|
|
Бүгін
05.01 (11:56) Жаңа жыл
23.02 (11:41) "Атамекен Одағы" ұлттық экономикалық палатасының съезі басталды 23.02 (11:38) «Жоғарғы оқу орнының үздік оқытушысы-2011» мемлекеттік гранты 23.02 (08:08) 23 ақпан 21.02 (11:22) Ұрлық түбі қорлық 21.02 (11:20) «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының бір жылдық қортындысы |
|
Қазақта жер көп бірақ халыққа беретін телім жоқСоның бірі, жер теліміне қатысты. Бүгінде елімізде бір миллион екі жүз мың адам телім кезегіне телміріп отыр екен. Тізімге қосылғысы келіп телпеңдеп жүргендер де көп. Осының бәрін тізген шенділердің аузынан бір жылы лебіз шығы ма деп үміттеніп қалып едік, алдандық. Жер агенттігі сөз соңын Жоққа апарып тіреді. ҚАНАЛБЕК РАЙЫМБЕКОВ ЖЕР РЕСУРСТАРЫ ЖӨНІНДЕГІ АГЕНТТІК ТӨРАҒАСЫ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ - Қалалар мен облыс орталықтары маңында жеке тұрғын үй салатын бос жер жоқ. Бөлінген орында инфрақұрылым жоқ. Бас жоспарға бекітілмеген соң қала маңындағы жер телімдері берілмейді. Ал, бас жоспарға бекіп, берілуге шешімі шыққан жерге инфрақұрлым жүргузуге қаржы жоқ. Халыққты қажытқан тақырыпты қозғап алып, «Жоқтың» жоғын жоқтаған қызметкерлеріне Кәрім Мәсімов жеки қоймады. Әңгіме ауанын әп сәтте Денсаулық сақтау министріне бұрып жіберді де сұрақты қарша боратты. Мәсімов министрліктің тұрғындардан тағы тиын жинамақ болып жатқан тірлігі төңірегін түртпектеді. Салидат Каирбекова ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРІ - «Салауатты Қазақстан» бағдарламасында ақылы қызметтер қарастырылған. Оның жолдары қазір талқыланып жатыр. БіраҚ, ондағы әңгіме жедел жәрдемге қатысты емес. Бұл қызмет бұрынғыдай тегін болып қала бермек. КӘРІМ МӘСІМОВ ҮКІМЕТ БАСШЫСЫ - Скорый всегда будеть бесплатный! Халық жаппай қарсы шыққан жедел жәрдем мәселесін өзі жеделдетіп шешіп тастағандай болған Премьер-министр жыл басында қызыл судың астында қалған Батыстықтарға сапалы баспана салынғанын астын сыза айтты. Сондай-ақ Үкіметтің есебі бойынша жұртты жұмыспен қамту да асқан қарқынмен жүріп жатыр екен. Тек жанармай жырына келгенде жиналғандар тағы мүдіріп қалды. Өйткені келер жылы бағаны тұрақты ұстап тұру қолдарынан келмейтін сынды. Жоғарыдағы Жоқ, бал аша алмаймызға ұласты. САУАТ МЫҢБАЕВ МҰНАЙ ЖӘНЕ ГАЗ МИНИСТРІ - Алдағы жылдың бағасын қазір айту мүмкін емес. Өйткені, баға қаңтар айына желтоқсанда бекітіледі. Қазір айту қиын, өзгереді, өзгермейді деген прогноз жоқ. Сарапшылар, жаңа жыл басталған сәттен бірыңғай кедендік баға орнап, жанар жағармайдың қымбаттайтынын ерінбей айтуда. Бұл Ресейге ергендегі жеткен жетістігіміз. Мұнай және газ министрі бұндай сөзді қайдан айта алсын. Оның үстіне, «келер жылы дағдарыс болады деп қызметтерінен безе жөнелген мәжілістің тірлігі де экономикалық ауыртпалық төнгенін анық көрсеткендей. Демек белдікті мықтап тартайық. Р.С. Б.Қ. Последние новости рубрики
23.02 (11:41) "Атамекен Одағы" ұлттық экономикалық палатасының съезі басталды
13.12 (11:34) Қазақстан пен Литва арасындағы ынтымақтастық 12.12 (12:22) Алматы метросы - жылдың ең үздік жобасы. 08.12 (10:37) Елордада елміздегі ең үздік тауар көрме-байқауы басталды 21.11 (12:11) Самұрық Қазына қоры 2012 жылғы сатып алу науқанын бастады 11.10 (09:26) Биыл ел диқандары 25 млн тоннаға астық жинауды болжап отыр 05.10 (14:07) "Казэнерджи" Еуразиялық форумы |
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||