|
|
Бүгін
05.01 (11:56) Жаңа жыл
10.02 (15:51) Авторлық құқық қалай қорғалады? 10.02 (15:50) Айналымға 5 мың теңгенің жаңа номиналы енді 10.02 (15:45) Тегін Медеу 10.02 (12:35) Авторлық құқық 10.02 (08:45) 10 ақпан |
|
Өткені ертегідей ауылдың ертеңіӨткені ертегідей ауылдың ертеңі Тұралаған ауыл тынысы. Бұрын Кеңес Үкіметі кезінде күллі одаққа танымал болған Правда ауылы қазір күйреу үстінде. Облыс қана емес, республикадағы үлгілі мекендердің бірі болған шаруашылықтың қазіргі тірлігі бүгінде мәз емес. Кеңес Одағының алдыңғы қатарлы шаруашылығы болған Правда туралы тарих аңыз боп қалды. Басты газеттердің басты кейіпкерлері болған ауылдықтар мұндағы егін және мал шаруашылығының өзі ғылыммен байланыстырылып, соңғы технологиялар қолданылғанын айтады. Қазір бәрі естелік... Әди Рамазанов Ауыл тұрғыны: - Москвадан ученыйлар келіп, ақ басты сиырларды өсірген. 7000-8000 бас. Өсіріп тапсырып тұрды. Әр қайсысынан 700-800 кг ет шығатын еді. Сол кезде ауылдықтар саны 5 мыңнан асқан. Қазір мұндағы тұрғындар бр жарым мыңға жетпейді. Жергілікті тұрғындардың негізгі бөлігін құраған немістер одақ ыдырағасын, Отанына көшіп кеткен. Әди Рамазанов Ауыл тұрғыны: - 96-97 жылдары азайды. Немістер көшіп кетті.70 проценті солар болатын. Бүгінде бұрынғы шаруашылық ғимараттарының бәрі дерлік қираған. Алып "Әмбебап" сауда дүкені де қаңырап бос тұр. Мұндағы өмірдің қаладан кем болмағандығын айтқан ауылдықтар қазіргі Правданың проблемасы көп екенін жеткізді. Бижамал Тәжиева Ауыл тұрғыны: - Су дұрыс жоқ. Қыста қиын. Жол да проблема. Жұмыс та жоқ. Кезінде Правдадан артық ауыл жоқ еді. Қазір әбден күйреді. Ауыл әкімі бұрынғы дәуреннің қайтып оралмасын айтады. Дегенмен, қолдан келер жұмыс біртіндеп жасалуда. Дәрігерлік амбулатория мен білім ордасын күрделі жөнделген. Мақсот Жиенғалиев Шолақаңқаты ауылдық округінің әкімі: - Ағымдағы мәселелердің бірі 12 шақырымдық жол. Көп жылдан бері шешілмей келген. Былтыр 6 шақырымы жөндеуден өтті. Биыл да әрі қарай қаражат бөлінсе, 1 шақырымы жөндеуден өтуі қажет. Қазір Тоғанас деп аталатын ауылдың бұрынғы атын білетіндер де кемде кем. Последние новости рубрики
10.02 (15:51) Авторлық құқық қалай қорғалады?
10.02 (15:50) Айналымға 5 мың теңгенің жаңа номиналы енді 10.02 (15:45) Тегін Медеу 10.02 (12:35) Авторлық құқық 09.02 (11:43) Алматыда екі күнде заңсыз жүрген 700-ден аса кірме ұсталды 09.02 (11:17) Қазақстан нарығында жанар-жағармай тапшылығы орын алуы мүмкін 08.02 (15:39) Көкек әкелер |
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||