Технологиялар Қатысушылар Жоба туралы
Пайдаланушының аты    Пароль     
На главную
Қош келдіңіздер! «Жаңалықтар фабрикасы» - бұл Қазақстан БАҚ құралдарының өзара ақпарат алмасу жүйесі. Біз жаңалықтар жасаймыз әрі бір-бірімізден үйренеміз. Көрермен мен оқырманды қызықтырып, қайран қалдырып, көңілін көтереміз.
Бүгін
Ізденіс

Ізденіс (Google)
Салалар
   »  Ақпарат ағыны
   »  Қоғам
   »  Экономика
   »  Саясат
   »  Оқиға
   »  Мәдениет
   »  Спорт
   »  Эксклюзив
   »  Табиғат
Арнайы жобалар
   »  Атаулы күндер
   »  Сұхбат
   »  Подкаст




Rambler's Top100


Қатысушылардың сайттары





Қаралымдар: 40    Танымдылық: Орташа рейтинг : 3.67 Қайдан 3 Дауыстар   
24 Қаңтар, 2012 15:49 ["Алматы" телеарнасы, Алматы]

Тұрғын үй бағасы


Соңғы кездері жылжымайтын мүлік нарығындағы баға тұрақтанған сияқты. Қазір Алматыда тұрғын үйдің шаршы метрі шамамен 1400 доллар шамасында. Бұның өзі сатушыға тиімді ал алушыға ауыр тиіп тұр. Десекте банк саласы мамандары алдағы уақытта үй құны өсе түседі дейді.

МӘУЛЕН ӨТЕҒҰЛОВ - «ҚАЗАҚСТАННЫҢ ТҰРҒЫН ҮЙ ҚҰРЫЛЫС ЖИНАҚ БАНКІ» АҚ БАСҚАРМА ТӨРАЙЫМЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ
- Биылдан бастап баспана бағасы еліміздің барлық облыстарында қымбаттайды. Олар экономиканың өсуі мен мұнай бағасының жоғарылауы, халықтың тұрмысының жақсаруы, сондай-ақ тұрғын үй құрылысының азаюы бағаның қымбаттауына әкеледі. Салдарынан 5-7 пайызға қымбаттайды.

Мұнай қымбаттайтыны шын болса да онымен бірге халық ахуалы көтеріле қояды дегенге сену қиын. Оның үстіне Үкімет дағдарыстың екінші толқыны келеді деп жариялады. Бірінші кезеңде Тұрғын үйдің жасанды бағасы күйреп, екінші деңгейлі банктердің елді иппотека арқылы қанап жатқаны әшкере болып қалған. Көзі ашылған жұрт үй алудан үрке жөнелгендіктен құрылыс та тұралап, 150 мың долларға ұшып кеткен екі бөлмелі пәтерлер үш есе арзандап сала берген. Содан беріде баға біресе 5-10 пайызға өсіп біресе кері кетіп толқып тұр. Ал, биыл қымбаттайды дегенге қарсы дәйек жетерлік.

ЕРМЕК МҮСІРЕПОВ - ҚАЗАҚСТАН ЖЫЛЖЫМАЙТЫН МҮЛІК ФЕДЕРАЦИЯСЫ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ ПРЕЗИДЕНТІ
- Биыл да, алдағы жылы да тұрғын үй бағасында шарықтау сезілмейді. Алаңдаудың қажеті жоқ. Яғни осының алдындағыдай шарықтап кеткен бағалар алысқа кетті. Үй керісінше арзандап жатыр. Негізінде былтырғы баға сақталады.

Сарапшылар қымбаттайды деген сөз шықты деп қарызданып, қымбатқа ұрынып жүрмеңіздер. Бәрін алдын ала екшеп алған жөн. Дағдарыстың кезекті толқыны күшті болса үй бұдан да құлдырауы мүмкін деп кеңес береді!


Мақалаға баға берсеңіз :

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10
Жарамайды Өте жақсы

Последние новости рубрики


©2005-2010 Internews  |  info:editors@newsfactory.kz  |  О проекте
Қорытылды (сек): 0.4821 & 14 Сұрау