Технологиялар Қатысушылар Жоба туралы
Пайдаланушының аты    Пароль     
На главную
Қош келдіңіздер! «Жаңалықтар фабрикасы» - бұл Қазақстан БАҚ құралдарының өзара ақпарат алмасу жүйесі. Біз жаңалықтар жасаймыз әрі бір-бірімізден үйренеміз. Көрермен мен оқырманды қызықтырып, қайран қалдырып, көңілін көтереміз.
Бүгін
Ізденіс

Ізденіс (Google)
Салалар
   »  Ақпарат ағыны
   »  Қоғам
   »  Экономика
   »  Саясат
   »  Оқиға
   »  Мәдениет
   »  Спорт
   »  Эксклюзив
   »  Табиғат
Арнайы жобалар
   »  Атаулы күндер
   »  Сұхбат
   »  Подкаст




Rambler's Top100


Қатысушылардың сайттары





Қаралымдар: 220    Танымдылық: Орташа рейтинг : 0 Қайдан 0 Дауыстар   
2 Қыркүйек, 2010 11:24 ["ТДК-42" телеарнасы, Орал]

Депутаттар демалыстан оралды


Батыс Қазақстан және Ақтөбе облыстарындағы жазғы қуаңшылыққа қарамастан елімізде астық тапшылығы болмайды. Сондай-ақ , ұн , нан секілді халық ең бірінші кезекте тұтынатын тағамдардың бағасы да қымбаттамайды. Бұл жөнінде бүгін қос палаталы Парламенттің төртінші сессиясының ашылуына арнайы қатысқан Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев мәлімдеді.

Батыс Қазақстан және Ақтөбе облыстарындағы жазғы қуаңшылыққа қарамастан елімізде астық тапшылығы болмайды. Сондай-ақ , ұн , нан секілді халық ең бірінші кезекте тұтынатын тағамдардың бағасы да қымбаттамайды. Бұл жөнінде бүгін қос палаталы Парламенттің төртінші сессиясының ашылуына арнайы қатысқан Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев мәлімдеді.
Екі ай демалыста болған депутаттар бүгін Парламент партасына қайта жайғасты. Осылайша, біраз тынышталып қалған Астанадағы саяси өмірге қайта жан біткендей. Ал қоңырқай күздің алғашқы күнінде шымылдығы түрілген қос палаталы Парламенттің алдында тұрған міндет көп. Сондықтан бұл маусымда да, халық қалаулыларына көп тер төгуіне тура келеді.
Нұрсұлтан Назарбаев
ҚР Президенті:
- Алдыңғы сессия оңай болған жоқ. Қауырт болды. Дағдарыстан өту шаралары кезінде біраз жұмыстар жасалды. Біздің қызметімізге халық риза. Осылай,-жұмыс істей беруіміз керек.
Жылдағы дәстүр бойынша сессияның ашылуына қатысқан Нұрсұлтан Назарбаев біраз мәселенің басын шалды. Баса айтқаны - биылғы қуаңшылыққа қарамастан елімізде нан және ұн бағасы қымбаттамайды. Бірақ, кез - келген жағдайға дайын болуды ескерткен мемлекет басшысы қазына қаржысын оңды - солды ысырап етпей, ал оның үнеммен жұмсалуын қадағалауды Үкіметке мықтап тапсырды.
Нұрсұлтан Назарбаев
ҚР Президенті:
- Надо сокращать государственные расходы, там, где это, возможно, экономить средства, создавать госрезервы, увеличивая в условиях такой возможности мировой экономики. Если резко будем увеличивать доходы, настолько же поднимем инфляцию.
Әлеуметтен бастап, барлық саланың дамуына жіті тоқталған Елбасы сот жүйесі мен құқық қорғау органдарын реформалауға да кеңірек тоқталды. Ал жүйені өзгертіп, ұсақ-түйек қылмыстарға жазаны жеңілдетуге депутаттар да қарсы емес. Әйтпесе, қазір түрмелерге адам сыймай жатыр.
Зағипа Балиева
ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:
- Қылмыстық Кодекстегі кейбір заңдарды әкімшілік кодекске ауыстыру керек. Қылмыскерлер отырған жерде кейбір жастар отыр. Тауық , телефон ұрлағаны үшін. 5 жылға сотталған көбісі. Ол одан шыққаннан кейін адам болмайды. Сондықтан қылмыстық кодекстің кейбір баптарын әкімшілік кодекске ауыстыруымыз керек.
Сәт Тоқпақбаев
ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:
- Түрмеге жабудың қажеті не?... Орташа, жеңіл қылмыс жасаса екі тарап бір-бірімен келіссе қайтеміз жауып, жазалап. Жалпы, бұл саладағы көп заңдарды өзгерту керек.
Десек те, бұл алдағы уақытта атқарылатын қыруар жұмыстардың бірі. Оны орындауға халықтың қалаулылары енді кіріспек.
Мұрат Әбенов
ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:
- Күнделікті үйреншікті жұмыс болады. Бірақ , бір ерекше тартыс болады,-деп ойламаймын. Оның керегі де жоқ . Өйткені, елдегі экономикалық әлеуметтік жағдай тұрақты. Алда көп жұмыстар тұр. Соның бәрін шешіп алуымыз керек.
Арқаны кеңге салып алаңсыз тынығып келгендіктен болар, депутаттар бүгін тым белсенді. Тіпті сессия ашылған бойда Сенат кезекті отырысын өткізіп үлгерді. Әріптестерінен қалыс қалуды жөн көрмеген төменгі палата яғни Мәжіліс пленарлық жиынын ертеңге жоспарлап қойды.


Мақалаға баға берсеңіз :

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10
Жарамайды Өте жақсы

Последние новости рубрики


©2005-2010 Internews  |  info:editors@newsfactory.kz  |  О проекте
Қорытылды (сек): 0.4702 & 14 Сұрау