Технологиялар Қатысушылар Жоба туралы
Пайдаланушының аты    Пароль     
На главную
Қош келдіңіздер! «Жаңалықтар фабрикасы» - бұл Қазақстан БАҚ құралдарының өзара ақпарат алмасу жүйесі. Біз жаңалықтар жасаймыз әрі бір-бірімізден үйренеміз. Көрермен мен оқырманды қызықтырып, қайран қалдырып, көңілін көтереміз.
Бүгін
Ізденіс

Ізденіс (Google)
Салалар
   »  Ақпарат ағыны
   »  Қоғам
   »  Экономика
   »  Саясат
   »  Оқиға
   »  Мәдениет
   »  Спорт
   »  Эксклюзив
   »  Табиғат
Арнайы жобалар
   »  Атаулы күндер
   »  Сұхбат
   »  Подкаст




Rambler's Top100


Қатысушылардың сайттары





Қаралымдар: 212    Танымдылық: Орташа рейтинг : 0 Қайдан 0 Дауыстар   
1 Қыркүйек, 2010 10:18 ["ТДК-42" телеарнасы, Орал]

Қараусыз қалған аулалар


Қаламыздағы тұрғын үй аулаларындағы санитарлық жағдай сын көтермейді. Небары бір аптаның ішінде редакциямызға ондағана қала тұрғыны хабарласып, осы ахуалға қатысты алаңдаушылықтарын білдірген болатын. Жолдыбаев көшесіндегі бұл үй, ауласындағы антисанитарлық жағдайымен көзге түскен баспаналардың бірі.

Қараусыз қалған аулалар
Қаламыздағы тұрғын үй аулаларындағы санитарлық жағдай сын көтермейді. Небары бір аптаның ішінде редакциямызға ондағана қала тұрғыны хабарласып, осы ахуалға қатысты алаңдаушылықтарын білдірген болатын.
Жолдыбаев көшесіндегі бұл үй, ауласындағы антисанитарлық жағдайымен көзге түскен баспаналардың бірі. Бүгінде үйдің жанындағы қоқыс жәшігінің лық толғаны соншалық, төгіліп жатқан қоқыс контейнерлердің сыртына шығып кеткен. Бұл аз дегендей, аулада шашылып жатқан спирттік ішімдіктің бос бөтелкелері мен қоқыс пакететтері қаланың қақ ортасында орналасқан тұрғын үйді тазалықтан біржола алшақтатқандай.
Александра
Үй тұрғыны:
- Біз зейнет жасындағы адамдармыз. Бұнда көптен бері тұрамыз, бұрын қоқыстың шашылып жатқанын мүлдем көрмейтін едік, енді міне соңғы жылдары аулада отыру мүмкін болмай барады. Не деген масқара, ауланы сыпырып жатқандарын бір көрмейміз. Бұлай жалғаса берер болса, болашақта не болады. Қоқыстан аяғымызды алып жүре алмайтын болармыз.
Тұрғындардың айтуынша, көп үйлердің қол жеткізе алмай жүрген балалар ойын алаңынан да тазалықтың ұшқыны байқалмайды. Желдің екпінімен шашылып қалатын жеңіл-желпі қоқыстарды санамағанның өзінде, шылым мен бос бөтелкелерден бас алып жүрер шама қалмады. Тура осындай жағдай, жолдың арғы бетіндегі көпқабатты баспаналардан да байқалды.
Александра
Үй тұрғыны:
- Не деген масқара, біздің үйдің жағдайы адам айтса нанғысыз. Тұрғындар қоқыстың барлығын терезеден лақтырып мына жерді қоқыс жәшігіне айналдырды. Бұдан басқа, ұлы сөздің ұяты жоқ, дәретхана да тап осы жерде тәрізді. Ойларына келгендерін істейді.
Ал осы үйге қарасты "Управдом" ПИК-і орын алған ахуалды тұрғындардың жауапсыздығынан деп отыр. Кооператив төрағасының айтуынша, қазір оңды-солды шашылған қоқыстан аула сыпырушылар да әбден шаршаған. Өйткені 18 мыңға жетер-жетпес жалақыға 4-5 үйді үнемі тазалықта ұстау мүмкін болмай отыр.
- Қазір біздің қарамағымыздағы 47 үйде 14 аула сыпырушы ғана жұмыс жасайды. Олардың алатын жәрдем ақылары жарамсыз, өйткені жұмыс көлемі көп, ал алар ақы аз. Біз ылғи жұмыс биржасына хабарласып тұрамыз, қазір оларда да аула сыпыруға ниет білдіріп отырғандар жоқ. Өз тарапымнан айта кеткім келеді, ең алдымен әрбір тұрғын үйдің алды сол үйде мекен етіп жатқан азаматтарға ғана керек, ал олар өздері барлығын бүлдіріп, шашып, сонан соң арызданып жатады. Бұларға қандай шара қолданатынымызды да білмейміз.
Осылайша кооператив басшылары ең алдымен тұрғындардың өздерін тазалық жұмыстарына жұмылдырмақшы. Бұған қоса, алдағы уақытта қалалық әкімдіктің арнайы қаулысы негізінде ұйымдастырылатын сенбілік жұмыстары да өз жемісін берер, дейді олар.


Мақалаға баға берсеңіз :

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10
Жарамайды Өте жақсы

Последние новости рубрики


©2005-2010 Internews  |  info:editors@newsfactory.kz  |  О проекте
Қорытылды (сек): 0.5969 & 14 Сұрау