|
|
Бүгін
05.01 (11:56) Жаңа жыл
10.02 (15:51) Авторлық құқық қалай қорғалады? 10.02 (15:50) Айналымға 5 мың теңгенің жаңа номиналы енді 10.02 (15:45) Тегін Медеу 10.02 (12:35) Авторлық құқық 10.02 (08:45) 10 ақпан |
|
Білім күніБүгін республикадағы 7 525 мектеп есіктерін оқушыларға айқара ашты. Сөйтіп, жаңа оқу жылында 2 млн шәкірт мектеп партасына қайта отырды. Оның 239 мың 458 -і білім ордасының табалдырығын тұңғыш аттаған бүлдіршіндер. Бүгін Елордадағы барлық білім беру мекемелерінде алғашқы қоңырау соғылды. Жаңа оқу жылы “Елбасы мұраты - ел бақыты, гүлденген Қазақстан” тақырыбына арналған сабақтан басталды. Ал білім министрлігінің мәліметіне сүйенсек, елдегі мектептер оқу жылына сақадай сай. Махметқали Сарыбеков ҚР Білім және ғылым министрінің орынбасары: - Барлық мектептер жөндеуден өткізілді. Педагогикалық құрамға жастар тартылды. Мектептер жалпы 98 пайызға оқулықтармен қамтамасыз етілді. Жалпы жаңа оқу жылына толық дайын деп айтсақ болады. Бүгін, 1-қыркүйек - білім күні. Биылғы жаңа оқу жылында елімізде 240 мыңдай балдырған мектеп табалдырығын алғаш рет аттайды. Сондай-ақ, биыл Қазақстандағы мектеп оқушыларының саны екі жарым миллионға жуықтаған. Олар 7 525 мектепте білім алатын болады. Биыл оқу жылының басталуына орай, 40 жаңа білім ошағы пайдалануға берілді. Білім мерекесінің алғашқы күні бірінші сабақ «Елбасы мұраты - ел бақыты, гүлденген Қазақстан» деген тақырыпта өтеді. Республикамыздың 10-жылдығына арналып, ерек жобамен салынған қаламыздағы №30 мектеп ұжымы бүгін Білім күнін өзге оқу ошақтарынан кем қарсы алмады. Биыл бұл мектептің 46 сыныбында, 1200-ге жуық бала білім алады деп жоспарланып отыр. Ондағы 130-дан астамы бастауыш сынып оқушылары болмақ, балдырғандардың салтанатына арнайы қатысқан облыс Әкімі Бақтықожа Ізмұхамбетов барша білім алушыларды бүгінгі қуанышпен құттықтады. Бақтықожа Ізмұхамбетов БҚО әкімі: - Рахмет, балалар, оқушылар алғашқы қадам басқан бірінші сынып оқушылары, баршыңызды білім күнімен құттықтауға рұқсат етіңіздер. Дендеріңе саулық тілеймін. Бүгінде мектеп қабырғасындағы оңды өзгерістер жетерлік. Мерекелік шараға арнайы қатысқан қала және облыс басшылықтары, мектеп кабинеттерін аралап, оқушыларға биылғы жылы ұсынылып отырған зор мүмкіндіктермен танысты. Айта кеткен жөн, бүгінде 87 мұғалімді қызметпен қамтамасыз етіп отырған білім ордасында, қосымша оқу сыныптары да ашылған. Заманауи техникамен қамтамасыз етілген білім ордасындағы зор мүмкіндіктерге жаңа оқу жылының табалдырығын аттаған бір топ оқушылар қауымы да алғыстарын білдірісті. Ал Сәкен Сейфуллин атындағы дарынды балаларға арналған мектеп-интернат кешені екі бірдей бірінші класс өрендерін қабылдады. Бір қуантарлығы өзге ұлт өкілдерінің өз баласын мемлекеттік тілдегі мектептерге аманаттауы жиі байқалатын құбылысқа айналып отыр. Сексен жылдық тарихы бар мектептің оқушылары биыл жаңа лекпен толығып отыр. Жаңа толқынның денін негізінен бастауыш сынып балалары құрайды. Айта кетелік, олардың ішінде әріпті қазақша танып, әліппені де осы тілде меңгерген өрендер де бар. Мұндай оңды бастама бұл мектепте жиі байқалатын құбылыс. Тіл сындырып, қазақша білім алған балдырғандардың ата-аналары мұндай қадамға өз еркімен барғанын айтады. Ерсайын Сапаров №11-мектеп директоры: - Біздің мектебімізге жаңа екі класс келді, жөндеу жұмыстары да жүргізілді, оқу жылына толығымен дайынбыз. Биыл бірнеше класс қайта жасақталыпты. Қолға алғаш қалам ұстаған бүлдіршіндер ұстаздарына арнап, алғашқы тақпағын да жаттаған. Тілдескен балдырғандар мектебіне арнаған өлең жолдарын жатқа соқты. Нұртілек Байтеміров 1-сынып оқушысы: - Мектеп - кеме, білім - теңіз. Жүзбе, білім... Дарынды балаларға арналған №8-мектеп те оқушылармен қайта қауышты. Партаға қайта отырған балғындардың алғашқы сабағы ел Конституциясы тақырыбына арналды. Бұл күнді оқушылар да, ата-аналар асыға күткен еді. Жаз бойы тыныққан балғындар мектеп партасына қайта отырды. Барлығының да алтын ұя білім ордаларын сағынғандығы байқалып тұр. 3-сынып оқушыларының алғашқы сабағы Конституция күніне арналды. Оқушылар өз тараптарынан белсенділік танытып, бірқатар сұрақтарға жауап берсе, кейбірі тақпақтар оқыды. Галина Семенова Дарынды балаларға арналған мамандандырылған № 8 облыстық мектептің мұғалімі: - Балаларды сағынып қалыппын. Жаз бойы көрмеген едім. Барлығы да өсіп қалған. Алғашқы сабағымызды Ата Заңымызға арнап отырмыз. Биыл аталған мектепте 427 оқушы білім алатын болса, бірінші сыныпқа 52 бүлдіршін аяқ басып отыр. Биылдан бастап енгізілген өзін-өзі тану пәніне арналған арнайы сыныпта жабдықталыпты. Сонымен қатар, мектеп директоры мемлекеттік тілді үйретуге басымдылық беріліп отырғандығын жеткізді. Айгүл Қазмағанбетова Дарынды балаларға арналған мамандандырылған № 8 облыстық мектеп директоры: - Қазір 12 жылдық білім беру жүйесіне көшуге дайындық жүруде. Биылдан бастап өзін-өзі тану пәні де енгізілді. Біз оқушыларымызға тек қана білім беріп қана қоймай, сонымен қатар олардың тәрбиелі, патриот және жан-жақты болуын қалаймыз. Алдымызға осындай мақсат қоямыз. 1-қыркүйек білім күні спортта дарынды балаларға арналған мамандандырылған облыстық мектеп- интернатында жаңа оқу жылының алғашқы қоңырауы сыңғырлады. Биыл спортқа дарынды балаларға арналған мамандандырылған облыстық мектеп-интернаты қабырғасынан 34 түлек жаңа өмірге қадам басқан болатын. Жаңа оқу жылында спорт мектебіне 50-ге жуық жас өрен қадам басты. 2004-жылы ашылған мектеп қабырғасында қазір 250 бала жалпы орта біліммен қоса олимпиадалық спорттың 15 түрінен сабақ алып, жаттығуда. Мектеп директоры Берік Жұмағалиевтің сөзінше, жыл санап жас мектептен шыққан портшылар байрақты бәсекелерде ел мерейін үстем қылып жүр. Бұл дегеніңіз мектеп интернатының аз уақыт ішінде атқарған елеулі еңбегінің жемісі болса керек. Биылғы мектеп бітірген түлектердің 11 түрлі спорт додаларының жүлдегерлері екендігі осының дәлелі. Берік Жұмағалиев Сспортқа дарынды балаларға арналған мамандандырылған облыстық мектеп-интернатының директоры: - Балаларымыз жаман нәтиже көрсетіп жатқан жоқ... Жас түлектерді мектеп қабырғасына құшақ жая қарсы алуға қаладағы спорт мектептерінің басшылары да келді. Меңдіхан Жәкенов Спорт мектебінің директоры: - Спорт мектебі қабырғасында білім алып жатқан тәрбиеленушілердің сөзінше, мұндай мектепте оқудың өзі бір дәреже. Талайлаған дарынды балалардың бағын ашқан мектеп интернатынан шыққан спортшылар қазір ел құрамаларында бағын сынап жүр. Последние новости рубрики
10.02 (15:51) Авторлық құқық қалай қорғалады?
10.02 (15:50) Айналымға 5 мың теңгенің жаңа номиналы енді 10.02 (15:45) Тегін Медеу 10.02 (12:35) Авторлық құқық 09.02 (11:43) Алматыда екі күнде заңсыз жүрген 700-ден аса кірме ұсталды 09.02 (11:17) Қазақстан нарығында жанар-жағармай тапшылығы орын алуы мүмкін 08.02 (15:39) Көкек әкелер |
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||