:
- Қазір жөндеу жұмыстары негізінен біте келді. Бұл жұмысты мерзімінде бітіреміз деп отырмыз, екі жерде жөндеу ісі әлі жалғасуда. Бірақ, мемлекеттік мекемелер мен жеке кәсіпорындарға қатысты түсініспеушілік болатын түрі бар. Өйткені, осы салаға қарасты ғимараттардың тек 2% қысқа дайын. Сондықтан, олар жылыту маусымына бәрібір дайындалып үлгірмейді. Осыдан кейін біздің ғимарат салқын, ыстық су жоқ деген секілді арыз-шағымдар көбейе бастайды.
"Жайықжылуқуат" мекемесінің қарауында 1 145 тұрғын үй бар, Олардың 758-і ПИК-ке тиесілі. Бірақ, дайындық паспортын олардың тек 8% ғана алған. Иесіз қалған жетім үйлердің саны биыл 322-ге жеткен, ал қысқы маусымға тек қана 19 ғимарат қана әзір көрінеді.


Мақалаға баға берсеңіз :

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10
Жарамайды Өте жақсы

Последние новости рубрики


©2005-2010 Internews  |  info:editors@newsfactory.kz  |  О проекте
Қорытылды (сек): 0.5827 & 14 Сұрау