Технологиялар Қатысушылар Жоба туралы
Пайдаланушының аты    Пароль     
На главную
Қош келдіңіздер! «Жаңалықтар фабрикасы» - бұл Қазақстан БАҚ құралдарының өзара ақпарат алмасу жүйесі. Біз жаңалықтар жасаймыз әрі бір-бірімізден үйренеміз. Көрермен мен оқырманды қызықтырып, қайран қалдырып, көңілін көтереміз.
Бүгін
Ізденіс

Ізденіс (Google)
Салалар
   »  Ақпарат ағыны
   »  Қоғам
   »  Экономика
   »  Саясат
   »  Оқиға
   »  Мәдениет
   »  Спорт
   »  Эксклюзив
   »  Табиғат
Арнайы жобалар
   »  Атаулы күндер
   »  Сұхбат
   »  Подкаст




Rambler's Top100


Қатысушылардың сайттары





Қаралымдар: 166    Танымдылық: Орташа рейтинг : 0 Қайдан 0 Дауыстар   
2 Қыркүйек, 2010 11:34 ["ТДК-42" телеарнасы, Орал]

Подстепныйлық оқушылар жаңа оқу жылын үйлерінде қарсы алды


Бүгін бірінші қыркүйекті Подстепный ауылындағы №1-ші мектептің бірқатар оқушылары үйлерінде қарсылауға мәжбүр. Өйткені осыдан 1 ай бұрын олардың мектептерінде басталған күрделі жөңдеу жұмыстары аяқталар емес.

Подстепныйлық оқушылар жаңа оқу жылын үйлерінде қарсы алды.
Бүгін бірінші қыркүйекті Подстепный ауылындағы №1-ші мектептің бірқатар оқушылары үйлерінде қарсылауға мәжбүр. Өйткені осыдан 1 ай бұрын олардың мектептерінде басталған күрделі жөңдеу жұмыстары аяқталар емес.
Естеріңізге сала кетейік, бұдан 1 апта бұрын жөндеу жұмыстарын өз мойнына алған мердігер компания өкілдері білім ордасының құрылысын 1-ші қыркүйекте бітіретінін жеткізген болатын. Алайда бұл бейнекөріністен айтылғанның барлығы да сөз күйінде қалғанын байқау қиын емес. 1 аптадан бергі жұмыстың жылжу қарқынының бәсеңдігі соншалық, 3 бірдей қабатта орналасқан кабинеттердің бір де бір оқу маусымына дайын болмай шықты. Қазір білім ғимаратының шатыры мен есік- терезелері ғана толығымен орнатылған, сондай-ақ оңды өзгерістерге сыртқы қоршауды да қоса айтсақ болады. Десек те мектептің іші-сыртындағы қабырғаларды сылау жұмыстары әлі де жалғасып жатыр. Бір қызығы, ғимаратты білім күніне тапсырмақ болған мердігер компания өкілі, бұл жолы айтқан сөздерін мойындау түгілі, тілдесуден де бас тартты. Сұрастыра келе, аталған мектепте оқуы тиіс 800-ден астам баланың, осы ауылдағы басқа білім ордаларына уақытша орналастырылғаны да мәлім болды. Мәселен жоғары сынып оқушылары "Үміт" гимназиясына ауыстырылса, ал бастауыш сынып оқушылары тура осы ауылдағы Тайыр Жороков атындағы қазақ мектебінде білім күнін қарсылады. Бұл жерде оларға 4 бірдей сынып бөлініп берілген.
Ғилым Жанақов
Тайыр Жароков атындағы орта мектептің директоры:
- Біздерге олар ешқандай да кедергі келтірмейді. Бұрын біздің мектеп салынғанша біздер оларда паналасақ, енді міне олар біздерге келді уақытша. Біз 4 бос тұрған сыныбымызды беріп отырмыз. Қалғаны өздеріне байланысты.
Өкініштісі сол, білім күнін өзгелерімен қатарлас қарсы алуға құқылы мектепке дейінгі даярлық сыныбының бүлдіршіндері бұл тізімде қарастырылмаған. Өйткені оларға берілер қосымша кабинет ешбір мектепте ескерілмей отыр. Сондықтан да бұл балдырғандар жөңдеу жұмыстарының аяқталуын күтуге мәжбүр.


Мақалаға баға берсеңіз :

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10
Жарамайды Өте жақсы

Последние новости рубрики


©2005-2010 Internews  |  info:editors@newsfactory.kz  |  О проекте
Қорытылды (сек): 0.469 & 14 Сұрау