Технологиялар Қатысушылар Жоба туралы
Пайдаланушының аты    Пароль     
На главную
Қош келдіңіздер! «Жаңалықтар фабрикасы» - бұл Қазақстан БАҚ құралдарының өзара ақпарат алмасу жүйесі. Біз жаңалықтар жасаймыз әрі бір-бірімізден үйренеміз. Көрермен мен оқырманды қызықтырып, қайран қалдырып, көңілін көтереміз.
Бүгін
Ізденіс

Ізденіс (Google)
Салалар
   »  Ақпарат ағыны
   »  Қоғам
   »  Экономика
   »  Саясат
   »  Оқиға
   »  Мәдениет
   »  Спорт
   »  Эксклюзив
   »  Табиғат
Арнайы жобалар
   »  Атаулы күндер
   »  Сұхбат
   »  Подкаст




Rambler's Top100


Қатысушылардың сайттары





Қаралымдар: 200    Танымдылық: Орташа рейтинг : 1.00 Қайдан 2 Дауыстар   
13 Қыркүйек, 2011 14:19 ["ТДК-42" телеарнасы, Орал]

Үкімет 2012-2014 жылдары инфляция деңгейін 6-8 пайыз дәлізінде ұстайтынына сенімді


Бұл жайында бүгін Парламент Мәжілісінде өткен 2012-2014 жылдарға арналған республикалық бюджет параметрлерін қалыптастыру тұсау кесерінде экономикалық даму және сауда министрі Қайрат Келімбетов мәлімдеді.

Алдағы жылдарға арналған бюджет жоспары жайында Астаналық тілшіміз Әселім Әбілдинова баяндайды.

2012-2014 жылдарға арналған республикалық бюжет жобасындағы жоспарлармен депутаттарды қаржы министрі мен экономикалық даму және сауда министрі таныстырды. Алдағы 2012 жылы мұнайға деген бағаның болжамды деңгейі 80 доллар баррельді құраса, 13-16 жылдары 70 доллар деңгейінде болмақ. Бұл қазақстан Үкіметінің болжамы. Осылайша Үкімет инфляция деңгейін алдағы 2012-14 жылдары 6-8 пайызда ұстап тұруды мақсат етуде. Алайда бұл болжам депутаттардың күмәнін тудырыып отыр. Халық қалаулылары мұнай мен азық-түлікке баға шарықтап жатқанда, инфляцияны осы деңгейде ұстау мүмкін бе деген сауалдарын жеткізді. Бірақ ...

ҚАЙРАТ КЕЛІМБЕТОВ ҚР ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУ ЖӘНЕ САУДА МИНИСТРІ
- Инфляция деңгейін алдағы жылдары 6-8 пайызда ұстау, ол-біздің амбициялық жоспарымыз. Біз оған сенімдіміз. Әрине баға ауытқушылығы бар. Азық-түлік, мұнай қымбаттап жатыр қазір. Бірақ жауапты органдар мен Ұлттық банк біріге отырып, инфляцияның өсуіне жол бермейміз.

Алдағы 2012-14 жылдарға арналған бюджет шығыстары индустьрияландыру бағдарламасына, әлеуметтік саланы жаңғырту, халықтың тұрмыс деңгейін жақсарту сияқты бағыттарға арналған. Соның ішінде әлеуметтік қамсыздандыру және көмекке алдағы 3 жылға 4 трл 038 млрд теңге қарастырлып отыр. Ендігі 2012 жылы оның 1 трл 209 млрд теңгесі әлеуметтік яғни білім, мәдениет, денсаулық салаларына жұмсалмақ. Келесі жылы зейнетақы 9 пайызға ал жәрдемақы 7 пайызға өспек. Ал жұмыспен қамту 2020 бағдарламасы бойынша 2012-14 жылдарға 194,1 млрд теңге жоспарланған. Ал 2012 жылы 50 млрдтан астам қаржы жұмыспен қамтуға қарастырылған. Бірақ бұл көрсеткіш депутаттардың көңілін жұбатпады.

ҚҰТТЫҚОЖА ЫДЫРЫСОВ ҚР ПАРЛАМЕНТ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ
- Бұл күманға жауап берген қаржы министрі Болат Жәмішев, егер жұмыспен қамту 2020 бағдарламасы өз тиімділігін көрсете алса, оған бөлінетін қаржы көлемін қайта қарастыратын боламыз деп қысқа қайтарды.

Жалпы алғанда 2012-14 жылдарағ аранлған бюджет жобасы төңірегінде депутаттарды алаңдатқан мәселелер-балабақша санынкөбейту, ауыз сумен қамтуға бюджет шығын көбейту және инфляция деңгейінің 6-8 пайыздан аспайтынына көз жеткізу, сондай-ақ ұлттық компаниялардан түсіп жатқан салық көлемін білу болды. Бұл мәселелердің барлығы аталмыш жобаны жұмыс тобында қарау барысында назарға алынатын болып шешілді.
Әселім Әбілдинова, Ғанизат Оспанов ТДК-42 Астанадан


Мақалаға баға берсеңіз :

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10
Жарамайды Өте жақсы

Последние новости рубрики


©2005-2010 Internews  |  info:editors@newsfactory.kz  |  О проекте
Қорытылды (сек): 0.6026 & 14 Сұрау