Технологиялар Қатысушылар Жоба туралы
Пайдаланушының аты    Пароль     
На главную
Қош келдіңіздер! «Жаңалықтар фабрикасы» - бұл Қазақстан БАҚ құралдарының өзара ақпарат алмасу жүйесі. Біз жаңалықтар жасаймыз әрі бір-бірімізден үйренеміз. Көрермен мен оқырманды қызықтырып, қайран қалдырып, көңілін көтереміз.
Бүгін
Ізденіс

Ізденіс (Google)
Салалар
   »  Ақпарат ағыны
   »  Қоғам
   »  Экономика
   »  Саясат
   »  Оқиға
   »  Мәдениет
   »  Спорт
   »  Эксклюзив
   »  Табиғат
Арнайы жобалар
   »  Атаулы күндер
   »  Сұхбат
   »  Подкаст




Rambler's Top100


Қатысушылардың сайттары





Қаралымдар: 285    Танымдылық: Орташа рейтинг : 0 Қайдан 0 Дауыстар   
1 Қыркүйек, 2010 10:15 ["ТДК-42" телеарнасы, Орал]

Жер астындағы КамАЗ


Орал қаласының Ватутин және Лиза Чайкина көшелерінің қиылысында екі бірдей жүк көлігі жер астына түсіп кетті. Осы жерден жүргізілген желілер ауыр техниканың салмағын көтере алмаған көрінеді. Бүгінде қос көлік топырақ құрсауынан құтқарылды.

Жер астындағы КамАЗ
Ватутин және Лиза Чайкина көшелерінің қиылысында екі бірдей жүк көлігі жер астына түсіп кетті. Осы жерден жүргізілген желілер ауыр техниканың салмағын көтере алмаған көрінеді. Бүгінде қос көлік топырақ құрсауынан құтқарылды.
Камаздың жүргізушісі Алексей Васильев көлігінің жер астына кіріп бара жатқанын бір байқапты. Санаулы секундтарда жүк машинасы топыраққа бір бүйірімен батып, шоңқиып қалды.
Алексей Васильев
Көлік жүргізушісі:
- Чуйков көшесімен келе жатқанмын, кенет көлігім кібіртіктеп қалды. Жол теп-тегіс, әрі құрғақ. Жүріп келе жатқан машина жер астынан бір шықты. Осы маңда біздің мекеменің жұмысшылары жүрген, соларды көмекке шақырып, болған жай туралы басшылықты құлағдар еттім.
Машина батқан тұстан су шықты. Топырақ қабатына асылып қалған көлікті кейін жұмысшылар тиегішпен шығармақ болды. Камазды топырақ тұтқынынан босатуға тырысқан ауыр техника да сазға отырды.
Аветик Амирханян
Мекеме директоры:
- Тиегішті құрғақ жерге қойсақ та, жер астынан шыққан су бәрін бүлдіріп, ол да жерге шөгіп кетті. Меніңше, жердің беті құрғақ болғанымен, оның астын су шайып жатыр. Мына жерде қандай желі жүргізілгенін білмеймін, бірақ, бұл жерді түземесе, әлі талай машинаның обалына қаламыз. Камаздың кабинасы мен бампері майысып бүлінді. Астыңғы бөлігінің нендей күйде екендігін кім білген? Көмекке бірнеше арнайы техниканы негізгі жұмысынан бөліп, әкелдік, жарты күн әурелендік, шығын шаш-етектен.
Опырылған жолдың астымен су құбыры жүргізіліпті. Бірақ, апатқа не себеп болғаны белгісіз. Жол жабыны дұрыс төселмегенін, әлде желілердің сауатсыз жүргізілгенін дәп басып айту қиын. Осы аумақты жөндеген "Альтаир" мекемесінің басшылығы бұл оқиғаға мән беруді жөн деп таппады. Қазір апат орны реттеліп жатыр.


Мақалаға баға берсеңіз :

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10
Жарамайды Өте жақсы

Последние новости рубрики


©2005-2010 Internews  |  info:editors@newsfactory.kz  |  О проекте
Қорытылды (сек): 0.6332 & 14 Сұрау