Технологиялар Қатысушылар Жоба туралы
Пайдаланушының аты    Пароль     
На главную
Қош келдіңіздер! «Жаңалықтар фабрикасы» - бұл Қазақстан БАҚ құралдарының өзара ақпарат алмасу жүйесі. Біз жаңалықтар жасаймыз әрі бір-бірімізден үйренеміз. Көрермен мен оқырманды қызықтырып, қайран қалдырып, көңілін көтереміз.
Бүгін
Ізденіс

Ізденіс (Google)
Салалар
   »  Ақпарат ағыны
   »  Қоғам
   »  Экономика
   »  Саясат
   »  Оқиға
   »  Мәдениет
   »  Спорт
   »  Эксклюзив
   »  Табиғат
Арнайы жобалар
   »  Атаулы күндер
   »  Сұхбат
   »  Подкаст




Rambler's Top100


Қатысушылардың сайттары





Қаралымдар: 314    Танымдылық: Орташа рейтинг : 6.00 Қайдан 2 Дауыстар   
3 Қыркүйек, 2010 10:39 ["ТДК-42" телеарнасы, Орал]

Астықтан тарықпаймыз


Биыл облысымыз астықтан тарықпайды! Қазір облыс қоймаларына 104 мың тонна бидай жиналған. Сары алтындай сақталған бидай өнімінің жартысына жуығы еліміздің солтүстік өңірлерінен жеткізіліпті. Сондықтан, сарапшы мамандар биылғы қуаншылыққа қарамастан облыстағы нан бағасы сол қалпында қалады деп отыр.

Биыл облысымыз астықтан тарықпайды! Қазір облыс қоймаларына 104 мың тонна бидай жиналған. Сары алтындай сақталған бидай өнімінің жартысына жуығы еліміздің солтүстік өңірлерінен жеткізіліпті. Сондықтан, сарапшы мамандар биылғы қуаншылыққа қарамастан облыстағы нан бағасы сол қалпында қалады деп отыр.
Қазір облыс қоймаларында солтүстік өңірден 31 мың тонна бидай әкелініпті. Бұған қосымша 22 мың тонна бидай тағы жеткізілмек. Демек, биыл өңіріміз астықтан тарықпайды. Сарапшы мамандар осындай пікірге келіп отыр.
Сансызбай Өтешқалиев
Азық-түлік келісім шарт корпарациясы БҚО филиалының сарапшы маманы:
- Астық жеткілікті болады деп отырмыз.
Мамандар оралдық диқандар еккен биылғы астықтың сапасы нашар екендігін айтады. Аптап ыстықтың кесірінен арпа-бидайдың салмағы нашар, құнарлы емес. Осы себептер әсер етті ме, әйтеуір, облыстағы қожалық иелерінің ешқайсысы элеваторларға бидай тапсырмапты.
Сансызбай Өтешқалиев
Азық-түлік келісім шарт корпарациясы БҚО филиалының сарапшы маманы:
- Әзірге бірде бір кәсіпкер әкеліп бидай тапсырған жоқ.
Руслан Шонаев
Кәсіпкер:
- Біз неге тапсырамыз? Оларға апарған бидайымыз ұсақ болғасын элеватордың сүзгісінен өтіп кетеді. Мәселен 14 тонна апарсаң 4 жарамсыз болады. Бізге ол тиімді емес. Оданда біз оны өзіміз сақтап, кейін тиімді бағаға өткізбеймізбе?
Осылайша, диқандар жиған бидайын элеваторға өткізудің пайдасы жоқ екенін түсінген тәрізді. Ал облысқа солтүстіктен әкелінер астықтың сапасы жергілікті өнімнен сәл жоғарылау. Мамандар биылғы қуаншылықтың келер жылы да жалғасуы мүмкін екендігін жасырмайды. Сондықтан, облысымызда 2012-жылға дейінгі астық қоры жасақталған.


Мақалаға баға берсеңіз :

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10
Жарамайды Өте жақсы

Последние новости рубрики


©2005-2010 Internews  |  info:editors@newsfactory.kz  |  О проекте
Қорытылды (сек): 0.3838 & 14 Сұрау