Технологиялар Қатысушылар Жоба туралы
Пайдаланушының аты    Пароль     
На главную
Қош келдіңіздер! «Жаңалықтар фабрикасы» - бұл Қазақстан БАҚ құралдарының өзара ақпарат алмасу жүйесі. Біз жаңалықтар жасаймыз әрі бір-бірімізден үйренеміз. Көрермен мен оқырманды қызықтырып, қайран қалдырып, көңілін көтереміз.
Бүгін
Ізденіс

Ізденіс (Google)
Салалар
   »  Ақпарат ағыны
   »  Қоғам
   »  Экономика
   »  Саясат
   »  Оқиға
   »  Мәдениет
   »  Спорт
   »  Эксклюзив
   »  Табиғат
Арнайы жобалар
   »  Атаулы күндер
   »  Сұхбат
   »  Подкаст




Rambler's Top100


Қатысушылардың сайттары





Қаралымдар: 227    Танымдылық: Орташа рейтинг : 5.00 Қайдан 1 Дауыстар   
3 Қыркүйек, 2010 10:37 ["ТДК-42" телеарнасы, Орал]

Премьердің пәрмені...


Бүгін жаңа оқу жылына өз деңгейінде қамданбаған облыс әкімдері премьерден сөгіс естіді. Өйткені , кейбір аймақтарда 1-қыркүйекте ашылуы тиіс мектептердің құрылысы уақытында аяқталмаған. Өңірлерде ала жаздай жөндеу көрмеген білім ошақтары да жетерлік.

Бүгін жаңа оқу жылына өз деңгейінде қамданбаған облыс әкімдері премьерден сөгіс естіді. Өйткені , кейбір аймақтарда 1-қыркүйекте ашылуы тиіс мектептердің құрылысы уақытында аяқталмаған. Өңірлерде ала жаздай жөндеу көрмеген білім ошақтары да жетерлік. Сондықтан жер-жердегі шенеуніктердің жауапсыздығына шамданған Үкімет басшысы анықталған олқылықтарды жоюға бүгін бір апта ғана уақыт берді.
Проблемасы БАҚ-да жиі көтерілген мектептерді бүгін премьер жеке парағына түртіп ала келіпті. Бұдан бейхабар облыс әкімдері жаңа оқу жылына жүз пайызға дайынбыз,- деп бірінен соң бірі есеп беріп жатты. Бірақ , тыныштықты Кәрім Мәсімовтың тосын сауалдары бұзғандай болды. Ал мұндайды күтпеген кейбір әкімдер кәдімгідей кібіртіктеп қалды.
Ақтөбе облысының әкімі осылай,- деп ақталуға тырысты. Ал селекторлық кеңесте біздің аймақтың әкімі де есеп берді.
БАҚТЫҚОЖА ІЗМҰХАНБЕТОВ
БАТЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ:
- Облыста 427 мектеп бар. Биылғы жылы 4 жаңа мектеп салынып, іске қосылды. 2010 жылы 17 мектеп күрделі жөндеуден өткізілді. Оның жетеуі «Жол картасы» бойынша жасалды. Ал мектептерге қысқы отын жүз пайызға жеткізілді. Оқу жүйесі бұзылған жоқ .
Бұған көңілі толған Үкімет басшысы Бақтықожа Ізмұханбетовке ешқандай сұрақ қоймады. Осыған қарағанда, өңірдегі оқу жылына дайындық өз деңгейінде секілді. Десек те, бүгін төтенше жағдайлар министрі республика бойынша 193 мектептің өрт қауіпсіздік ережелеріне салғырт қарап отырғандығын айтып дабыл қақты. Ал алдағы уақытта талап орындалмаса білім ордалары уақытша жабылуы мүмкін.
МАХМЕТҚАЛИ САРЫБЕКОВ
ҚР БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:
- Енді сондай мектептердің жағдайында мектеп оқушылары басқа мектептерде оқыту үрдісін ойластырамыз.
Енді мектептердің әзірлігін өз көздерімен көріп қайту үшін Астанадан мемлекеттік инспекторлар аймақтарға жіберілмекші. Соның қортындысы бойынша нақты шешім қабылданады.
КӘРІМ МӘСІМОВ
ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІ:
- Будем принимать решения вплоть до кадровых как договорились.


Мақалаға баға берсеңіз :

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10
Жарамайды Өте жақсы

Последние новости рубрики


©2005-2010 Internews  |  info:editors@newsfactory.kz  |  О проекте
Қорытылды (сек): 0.5385 & 14 Сұрау