Технологиялар Қатысушылар Жоба туралы
Пайдаланушының аты    Пароль     
На главную
Қош келдіңіздер! «Жаңалықтар фабрикасы» - бұл Қазақстан БАҚ құралдарының өзара ақпарат алмасу жүйесі. Біз жаңалықтар жасаймыз әрі бір-бірімізден үйренеміз. Көрермен мен оқырманды қызықтырып, қайран қалдырып, көңілін көтереміз.
Бүгін
Ізденіс

Ізденіс (Google)
Салалар
   »  Ақпарат ағыны
   »  Қоғам
   »  Экономика
   »  Саясат
   »  Оқиға
   »  Мәдениет
   »  Спорт
   »  Эксклюзив
   »  Табиғат
Арнайы жобалар
   »  Атаулы күндер
   »  Сұхбат
   »  Подкаст




Rambler's Top100


Қатысушылардың сайттары





Қаралымдар: 375    Танымдылық: Орташа рейтинг : 0 Қайдан 0 Дауыстар   
3 Қыркүйек, 2010 10:39 ["ТДК-42" телеарнасы, Орал]

Элеваторда астық аз


Биылғы қуаңшылықтың зардаптары біртіндеп біліне бастады. Желаев астық өнімдері комбинатына тапсырылған бидайдың көлемі былтырғыдан бес есе аз. Биылғы қуаңшылық батысқазақстандық шаруаларды әбден сарсаңға түсірді. Биыл егістік алқаптың 60 пайызға жуығы күйіп кеткен.

Биылғы қуаңшылықтың зардаптары біртіндеп біліне бастады. Желаев астық өнімдері комбинатына тапсырылған бидайдың көлемі былтырғыдан бес есе аз.
Биылғы қуаңшылық батысқазақстандық шаруаларды әбден сарсаңға түсірді. Биыл егістік алқаптың 60 пайызға жуығы күйіп кеткен. Облыстағы 530 мың гектарға егілген егін алқабының тек 200 мыңдайы ғана жарамды. Желаев комбинатына түскен бидайдың биылғы көлемі былтырғыдан бес есе азайыпты.
Андрей Борса
"Желаев астық өнімдері комбинаты" АҚ директоры:
- Қазіргі таңға комбинаттың қабылдап үлгерген бидайының жалпы көлемі 20 мың тоннаны құрайды. Былтырғы жылмен салыстырғанда 5 есеге аз. Былтырғы қыркүйек айына дейін біз 100 мың тонна бидай қабылдаған едік. Биыл көрсеткіш төмен.
Қазір комбинаттың өндіретін астығының бір келісі 56 теңге. Сонымен қатар, комбинат басшысы өндіріс орнының пайдалылығы 16 пайыздан аспайтындығын айтып отыр. Ал, саудагерлер мен алып сатарлар жұмысының пайдалылығы 20 пайыздан жоғары екен. Қуаңшылыққа қарамастан Үкіметпен қабылданар шаралар нан бағасының тұрақты болуын қамтамасыз етуі тиіс дейді.
Андрей Борса
"Желаев астық өнімдері комбинаты" АҚ директоры:
- Солтүстік өңірлерден келетін бидай бағасы тұрақты болады. Астық бағасын тұрақтандыруға бағытталған бағдарлама қазір қаралып, дайындалу үстінде. Біз облыстық ауыл шаруашылығы басқармасымен меморандумға қол қоятын боламыз. Содан кейін ғана баға жайында нақты айтуға болады.


Мақалаға баға берсеңіз :

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10
Жарамайды Өте жақсы

Последние новости рубрики


©2005-2010 Internews  |  info:editors@newsfactory.kz  |  О проекте
Қорытылды (сек): 0.5077 & 14 Сұрау