Технологиялар Қатысушылар Жоба туралы
Пайдаланушының аты    Пароль     
На главную
Қош келдіңіздер! «Жаңалықтар фабрикасы» - бұл Қазақстан БАҚ құралдарының өзара ақпарат алмасу жүйесі. Біз жаңалықтар жасаймыз әрі бір-бірімізден үйренеміз. Көрермен мен оқырманды қызықтырып, қайран қалдырып, көңілін көтереміз.
Бүгін
Ізденіс

Ізденіс (Google)
Салалар
   »  Ақпарат ағыны
   »  Қоғам
   »  Экономика
   »  Саясат
   »  Оқиға
   »  Мәдениет
   »  Спорт
   »  Эксклюзив
   »  Табиғат
Арнайы жобалар
   »  Атаулы күндер
   »  Сұхбат
   »  Подкаст




Rambler's Top100


Қатысушылардың сайттары





Қаралымдар: 255    Танымдылық: Орташа рейтинг : 10.00 Қайдан 2 Дауыстар   
3 Қыркүйек, 2010 10:42 ["ТДК-42" телеарнасы, Орал]

Әмбебап көлік


Бүгін қаламызда арнайы техникалардың көрмесі өткізілді. Коммуналдық кәсіпорындарға арналған мұндай көліктер - Беларусь елінің өнімдері. Болашақта бұл техника өзімізде де жасалатын болады. Ал осы көліктердің таныстырылымына келген облыс әкімі тиімді ұсыныстарды әлі де сараптау керектігін ескертті.

Бүгін қаламызда арнайы техникалардың көрмесі өткізілді. Коммуналдық кәсіпорындарға арналған мұндай көліктер - Беларусь елінің өнімдері. Болашақта бұл техника өзімізде де жасалатын болады. Ал осы көліктердің таныстырылымына келген облыс әкімі тиімді ұсыныстарды әлі де сараптау керектігін ескертті.
Өрт сөндіруге, күл-қоқысты жинап, көше тазалауға арналған мұндай көліктер қазір Қазақстанда да шығарылады. Алайда, келушілер назарына бүгін ұсынылған мына арнайы техникалар бұрынғысынан жетілдірілген. Осылайша, Беларусь елінің өкілдері кедендік одақ аясында екіжақты байланысты күшейтпек.
Андрей Галиновский
Беларусь елінің өкілі:
- Көрмеге әкелген бұл көліктеріміз- қазіргі заманға сай жабдықталған. Бұнда тіпті жүргізушінің өзіне керемет жағдай жасалып отыр.
Біріге жұмыс жасауды оралдық кәсіпорын басшылары да құптады. Соңғы 2-3 жылда өзімізде жасалатын мұндай техниканың сапасы жоғары, дегенмен, тәжірибе алмасу артық етпейді.
Жергілікті өндірістік компания директоры:
- Біздер біріге жұмыс жүргізсек, әрине жақсы. Бұл біздің көліктеріміздің сапасы, немесе құрастырылуы жағынан артта қалды деген сөз емес. Тәжірибе алмасып, кемшін тұстарды ескереміз, жетілдіреміз. Осылайша, тапсырыстар санын арттыруға да болады.
Дегенмен, бүгін таныстырылымға ұсынылған үш арнайы көліктің облыс басшысының көңілінен шықпаған түрі бар. Өйткені, бар қызметі көше сыпырумен шектеліп, немесе қоқыс тасуға арналған көліктер тиімсіз, мұндай арнайы техника бірнеше жұмысты қатарынан атқара алатын әмбебап, жан-жақты болуы керек. Бұл - облыс әкімінің пікірі.
Бақтықожа Ізмұхамбетов
БҚО әкімі:
Мұндай техниканы біздің кәсіпорындар да шығарады. Қызмет аясы тар коммуналдық көліктерге қаражат жұмсаудың керегі не? Сондықтан, бұл көліктердің әрі көше сыпырып, су шашатын, қоқыс таситын болғаны тиімді.


Мақалаға баға берсеңіз :

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10
Жарамайды Өте жақсы

Последние новости рубрики


©2005-2010 Internews  |  info:editors@newsfactory.kz  |  О проекте
Қорытылды (сек): 0.4904 & 14 Сұрау