Технологиялар Қатысушылар Жоба туралы
Пайдаланушының аты    Пароль     
На главную
Қош келдіңіздер! «Жаңалықтар фабрикасы» - бұл Қазақстан БАҚ құралдарының өзара ақпарат алмасу жүйесі. Біз жаңалықтар жасаймыз әрі бір-бірімізден үйренеміз. Көрермен мен оқырманды қызықтырып, қайран қалдырып, көңілін көтереміз.
Бүгін
Ізденіс

Ізденіс (Google)
Салалар
   »  Ақпарат ағыны
   »  Қоғам
   »  Экономика
   »  Саясат
   »  Оқиға
   »  Мәдениет
   »  Спорт
   »  Эксклюзив
   »  Табиғат
Арнайы жобалар
   »  Атаулы күндер
   »  Сұхбат
   »  Подкаст




Rambler's Top100


Қатысушылардың сайттары





Қаралымдар: 2121    Танымдылық: Орташа рейтинг : 2.61 Қайдан 36 Дауыстар   
5 Қаңтар, 2000 11:56 ["ТДК-42" телеарнасы, Орал]

Жаңа жыл


Қазақтың төл Жаңа жылы - Наурыз! Бірақ Григориан күнтiзбесi бойынша аталынатын жаңа жылды тойлау шыны керек, санамызға сіңген. Сол әдет бойынша санаулы сағаттардан кейін тағы бір жылды тарих қонауына шығарып саламыз. Барыс қара дақтары бар жыртқыш аң, ескі жыл санаудың үшіншісі, жыл аты» дейді.

Қазақтың төл Жаңа жылы - Наурыз! Бірақ Григориан күнтiзбесi бойынша аталынатын жаңа жылды тойлау шыны керек, санамызға сіңген. Сол әдет бойынша санаулы сағаттардан кейін тағы бір жылды тарих қонауына шығарып саламыз. Барыс қара дақтары бар жыртқыш аң, ескі жыл санаудың үшіншісі, жыл аты» дейді. Бұл жылда қара дағымыз аз, ағымыз мол болды. Бас қаладағы билік өкілдері биылғы жылға осындай баға беріп отыр. Танымал тұлға Әлихан Бәйменовтің пікірі де соған саяды.



ТЕКСТ: Өткен жылға өкпе жоқ. Құрамына 56 ел кіретін Еуро-падағы Қау-іпсіздік пен Ынтымақтастық Ұйымының 11 жыл үзілістен кейін Саммитін өткізіп, төрткүл дүниенің назарын Астанаға аудардық. Белгілі саясаткер, Әлихан Бәйменов беделді ұйымның тізгінін ұстап, 11 жыл бойы болмаған басқосуын өткізуімізді биылғы ел өміріндегі ең елеулі оқи-ғаға балап отыр. Оның айтуынша, Астана саммиті арқылы әлем Қазақстанды таныды, ал қазақстандықтар болса, әлемде осындай ұйымның барын естіп білді.

СНХ: ӘЛИХАН БӘЙМЕНОВ

- СНХ: Сөзсіз қоғамдық санаға әсері, қоғамдағы орны жөнінен біздің ЕҚЫҰна төрағалық ету тарихи оқиға болды. Әлем қазақстанды таныды, қазақстандықтар әлемде осындай ұйым барын естіп білді. Бұрын Кеңес Одағы дәуірінде бұншама мемлекет басшылары жиналмайтын олар тек бас хатшы қайтыс болғанда жиналатын. Сол себептен төрағалық пен саммит сөзсіз тарихи оқиға. Осының арқасында жалпы Қазақстанда осы ұйымға деген қоғамдық пікірде оң көзқарас қалыптасқаны келешекте оң әсері бар құбылыс. Менің ойымша біраз қазақтандықтар жалпы біздің осы ұйымға мүше екенімізді биыл бірінші рет білген шығар.

ТЕКСТ: Еліміз биыл көптен бері көтерілген Кедендік одаққа да енді. Мұны Әлихан Бәйменов елеулі екінші оқиға деді. Доңыз жылы туған танымал тұлғаның отбасына да барыс жылы табысты болыпты. Тұла бойы тұңғышы Құралай биыл жоғары оқу орнының студенті атанды. Анау мынау емес, білім қуып, ағылшын еліне аттанды.

СНХ: ӘЛИХАН БӘЙМЕНОВ
- Менің өмірімде былтырғы жылдың басты оқиға тұңғышым Құралайдың өзі талаптанып, Ағылшын елінде университетке түсті. Басқару менеджменті факультетіне

ТЕКСТ: Мәжіліс депутаты Төлеген Мұхаметжанов та барыс жылындағы басты оқиға Еуро-падағы қауіпсіздік пен Ынтымақтастық ұйымының Астана саммиті деп отыр. Оның айтуынша, стан деп бітетін басқа көршілермен салыстырғанда көш ілгері елімізге, жақсы жарнама жасалды.

СНХ:ТӨЛЕГЕН МҰХАМЕТЖАНОВ, ҚР ПАРЛАМЕНТ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ

-Барысты біздің халық өзіне символ ретінде алып отырғаннан кейін өте жемісті болды. Ең бастысы биылғы жылы өткен ОБСЕ саммиті. Біздің елге, халыққа үлкен жақсы позитивтік имидж берді. Бүкіл дүние жүзі Қазақстанның басқа стандардан ерекшелігі, өзгешелігі бар екенін көрді.

ТЕКСТ: Барыс жылы жасалған басты жұмыс үдемелі индустриалды инновациялық бағдарламасы. Төлеген Мұхаметжанов осылай дейді. Расында да, ел еңсесін тіктейді деген, үкіметтің үкілі үміті- бес жылға арналған бас жоспардың биыл бірінші жылы. Ал, Әлеуметтің әл ауқатына міндетті Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Гүлшара Әбдіқалықова барыс жылы қиын болғанын мойындап отыр. Бірақ, алға қойған міндеттерді орындадық,-дейді министр.

СНХ: ГҮЛШАРА ӘБДІҚАЛЫҚОВА ҚР ЕҢБЕК ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ МИНИСТРІ

- Жол картасын бітірдік, 100 пайызға. Әлеуметтік төлемдер уақытылы төленді, көтерулер болды жақсы.

ТЕКСТ: Тарихқа айналғалы отырған барыс жылы өзге де оқиғаларға толы болды. Ең бастысы ел тыныш. Соған тәубе делік. Ал, есікті қағып тұрған қоян «қоян жылы» қазақ үшін «жұт жылы» саналған. Бірақ, білетіндер бірауыздан егін бітік шығып, қамба толады,-деп болжап отыр. Тыныштықты сүйетін әрі айналасына залалы жоқ. жануар болғандықтан жыл бойы бейбітшілік салтанат құрады деген сенім бар. Бар болғаны 10 жыл өмір сүретін қоян - өсімтал, Бір жылда 4-5 рет көжектейді тіпті әр туғанда 10-ға дейін көжек туады екен. Қазақ қоянды ор қоян, құм қоян, ақ қоян деп бөледі. Кезек ақ қоянда. Бұл жылы біз Ақ Азиаданы өткіземіз. Ислам конференциясының тізгініп ұстап, Тәуелсіздіктің 20 жылдығын тойлаймыз!

З,М, Ғ.О. ТДК-42 телеарнасы Астанадан


Түпнұсқа

» 31 Желтоқсан, 2010 09:48 Ж/Астана елка / "ТДК-42" телеарнасы, Орал

Мақалаға баға берсеңіз :

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10
Жарамайды Өте жақсы

Последние новости рубрики


©2005-2010 Internews  |  info:editors@newsfactory.kz  |  О проекте
Қорытылды (сек): 1.6864 & 15 Сұрау